Date of publication: 15.03.2018 14:29
Date of changing: 15.03.2018 14:33

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабының 9-тармағына,167-бабының 8-тармағына, 170-бабының 2-тармағына, 171-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бақылау-касса машинасын тіркеу карточкасының нысаны;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес қолма-қол ақшаны есепке алу кітабының нысаны;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес тауар чегі кітабының нысаны;

5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес тауар чегінің нысаны;

6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидалары;

7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген  іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

       Қаржы министрі                                                                               Б. Сұлтанов

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы «16» ақпанындағы

№ 208 бұйрығына

1-қосымша

 

Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары
(бұдан әрі – Қағидалар)   «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін айқындайды.

2. осы Қағидалардың мақсатында салық төлеушінің жауапты адамы – салық төлеуші не салық төлеушімен еңбек қатынасында тұрған немесе сенімхат, шарт негізінде немесе өзге де заңды негізде оның атынан әрекет ететін, бақылау-касса машинасын қолдана отырып, сатып алушымен (клиентпен) ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын және оның жұмыс істеуіне жауап беретін адам.

3. Бақылау-касса машиналарын қолдану:

1) бақылау-касса машинасын есепке қоюды;

2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;

3) бақылау-касса машинасын есептен шығаруды

4) бақылау-касса машинасын пайдалануды қамтиды.

2-тарау. Бақылау-кассалық машиналарын мемлекеттік кірістер органында есепке қою

4. Салық кодексінің 166-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.

5. Осы тармақта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бақылау-касса машиналары пайдаланатын жері бойынша салық органдарында есепке қоюға жатады

Салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша мынадай:

1) стационарлық емес немесе басқа жылжымалы (мобильді) объектілер арқылы қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын;

2) банктік компьютерлік жүйелер, оның ішінде қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалдары жарақтандырылған банктік компьютерлік жүйелер болып табылатын бақылау-касса машиналарын мемлекеттік кірістер органдарында есепке қоюға жатады.

6. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде салық төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына Салық кодексінің 167-бабының
3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

7. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есепке қою кезінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы:

1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініште (бұдан әрі – Салықтық өтініш) көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;

2) таңбалау тақтайшасында көрсетілген бақылау-касса машинасының зауыттық нөмiрiн салықтық өтініште көрсетiлген бақылау-касса машинасының нөмiрiмен салыстырады;

3) қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және тауар чектерiнiң кiтабын ресiмдеудiң дұрыстығын тексередi;

4) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының фискалдық жұмыс режимін белгілейді;

5) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусына мемлекеттік кірістер органының пломбасын орнатады;

6) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын рәсімдейді;

7) тіркеу карточкасын, қолма-қол ақшаны және тауар чектерiн есепке алу кiтабын өз қолымен және оларды куәландыруға арналған мөрмен куәландырады;

8) бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілген модельдерге сәйкестігін тексереді;

9) салық төлеушіге:

фискалдық жұмыс режимі белгіленген және мемлекеттік кірістер органының пломбасы орнатылған фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын;

қолма-қол ақшаны және тауар чектерін есепке алудың куәландырылған кітаптарын;

10) салық төлеушіге бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын береді.

8. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қою кезінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы:

1) Салықтық өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;

2) таңбалау тақтайшасында көрсетілген бақылау-касса машинасының зауыттық нөмiрiн салықтық өтініште көрсетiлген бақылау-касса машинасының нөмiрiмен салыстырады;

3) тауар чектерiнiң кiтабын рәсiмдеудiң дұрыстығын тексередi;

4) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын рәсімдейді;

5) тіркеу карточкасын және тауар чектерiн есепке алу кiтабын өз қолымен және оларды куәландыруға арналған мөрмен куәландырады;

6) бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілген модельдерге сәйкестігін тексереді;

7) салық төлеушіге:

деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын;

тауар чектерін есепке алудың куәландырылған кітабын;

8) салық төлеушіге бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын береді.

Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын есепке қою кезінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы:

1) Салықтық өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;

2) аппараттық-бағдарламалық кешенге фискалдық жұмыс режимін белгілейді;

3) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын рәсімдейді;

4) тіркеу карточкасын өз қолымен және оларды куәландыруға арналған мөрмен куәландырады;

5) бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілген модельдерге сәйкестігін тексереді;

6) салық төлеушіге бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын береді.

9. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы салық төлеушіге бақылау-касса машинасын мемлекеттік кірістер органдарында есепке қою кезінде беріледі, бақылау-касса машинасының бүкіл пайдалану мерзімі бойына сақталады және салық органдарының талабы бойынша көрсетіледі.

3-тарау. Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзу

10. Салық төлеушiмен бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерде өзгерістер туындаған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына Салық кодексінің
168-бабының 1-тармағында көрсетілген кұжаттар табыс етіледі.

Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы салықтық өтiнiшті қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде, салық төлеуші атауы және (немесе)  бақылау-касса машинасының қолдану орны бөлігінде өзгерістер еңгізілген бақылау-касса машинасының өзгертілген тiркеу деректерi бар тiркеу карточкасын рәсiмдейдi және салық төлеушiге бередi.

4-тарау. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару

11. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы:

1) фискалдық есепті алады;

2) камералдық бақылау жасайды және қолма-қол ақша есебi кiтабының деректерін фискалдық есеп көрсеткіштерімен және тауар чектерi кiтабының деректерімен салыстырып тексеру жүргізеді;

3) қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының жабылғаны туралы жазба жүргізеді;

4) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусынан мемлекеттік кірістер органының пломбасын алып тастауды жүргiзедi;

5) салық төлеушіге:

         бақылау-касса машинасын;

         қолма-қол ақша есебiнің кiтабы мен тауар чектерi кiтабын;

     бақылау-касса машинасының есептен шығарылғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.

12. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы:

          1) фискалдық есепті алады;

          2) тауар чектерi кiтабының жабылғаны туралы жазба жүргізеді;

          3) салық төлеушіге:

          бақылау-касса машинасын;

          тауар чектерi кiтабын;

      бақылау-касса машинасының есептен шығарылғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.

13. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы фискалдық есепті алады және салық төлеушіге
бақылау-касса машинасын есептен шығарғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.

5-тарау. Фискалдық есепті алу

         14. Фискалдық есепті мемлекеттік кірістер органдары мынадай:

         1) салықтық тексерулер жүргізілген;

          2) фискалдық жадының блогын ауыстырған;

          3) бақылау-касса машинасы есептен шығарылған;

       4) фискалды жадыға кіру паролін енгізуді талап ететін бақылау-касса машинасын жөндеу жүзеге асырылған;

          5) қолма-қол ақша есебiнің кiтабы толығымен толтырылған;

          6) қолма-қол ақша есебiнің кiтабы жоғалған (бүлінген) жағдайларда алады.

       15. Осы қағидалардың 14-тармағының 1)-тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, фискалдық есепті алу үшін мемлекеттік кірістер органына бақылау-касса машинасы және мынадай құжаттар:

          1) нөмірленген, тігілген, мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы өз қолымен және оларды куәландыруға арналған  мөрімен расталған қолма-қол ақша есебiнің және тауар чектерiнің кiтаптары;

           2) соңғы фискалдық есеп алынған күннен бастап ауысымдық есептер табыс етіледі.

         Фискалдық есепті алу кезінде деректері мемлекеттік кірістер  органдарының ақпараттық жүйесіне енгізілуге жататын фискалдық есепті алу актісі жасалады.

