Date of publication: 16.03.2018 17:34
Date of changing: 16.03.2018 17:39

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мынаны хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы жаңа Кодексіне сәйкес  2018 жылғы  1 қаңтардан бастап  Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы еңгізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2018 жылғы 5 наурыздағы № 336 (ҚР ӘМ 2018 жылғы 14 наурызда № 16574 тіркелген) ) бұйрығына сәйкес  лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы бюджеттік сыныптамасының коды  БСК 105434 бекітілген.

Алкоголь өнімдерінің көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуға лицензиялары  бар (яғни бұрын алғандар) субъектілерінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу міндеті пайда болатынын қосымша еске саламыз.

Бұл ретте төлемақы ставкалары мына көлемде белгіленген:

 - Алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу - 200 АЕК

 -Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметті мыналарда жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін

  • астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында  - 100 АЕК
  • басқа да қалалар мен кенттерде  - 60 АЕК
  • ауылдық елді мекендерде - 20 АЕК

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу мерзімі бөлінген.

Төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.