Date of publication: 06.04.2018 15:53
Date of changing: 06.04.2018 15:59

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін атап өтті, бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салаларға терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.

Қазақстанның стратегиялық мақсаты әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органы мемлекеттік басқару жүйесінің бөлігі ретінде көрсетілген мақсатқа жету үшін келісілген және үйлестіруші шараларды қабылдауға міндетті. Қаблыданған шараларды іске асыру кезінде басты тапсырма бизнес-қоғамдастықпен сенім және серіктестік болып табылады.

Біз мақсатқа жету индикаторларымен – Дүниежүзілік банктің бизнесі халықаралық индекстер бәсекеге қабілеттілігінің оңтайлы динамикасын (СЭФ ЖБИ, «Doing Business») және МКК клиенттерінің қанағаттанушылық көрсеткіштерін анықтаймыз.

Мемлекеттік кірістер органы – еркін халықаралық сауда және өз еркімен салық пен төлемдерді төлеу үшін жағдай жасаушы, Республиканың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, басқарудың жоғары тиімді жүйесімен клиентке бағытталған қызмет құндылықтар

1. Патриоттық - республиканың экономикалық мүдделерін қорғауды, Қазақстан азаматтарының амандығын, қауіпсіздігін және өркендеуін қамтамасыз ету.

2. Кәсіптілік - жұмыстың кәсіби дағдыларын арттыру, жаңа білімді алуға ұмтылу, заманауи ақпараттық технологияларды және жұмыстың жоғары тиімді әдістерін қолдану.

3. Адалдық- жұмысқа адал мән аудару, оны жетілдіру туралы объективті пікір, өз міндеттерін орындауда сатылмайтын және мінсіз.

4. Әділеттілігі - шешімді қабылдау кезінде тәсілдерді барлық тарапта, объективті және қасақана емес қамтамасыз ету, әрбір клиентке жоғары деңгейде мемлекеттік қызметті көрсету.

5. Әдептілік- әрбір клиентке сыйпайы және мұқият тыңдаудан көрінетін іскерлік этикасын сақтау, мінез-құлығында әдептілікті көрсету.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев жолдауындағы мақсаттардың орындалуына қолжеткізі үшін;

- кедергілерді қысқарту, сыртқы сауданы әкімшілдендіруді жақсарту және  кедендік шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолымен сауданы ынталандыру;

- салықты, алымдарды және басқада міндетті төлемдердің түсімін толықтырумен қамтамасыз ету;

-  «көлеңкелік» экономиканы азайту бойынша тиімді шараларды қабылдау;

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметімен қоғамның қанағаттануын арттыру үшін мнандай тапсырмалар қойылды:

- кедергісіз сыртқы сауда қызметі мен кедендік шекара қауіпсіздігінің қажетті деңгейі арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ету;

- бизнеске әкімшілік жүктемелерді азайтуға бағытталған салықтық, кедендік және басқа заңнамаларды ырықтандыру және оңтайландыру;

- мемлекеттік кірістер органдармен клиенттер электрондық өзара іс қимылды бірыңғай технологиялық алаңда перспективада биімдеумен қолда бар ақпараттық жүйелерді жаңғырту;

- «көлеңкелі» экономикаға қарсы күрестің алдын алу бойынша тиімді жұмыспен қамтамасыз ету, бұл ретте «көлеңкелі» бизнеске ресми кәсіпкерлердің қатысуын болдырмау жолымен;

- құқықтық және техникалық жағдай жасау жолымен клиенттерге міндеттерді өз еркімен орындауға мүмкіндік туғызатын мемлекеттік қызметті ұсыну саласын жетілдіру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылды қамтамасыз ететін мотив және бақылау жүйесін құру, кадрлық мүмкіндіктерді одан әрі дамытумен персоналдардың мәдениетін жоғарлату және қоғам үшін сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік аппарттың құрылымдарымен шешім қабылдау рәсімдерін жетілдіру;

- ынтымақтастық халықаралық институттарына және өңірлік экономикалық бірлестіктерге белсенді қатысуын қамтамасыз ету, бизнес-қоғамдастығымен ақпараттық өзара іс қимыл жасау.

 

 

Қостанай қаласы бойынша

мемлекеттік кірістер

басқармасы басшысы                                                                   С. Дөненбаев