6-тарау. Бақылау-касса машинасын пайдалану

         16. Салық төлеушiнiң жауапты тұлғасы бақылау-касса машинасын пайдаланған кезде:

1) бақылау-касса машинасын пайдалану бойынша нұсқауға сәйкес ақшалай есеп айырысу туралы ақпаратты енгізуді жүзеге асырады;

2) электр энергиясы болмаған немесе бақылау-касса машинасында ақаулар болған жағдайда тауарлық чек толтырады және береді;

3) фискалдық деректердің операторы ұсынатын телекоммуникациялар желісі уақытша болмаған жағдайда, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының автономды жұмыс режимін пайдаланады;

4) қолма-қол ақша есебiнің кiтабын толтырады;

5) ауысым аяқталған кезде бақылау-касса машинасының моделін дайындаушының техникалық талаптарына сәйкес ауысымдық есепті алу
(Z-есеп) жолымен «ауысым соңы» рәсiмiн орындайды.

Ауысымдық есептер, қолма-қол ақша есебі және тауарлық чектер кiтаптары, сондай-ақ олар бойынша жою және қайтару операциялары жүргізілген жою, қайтару чектері мен бақылау чектерін салық төлеуші оларға мөр қойылған немесе толық толтырылған күнінен бастап бес жыл бойы сақталады.

Бақылау-касса машиналары үшін ауысым кезеңі жиырма төрт сағаттан аспауға тиіс.

17. Қате енгізілген соманы жою немесе ақшалай есеп айырысуларды қайтару операциялары бақылау-касса машинасының моделін жасаушының техникалық талаптарына сәйкес:

деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасы бақылау чегінің түпнұсқасы және қолма-қол ақша есебі кiтабында жүргізілген жазба болған кезде;

деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы бақылау чегінің түпнұсқасы немесе фискалды деректер операторының сайтынан басып шығарылған бақылау чегінің қосымша сатушы (өндірішу, жасаушы), сатып алу күні, тауар (жұмыс, қызмет) атауы, бағасы туралы ақпрат бар басқа құжатты ұсынған кезде жүргізіледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері заңмен белгіленген тәртіпте автоматтандырылған әдіспен рәсімделген және қолданылмаған      темір жол автобус, әуе билеттері бойынша ақшалай есеп айырысуларды қайтару операцияларына таратылмайды. 

18. Қолма-қол ақша есебi кітабының деректері тиісті күнге ауысым есептерінің көрсеткіштеріне сәйкес келуге тиіс.

19. Төлем карточкалары пайдаланылған кездегі төлемдер сомалары ескерілген кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есептің көрсеткіштері фискалдық есепті алған кездегі кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты емес қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомаларына сәйкес келуге тиіс.

Осы қағидалардың 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кассаның ағымдағы жай-күйі туралы фискалдық есепті алған кезде кассадағы қолма-қол ақшаны есептеуді салық төлеуші (оның лауазымды адамы) мемлекеттік кірістер  органының тексеруші адамының қатысуымен жүргізеді.

20. Бақылау-касса машинасының мемлекеттік кірістер органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес техникалық ақауы болған жағдайда салық төлеуші ақау пайда болған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есепке қою жүргізілген мемлекеттік кірістер органына:

1) бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының нөмірін, берілген күнін және ақау болған күннің басындағы есептегіштің жиынтық көрсеткіштерін көрсете отырып, бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелердің орындалуы туралы салықтық өтінішті;

2) жөндеу жүргізу мерзімдері мен ақау себептерін негіздеп көрсете отырып, техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысын береді.

Мемлекеттік кірістер органы осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар мәліметтерін бермеген немесе толық құрамда бермеген жағдайларда пломбаның бүтіндігін бұзуға мемлекеттік кірістер органының рұқсатын беруге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттік кірістер органы салықтық өтінішті қабылдаған күні ақауды жою үшін бақылау-кассалық машина пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат беру немесе беруден бас тарту 2-қосымшаға сәйкес шешім қабылдайды.

Бақылау-кассалық машина пломбасының бүтіндігін бұзуға мемлекеттік кірістер органының рұқсатын мемлекеттік кірістер органының пломба орнатуға жауапты лауазымды адамы оны беру туралы шешім қабылдаған күні уәкілетті орган белгілеген нысанда береді.

Техникалық ақау жойылғаннан кейін фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын пломба орнату үшін мемлекеттік кірістер органына табыс ету мерзімі техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысында көрсетілген жөндеу жүргізу мерзімінен кем болмауға, бірақ пломбаның бүтіндігін бұзуға мемлекеттік кірістер  органы рұқсат берген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

21. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының техникалық қызмет көрсету орталығына жүгінбей жою мүмкін емес техникалық ақауы болған жағдайда, салық төлеуші ақау пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын тіркеуге қою жүргізілген және (немесе) оған қызмет көрсету жүргізілетін техникалық қызмет көрсету орталығына жүгінеді.

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы бойынша техникалық қызмет көрсету орталығының жөндеу жүргізу мерзімі көрсетілген ақау себептері туралы қорытындысы берілген күнінен бастап бес жыл бойы салық төлеуші сақталады.

22. Бақылау-касса машинасы мына жағдайларда, егер:

1) басып шығармаса, анық баспаса немесе Салық кодексінің 166-бабында айқындалған бақылау чегiндегі деректемелер толық басылмаса;

2) фискалдық жадынан не фискалдық деректер жинақтауышынан деректерді алуға мүмкіндік болмаса;

3) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасында мемлекеттік кірістер органының пломбасы болмаса немесе бүлінсе;

4) дайындаушы зауыттың таңбасы болмаса;

5) фискалдық деректердің операторы ұсынатын жарамды байланыс бола тұра, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан деректерді беру мүмкіндігі болмаса, техникалық ақаулы деп есептеледі.

23. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасы осы Қағидалардың 22-тармағы 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда техникалық ақаулы деп есептеледі.

24. Салық төлеушi қолма-қол ақша есебiнің кiтабы және (немесе) тауар чектерiнiң кiтабы толық толтырылған жағдайда, не олар жоғалған (бүлінген) жағдайда оларды ауыстыру (қалпына келтіру) үшін бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есепке қойған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына:

1) бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелердің орындалуы туралы салықтық өтінішті;

2) нөмiрленген, тiгілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрiмен расталған жаңа қолма-қол ақша есебiнің кiтабын және (немесе) тауар чектерiнiң кiтабын;

3) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын;

4) бақылау-касса машинасын.

Қолма-қол ақша есебiнің кiтабы толық толтырылған немесе жоғалған (бүлінген) жағдайда фискалдық есепті шығару үшін қосымша бақылау-касса машинасы беріледі.

25. Мелекеттік кірістер органдары қолма-қол ақшаны және (немесе) тауар чектерін есепке алу кітабын ауыстыруды салықтық өтініш салық органында тіркелген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Бақылау касса машиналарын  қолдану ережесіне 1-қосымша (нысан)

Бақылау касса машиналарын қолдану ережесіне 2-қосымша (нысан)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына 2-қосымша  (нысан)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына 3-қосымша  (нысан)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына 4-қосымша  (нысан)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына 5-қосымша  (нысан)

                                                                                                                                                                                         Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

201_ жылғы

«__» ____________

№ ___  бұйрығына

7-қосымша

 

 

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидалары
 

1-тарау. Жалпы ереже

1. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің
(Салық кодексі) 167-бабының 2-тармағына және 171-бабына сәйкес әзірленген.

2. Мемлекеттік кірістер органдары салықтық әкімшілендіру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыру кезінде ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының мәліметтерін пайдаланады. Бұл ретте фискалдық деректер операторы мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

1) салық төлеушілерден ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау;

2) ақшалай есеп айырысулар туралы алынған мәліметтерді өзінің электрондық тасығыштарында сақтау;

3) ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желілері бойынша жедел режимде мемлекеттік кірістер органдарына беру.

