Date of publication: 13.04.2018 18:27
Date of changing: 13.04.2018 18:29

Халықтың негізгі бөлігі салықтарды төлеуді уақытылы жүзеге асыруда. Алайда, қазіргі уақытта салық төлеуден жалтаратын салық төлеушілер де аз емес және оларға қатысты мемлекеттік кірістер басқармасымен берешекті өндіріп алу бойынша іс-әрекеттер күшейген.

Қазіргі күнде, салықты төлемегені үшін жалпы соммасы 47 197 мың теңгеге саны 1 452-ден көп материалдар сот шешімі бойынша заңдық күшке енген шешім бойынша жеке сот орындаушылардың бақылауында.

Борышкерлер және олардың мүліктерін қамауға алу бойынша кең көлемде жұмыс жалғасуда. Осы жылдың сәуір айында  көлік құралдары салығы бойынша салықтық берешекті өндіру бойынша іс-шаралар барысында, міндеттері туралы біле тұра, әдейі көлік құралдарына салықты төлемеген, Рудный қаласының тұрғыны азамат Т.А.А анықталды. Азамат Т.А.А қатысты Рудный қаласы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБК 669-бабы бойынша әкімшілік материал жасалды және оны қарау нәтижелері бойынша 1(бір) тәулікке  қамау түрінде әкімшілік жаза шарасы қабылданды. Ал, бүгінде салықтық берешекті өтеу есебіне сатуды жүзеге асыру үшін  көлік құралдары  қамауға алынды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта ҚР-ның шекарасынан шығуға тыйым салу бойынша шаралар қолдану үшін сот атқарушылардың орындауында 300-ден аса материал  бар.

Мемлекеттік кірістер қызметкерлері шетелге шықпастан алдын өзін «шетелге шығуға тыйым салынған борышкерлер тізілімін», сондай-ақ, салықтық берешегі туралы ҚР-ның мемлекеттік кірістер Комитетінің сайтында тексеруге кеңес береді. (www.kgd.gov.kz. идентификациялық номірді теру жолымен, салықтық берешектің (бар) жоғы туралы Мәлімет «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі).

Барлық меншік иелерін бірінші орында Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Салықтық заңнамасымен қарастырылған салықтық міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауға шақырады!  Заңды түрде бекітілген салықты төлеу әр бір салық төлеушінің қарызы және міндеті болып табылады.

Ал, осы Конституциялық міндеттемелердің маңыздыларының бірін орындамайтындарға, жақын болашақта салық салушылар мен сот орындаушылары келісімен емес, қатаң шаралар қолданылатын болады.