Date of publication: 20.09.2017 12:26
Date of changing: 20.09.2017 12:27

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 05.07.2017 жылғы №418 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі - Бұйрық) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 27.04.2005 жылғы №284 ҚР Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Өзгерістер көптеген тармақтарды қамтыды, осы орайда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасы ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарындағы өзгерістермен танысуды ұсынамыз.

Атап айтқанда, «кедендік баждар, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік қызметінің стандартына қатысты:

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұнда өзгерді:

«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі – қызмет беруші)»;

9-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«9. Қызмет алушының қызмет берушіге жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі»:

  1. мемлекеттік қызметтің осы стандартына қосымша нысан бойынша өтініш;
  2. таңдалған кедендік баждар, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсіліне байланысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді растайтын келесі құжаттарың біреуі:

мемлекеттік кірістер органының ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшаны аудару туралы төлем құжатының көшірмесі;

төлеуші және мемлекеттік кірістер органы арасындағы мүлік кепілдігінің келісім-шарты және мүлік кепілінің  нарықтық құны туралы бағалаушының есебі;

кепілгер банк және төлеуші арасындағы жасалған банктің кепіл келісімі;

кепілгерлік шарты;

сақтандыру шарты.

Қызмет алушының құжаттарды қабылдауының растамасы құжаттар пакетін қабылдаған тұлғаның  аты-жөні, қолы, күні, уақытынан тұратын өтініштің көшірмесіндегі белгі болып табылады.

Қызмет алушының ақпараттық жүйеден алынатын құжаттарды талап етуіне рұқсат берілмейді.

Қызмет алушы мемлекеттік қызметтер стандарымен көзделген  тізімге сәйкес толық пакетін және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, өтінішті қабылдаудан бас тартылады.

Өзгерістердің толық тізімін алу үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасына  Қостанай қаласы, Майлин көшесі, 2-үй, 53-56-13 телефон нөмірі арқылы жүгінуге болады.

 

Тарифтік реттеу және

пост-кедендік бақылау басқармасы