3. Фискалдық деректер операторы осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген міндеттерді мыналарды пайдаланумен жүзеге асырады:

1) ақпараттық ауқымдар ағыны үшін электрондық тасығыштарды;

2) ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жинауды қамтамасыз ету және рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғау үшін деректерді электрондық сақтау орындарын;

3) құжат айналымы кезінде қағаз тасығыштарды;

4) кері байланыс, интерактивті өзара іс-қимыл үшін интернет ресурстарын пайдалана отырып іске асырады.

4. Фискалдық деректер операторы осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген міндеттерді іскее асыру барысында салық төлеушінің тіркеу деректерін, салық құпиясын, сондай-ақ ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау және мемлекеттік кіріс органдарына беру қызметі барысында алынған салық төлеуші туралы өзге де ақпаратты жарияламау бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелерін сақтайды.

      2-тарау. Негізгі ұғымдар мен қысқартулар

       

5. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар мен қысқартулар:

1) ақшалай есеп айырысулар – тауар сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар;

2) бақылау-касса машиналары – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететiн компьютерлiк жүйелер;

3) бақылау-касса машинасын фискалдық деректер операторының бағдарламалық-аппараттық кешеніне VPN қосу – бақылау-касса машиналарын рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз ететін клиент пен сервер дұрыс сәйкестендірулері бар арнайы қорғалған байланыс арнасы бойынша фискалдық деректер операторының серверіне қосу;

4) бақылау чегі - сатушы (тауарды, жұмысты, қызметті жеткізуші) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асу фактісін растайтын бақылау-касса машинасының бастапқы есеп құжаты;

5) қызметтерді көрсету шарты – салық төлеушіге фискалдық деректер операторының қызмет көрсету талаптарын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте салық төлеуші мен фискалдық деректер операторы арасында келісім жасалғанын растайтын қағаз және/немесе электронды түрдегі құжат;

6) токен – фискалдық деректер операторының серверіне ақшалай есеп айырысулар туралы деркетерді беру кезінде бақылау-касса машиналарын сәйкестендіру және рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғау үшін фискалдық деректер операторының сервері генерациялаған сандық код;

7) уәкілетті орган – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

8) фискалдық белгі – бақылау-касса машинасының фискалдық режимде жұмыс істейтінін растау ретінде бақылау чектерінде көрсетілетін ерекшелік белгі;

9) фискалдық деректер операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға;

10) фискалдық деректер операторының порталы – мынадай міндеттерді шешу үшін қажетті фискалдық деректер операторының интернет-ресурсы, фискалдық деректер операторының бағдарламалық-аппараттық кіші жүйесі: ұйымды тіркеу, уәкілетті органда бақылау-касса машиналарын тіркеу, ұйымның пайдаланушыларын басқару, бақылау-касса машиналарымен жұмыс істеу үшін токен беру, фискалдық операцияларды, ұйымның кассалары бойынша Х және Z есептерді қарау, фискалдық белгіні немесе бақылау чегінің дербес кодын тексеру;

11) VLAN (ағыл.VirtualLocalAreaNetwork) – бұл виртуалды жергілікті желі (физикалық тұрғыда түрлі сегменттерде орналасқан, бірақ логикалық тұрғыда бір-бірімен байланысты және бір кеңтаралымды доменге біріктірілген желілік ресурстар тобы).

3-тарау. Фискалдық деректер операторының жұмысын ұйымдастыру

6. Фискалдық деректер операторының жұмысын ұйымдастыру оның міндеттерін толық көлемде орындалуына ықпал ететін мына функцияларды іске асыруды білдіреді:

1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бақылау-касса машинасын қолданумен жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу операциялары туралы мәліметтерді қабылдау, өңдеу, сақтау және мемлекеттік кірістер органдарына өзгеріссіз түрде беру үшін бағдарламалық-аппараттық кешен құру және пайдалану;

