Date of publication: 28.07.2017 10:35
Date of changing: 04.11.2020 18:54

«Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» Акциясына қатыс!



«Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал» акциясы 12 мамыр мен 1 желтоқсан аралығында өтеді. Оның қатысушысы болу үшін, "Wipon" тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өз сатып алуларының фискалдық түбіртектерін қосымшаға енгізе бастаңыз. Қосымшаны App Store және Play Market-тен таба аласыз.
Чекті жібергеннен кейін қатысушы чектің жалпы сомасынан 1% - дан 20% ға дейінгі сомада ұялы телефон теңгеріміне ақшалай қаражатты ұтып
алуға, сондай – ақ жыл соңында Бас жүлде – 1 000 000 теңге ұтыс ойынына қатысуға мүмкіндігі бар.
Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық түбіртек және т.б.) бар фискалдық түбіртектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі.
Демек, түбіртектер көп жіберілген сайын, қатысушылар бір миллион ұтып алу мүмкіндігіне болады ие! Барлығына сәттілік тілейміз.

 

"Азаматтық бақылау – Чекті талап ет!" пилоттық жоба жалғасуда



Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бақылау – касса машиналарының фискалдық чектерін бермеу және банк карталарын қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау бойынша "Азаматтық бақылау-Чекті талап ет!" пилоттық жобасын жүргізудің жалғасуы туралы, Пилоттық жобаны жүргізу кезеңі 2020 жылғы 12 мамырдан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін хабарлайды.
Аталған акция азаматтық белсенділікті арттыруға, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүддлерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелуге, көленкелі экономика мөлшерін қысқартуға, өкілдер арасында адал бәсәкелестікті ынталандыруға бағытталған.
"Азаматтық бақылау – Чекті талап ет!" акциясы бақылау – касса машиналарының фискалдық чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша чек талап ету. Оған кез келген тұлға қатыса алады.
Онлайн-БКМ чегін бермеу фактісі расталған жағдайда, бейнематериал мен объектінің орналсқан жерін көрсете отырып, шағымды жіберуге болады, тегін “Wipon” қосымшасының құралдары арқылы фискалдық чекті бермеу фактісі туралы хабарлауга болады. Фискалдық чекті бермеу фактісі расталған жағдайда азамат телефон балансына сыйақы (1000 теңге) ала алады.
Біз Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын азаматтық ұстанымымызды білдіруге, заңды бұзуға мүлдем төзбеушілік танытуға және «Қоғамдық бақылау – чек талап ет!» акциясына белсенді қатысуға шақырамыз.

 

БКМ фискалдық чегін бермегені туралы хабарлаған жағдайда cыйақы төленеді

«Қоғамдық бақылау – чек талап ет» акциясы басталды, БКМ фискалдық чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша.

Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына кез-келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында қаралады.

App Store немесе Play market-тен «Wipon» мобилді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады. Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы алуға болады.

Біз Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын азаматтық ұстанымымызды білдіруге, заңды бұзуға мүлдем төзбеушілік танытуға және «Қоғамдық бақылау – чек талап ет» акциясына белсенді қатысуға шақырамыз.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

 

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды! Жіберілген чек үшін ұялы телефон балансын толтыруға болады!

 

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы а.ж. 12-мамырынан бастап іске қосылғанын назарларыңызға ұсынады. Акция жыл соңына дейін жалғасады.

Оның негізгі мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады. 

Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар (жұмыстар және қызметтер) үшін чекті мобильді қосымша (Wipon тегін қосымшасы) арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.

            Барлық тұрғындарды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

 

Чек талап етеді – өз елінің патриоты бол!

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау, салық  төлеушілердің бақылау – кассалық тәртіпті сақтауы мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу мақсатында қостанайлықтарды азаматтық белсенділік танытуға шақырады. Әр сатып алу кезінде чек талап етіңіз және елінің патриоты болыңыздар.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы