Date of publication: 07.12.2017 15:00
Date of changing: 07.12.2017 15:01

Қостанай облысы бойынша мемелекеттік кірістер департаменті, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99–IV Қазақстан Республикаксының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 26 бабына сәйкес салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды табыс етуге міндетті екендігін ескертеді.

Салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге асырады.

Салық төлеуші салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға тиіс.

Салық төлеущілердің назарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 272 бабының 1 тармағына сәйкес салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін ұсынбауы – ескерту жасауға әкеп соғады.

Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекетті қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – жеке тұлғаларға – он бес, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.