2) бақылау-касса машиналарын фискалдық деректер операторының бағдарламалық-аппараттық кешеніне VPN қосуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы
ақпараттық-телекоммуникациялық желі жұмысын қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Заңының 20-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен келісілген тарифтер бойынша бақылау-касса машиналарын фискалдық деректер операторының бағдарламалық-аппараттық кешеніне (серверіне) қосу және бақылау-касса машинасын қолданумен жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, өңдеу және сақтау қызметтерін көрсету;

4) бақылау-касса машиналарының деректерін қабылдау, сақтау және беру жүйесін әзірлеу және пайдалануға енгізу;

5) фискалдық деректер операторының қызметтерін пайдаланушылармен өзара интерактивті іс-қимыл үшін фискалдық деректер операторының порталын құруды және техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ олар үшін қосымша сервистерді әзірлеу және порталға орналастыру;

6) фискалдық деректер операторының порталы,
бағдарламалық-аппараттық кешені, ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің жұмысы мәселелері бойынша салық төлеушілердің, мемлекеттік кірістер органдарының консультациялық және техникалық қолдау қызметін мен бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету орталықтарын құру;

7) салық, мемлекеттік құпиядан және басқа да заңмен қорғалатын ақпараттан тұратын ақпараттың жариялағаны үшін фискалдық деректер операторының қызметкерлерінің жауапкершілігі мәселелері бойынша құқықтық актіні бекіту;

8) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы фискалдық деректер операторының порталында тіркелгеннен кейін, деректерді алушыдан басқа, қызметтер көрсету шарттарының негізінде фискалдық деректер операторының бақылау-касса машиналардан мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына беру тәртібі бойынша қызметтерді іске асыру;

10) фискалдық деректерді өңдеуге фискалдық деректерді (сондай ақ салық төлеуші туралы кез келген ақпаратты) өзгертуді, иесіздендіруді, бұғаттауды, өшіруді немесе жоюды қоспағанда, фискалдық деректер операторының оларды жинау, жазып алу, жүйелеу, жинақтау, өзгеріссіз түрде сақтау, шығару, пайдалану, мемлекеттік кірістер органдарына оларға қолжеткізілімді беру бойынша әрекеттері кіреді.

4-тарау. Фискалдық деректер операторының бақылау-касса машинасын тіркеу, қайта тіркеу және есептен шығару тәртібі

7. Мемлекеттік кірістер органдарында бақылау-касса машинасын тіркеуге қойған салық төлеуші фискалдық деректер операторының порталы арқылы бақылау-касса машинасын тіркеу, қайта тіркеу және есептен шығару туралы электрондық өтініш жібереді.

8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген салық төлеушінің өтінішін тіркеу алдында фискалдық деректер операторы автоматты режимде мемлекеттік кірістер органдарының деректеріне:

1) өтініште көрсетілген салық төлеушінің тіркеу деректеріне;

2) өтініште көрсетілген бақылау-касса машинасының тіркеу деректеріне сәйкестігі тұрғысында жүргізетін форматтық-логикалық бақылау жүргізіледі.

9. Уәкілетті орган мен салық төлеушіге бір мезгілде фискалдық деректер операторының форматтық-логикалық бақылау нәтижесі жіберіледі:

1) өтініште көрсетілген салық төлеушінің тіркеу деректері мемлекеттік кірістер органдарының деректеріне сәйкес келеді (келмейді);

2) салық төлеушінің өтінішінде көрсетілген бақылау-касса машинасының тіркеу деректері мемлекеттік кірістер органдарының деректеріне сәйкес келеді (келмейді).

10. Уәкілетті орган салық төлеушінің өтініші бойынша қабылданған шешім (өңдеу нәтижесі) туралы фискалдық деректер операторына хабарлайды.

11. Фискалдық деректер операторы салық төлеушінің бақылау-касса машинасын тіркеу, қайта тіркеу және есептен шығару туралы өтінішін өңдеу нәтижесін салық төлеушінің назарына жеткізеді. Бақылау-касса машинасын тіркеу кезінде оған тіркеу нөмірі беріледі.

