Date of publication: 01.08.2017 16:21
Date of changing: 01.08.2017 16:25

Міндетті медициналық сақтандыру қоры.

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 16 қарашадағы 405-V «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» (ары қарай - Заң) заңына сәйкес келесіні хабарлайды.

Аударымдар мен жұмыс берушінің жарналарын, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіпқой медиаторлар мен азаматтық-құқықтық сипаттағы табыстар алатын жеке тұлғалар бойынша  бастапқы Қор 2017 жылдың 1 шілде айынан бастап жүзеге асырылып келеді.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалар төлеушілер болып табылады.

Жарналарды төлеушілер:  мемлекет; әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;  дара кәсіпкерлер; жекеше нотариустар; жеке сот орындаушылары;  адвокаттар; кәсіби медиаторлар; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);  басқа да тұлғалар, соның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандарды немесе әрекетсіз деп танылғандарды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында; заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен азаматтарды және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтар) болып табылады.

 Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар мен оралмандарды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды.

Жұмыскерлердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды жұмыс берушілер жұмыскерлердің кірістері есебінен жүзеге асырады.

Жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерден жарналарды есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері  осындай жеке тұлғалардың кірістері есебінен жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың және өзге де төлеушілердің жарналарын есептеуді және аударуды олардың өздері не олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.

Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары мынадай адамдар (26-бап):

      1) балалар;

      2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

      3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

      4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

      5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

      6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

      7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

      9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

      10) жұмыс істемейтін оралмандар;

      11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

      12) мүгедектер;

      13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

      14) оқу аяқталған айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуын аяқтаған адамдар үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.

Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары:

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,75 пайызы;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4 пайызы;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің кемінде 4 пайызы, бірақ 5 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді.

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы орташа айлық жалақы мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

 

Жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдары:

 2017 жылғы 1 шілдеден бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;

 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 пайызы;

 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;

 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

 

Жұмыс берушілер:

      1) осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 5), 7), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген адамдар (балалар; бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;  зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;  "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар; мүгедектер; орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдаР)

      2) әскери қызметшілер;

      3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

      4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін аударымдар төлеуден босатылады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар (28-бап)

Жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:

- 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;

- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың жарналары:

- 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жұмысынан айырылған жағдайда төленетін

- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жұмысынан айырылған жағдайда төленетін тағайындалған әлеуметтік төлем сомасының 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналары 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың, сондай-ақ өзге де төлеушілердің жарналары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

     Жұмыскерлердің, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың есептелген кірістері олардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жекеше нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды, кәсіби медиаторларды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының екі еселенген ең төмен мөлшері дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың, сондай-ақ өзге де төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

Қорға жарналар төлеуден мыналар:

      1) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер алушыларды қоспағанда, осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар;

      2) әскери қызметшілер;

      3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

      4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері босатылады.

 

Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістер (29-бап)

  1. жұмыс берушілер есепке жазған кірістер жұмыскерлердің аударымдар мен жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістері болып табылады.
  2. азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша барлық есепке жазылған кірістер аталған шарттар бойынша жеке тұлғаның кірістері болып табылады.
  3. Аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы объект республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының он бес еселенген ең төмен мөлшерінен аспауға тиіс.

      Жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жеке тұлғаның кірістерінің барлық түрінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының он бес еселенген ең төмен мөлшерінен аспауға тиіс.

      Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының он бес еселенген ең төмен мөлшеріне тең, жұмыскердің кіріс сомасынан жарналарды төлеу кезінде жеке тұлғаның басқа табысынан жарналар төлеу осындай жарналар төлеуді растайтын құжаттар болған кезде талап етілмейді.

      Салық органы берген, алынған кірістердің, есептелген және төленген жарналардың сомалары туралы анықтама осындай құжат болып табылады.

      Егер күнтізбелік ай үшін аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын жалақының ең төмен мөлшерінен аз болған жағдайда,жарналар жалақының ең төмен мөлшері негізге алына отырып есептеледі және аударылады.

 

Жұмыскерлердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады (30 бап).

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.

     Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

 

Есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды қордың шотына Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк:

1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар – кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

3) арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде, 2018 жылдың 1 қаңтарынан -  кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

4) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде, 2018 жылдың 1 қаңтарынан -  кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

5) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;

6) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтар, сондай-ақ өзге де төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады.

Банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн – қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні, төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күні қолма-қол ақша нысанында жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні болып есептеледі.

Төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы аудармағаны үшін жауаптылығы:

1. Аударымдардың және (немесе) жарналардың уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және оларды төлеуші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әр күн үшін (қорға төлеген күнді қоса алғанда) есептелген өсімпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиіс.

2. Аударымдар және (немесе) жарналар толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары жиналып қалған берешек шегіндегі ақшаны төлеушінің банктік шоттарынан өндіріп алуға құқылы.

Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен төлеушіге хабарлама жіберіле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

Егер аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспаса, мұндай хабарлама жіберілмейді.

Төлеуші аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органына ұсынуға міндетті.

Төлеушіге қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шоттарда ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда, банк төлеушінің ақшасын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен алып қоюды жүргізеді.

Төлеушінің банктік шоттарында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада қойған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің банктік шоттарынан шетел валютасында жүргізіледі.

3. Хабарлама тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң төлеуші аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі бар төлеуші жұмыскерлердің тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, мемлекетті қоспағанда, төлеушілердің банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға және аударымдарды және (немесе) жарналарды аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

Мемлекеттік кіріс органдарының банктік шоттар мен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы банктік шоттар мен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

 

Камералдық бақылау басқармасы