5-тарау. Фискалдық деректер операторының бақылау-касса машинасынан мәліметтерді қабылдау тәртібі

12. Бақылау-касса машинасын қолданатын салық төлеушілер фискалдық деректер операторымен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу кезінде салық төлеуші жүзеге асыратын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау және мемлекеттік кірістер органдарына беру қызметін көрсету шартын жасасады. Қызмет көрсету шартында міндетті тәртіпте:

1) салық құпиясын құрайтын салық төлеуші туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге фискалдық деректер операторының жауапкершілігі;

2) мемлекеттік кірістер органдарынан тіркеу деректерін және салық төлеушіден ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді фискалдық деректер операторының алуына және өңдеуіне салық төлеушінің келісімі;

3) шартты бұзу тәртібі мен рәсімі көрсетілуге тиіс.

13. Ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау кезінде фискалдық деректер операторының серверінде бақылау-касса машинасы берген ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтер бар әрбір ақпарат үшін токен алу арқылы бақылау-касса машинасын сәйкестендіру жүргізіледі. Токенді құру мынадай сәйкестендіргіштерді пайдаланумен жүргізіледі:

1) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тіркеу кезінде бақылау-касса машинасына берілген мемлекеттік кірістер органындағы бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі;

2) осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес тіркеу кезінде фискалдық деректер операторы бақылау-касса машинасына берген бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі.

14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген сәйкестендіргіштер тексергеннен кейін фискалдық деректер операторы бақылау-касса машинасына бақылау-касса машинасының бақылау чегінде басып шығару үшін ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісі арқылы серверде қалыптастырылған ақшалай есеп айырысудың фискалдық белгісін жібереді. Бұл ретте фискалдық деректер операторы серверінің хабарламасында салық төлеушіге бақылау-касса машинасына мынадай деректер беріледі:

1) деректердің қабылданғаны туралы растау;

2) берілген әрбір бақылау чегінің генерацияланған фискалдық белгісі;

3) жаңартылған токен.

Фискалдық деректер операторының серверінде өңделген ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтер фискалдық деректер операторының серверіндегі фискалдық деректерді сақтау орнында бес жыл ішінде сақталады.

15. Фискалдық деректер операторының серверінде бақылау-касса машинасының бақылау чегінің фискалдық белгісін қалыптастыру
хеш-функциялар алгоритмдері мен есептеу рәсімдері қолданыла отырып,
бақылау-касса машинасынан алынған ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтер негізінде жүргізіледі.

16. Фискалдық деректер операторының серверімен байланыс үзілген жағдайда бақылау-касса машинасы дербес режимге ауысады, оның ұзақтығы бақылау-касса машинасының бекітілген техникалық талаптары мен техникалық талаптарына сәйкестік нысанына сәйкес жетпіс екі сағаттан аспауы тиіс. Бақылау-касса машинасының фискалдық деректер операторының серверімен байланыс қалпына келтірілгеннен кейін фискалдық деректер операторының сервері:

1) бақылау-касса машинасынан дербес режимде жұмыстың ұзақтығы туралы ақпараты бар хабарлама алуға;

2) бақылау-касса машинасының барлық бақылау чектерін рет-ретімен және бақылау-касса машинасының дербес режимдегі жұмысы кезінде жинақталған алынған Z-есептер туралы белгілерді қабылдауға және олардың әр қайсысына бақылау чегінің қолданыстағы фискалдық белгісімен жауап жіберуге тиіс.

17. Бақылау чегінің фискалдық белгісі немесе дербес коды фискалдық деректер операторының порталында тексеріледі.

6-тарау. Бақылау-касса машинасынан мәліметтерді сақтау тәртібі

18. Фискалдық деректер операторының серверінде салық заңнамасында белгіленген салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі ішінде мынадай мәліметтерді сақтау қамтамасыз етіледі:

1) салық төлеушінің өтінішінде көрсетілген тіркеу деректері;

2) бақылау-касса машинасының тіркеу деректері;

3) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылған әрбір ақшалай есеп айырысу туралы ақпарат;

4) әрбір бақылау-касса машинасының токенінің ағымдағы қолданыстағы мәні;

5) әрбір ақшалай есеп айырысудың фискалдық белгісі.

19. Ақпаратты сақтау оны рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғаумен байланысты іс-шараларды қамтиды, оның ішінде:

1) бағдарламалық-техникалық құралдар кешенін және оларды барлық ақпарат өңдеудің технологиялық кезеңдерінде және жұмыс істеудің барлық режимдерінде, оның ішінде жөндеу және регламенттік жұмыстарды жүргізу кезінде қолдайтын ұйымдастыру шараларын қолдану;

2) пайдаланушылар мен әкімшілердің қол жеткізу құқықтарының
ара-жігін ажырату;

3) мыналарды:

 қосымшаларды логикалық топтарға бөлуді және әр топты бөлінген виртуалды машинаға орналастыруды;

VLAN құру арқылы сыртқы желілік трафикті ішкісінен оқшаулауды;

белсенді жабдық бір қосымша құрауышпен резервке қойылатын жүйе бойынша әрбір бағдарламалық құрауышты резервке қоюды;

жүйелік және желілік инженерлерден басқа кез келген мамандардың серверлерге тікелей қолжеткізуді болдырмауды қамтитын бағдарламалық қамтамасыз ету қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар кешенін пайдалану;

дерекқорлардың тұтастығын қамтамасыз ететін шаралар кешенін пайдалану, атап айтқанда:

баснан чектер бойынша деректерді өзгертуге, жоюға және жаңартуға мүмкіндік бермейтін дерекқорларға қолжеткізу құқығын конфигурациялау;

инженерлер серверлік жабдықта жүргізген барлық операцияларды тіркейтін аудит жүйесі;

дерекқорлардың барлық көшірмелері белсенді, резервке қою артық болып кететін, виртуалды машина немесе физикалық сервер істен шыққан жағдайда, деректер аз уақыт ішінде қалпына келетін жүйе бойынша дерекқорларды резервке қою.

7-тарау. Бақылау-касса машинасынан мәліметтерді беру тәртібі

20. Бақылау-касса машинасынан мәліметтерді беру ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісінің байланыс арналары арқылы бақылау-касса машинасы – фискалдық деректер операторы – уәкілетті орган кезектілігімен жүзеге асырылады.

21. Фискалдық деректер операторының серверімен бақылау-касса машинасының және уәкілетті органның серверімен фискалдық деректер операторының ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісінің байланыс арнасы рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғалуы:

1) клиент пен сервердің дұрыс сәйкестендірілуі;

2) бағдарламалық және/немесе бағдарламалық-аппараттық ақпаратты қорғау құралдарын пайдаланылуы тиіс.

22. Фискалдық деректер операторы уәкілетті органға беретін ақпаратты қалыптастыру:

1) мерзімді негізде әрбір бақылау-касса машинасы бойынша уәкілетті органның серверіне күнделікті жинақтаушы есептерді беретін;

2) уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріне берілген деректердің синхрондылығы мен толықтығын бақылайтын деректер алмасу модулінде жүргізіледі.

23. Бақылау-касса машинасы уәкілетті орган бекіткен ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасының техникалық талаптарына және техникалық талаптарға сәйкестігі нысанына сәйкес ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді фискалдық деректер операторының серверіне береді.

24. Бақылау-касса машиналарынан алынған деректерді талдап тексеру фискалдық деректер операторының порталында жеке кабинетінде уәкілетті органның қызметкерлеріне қажеттілігіне қарай ұсынылады.

25. Уәкілетті органның бақылау өлшемдерінің модулі бақылау өлшемдеріне сәйкес уақыт аралығында уәкілетті органның серверіне келіп түскен ақпаратты талдайды және есептерді уәкілетті орган қызметкерлеріне береді.