Date of publication: 17.10.2018 17:19
Date of changing: 17.10.2018 17:20

1. Жұмыс берушілер аударымдары: шегерімдерді есептеу объектісінен 1,5% - 2018 жылдың 1 қантарынан, 2% - 2020 жылдан, 3% - 2022 жылдан;

2. Жұмыскерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың жарналары: жылдан шегерімдерді есептеу объектісінен 1% - 2020 жылдан; 2% - 2021;

  • азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың жарналарының шегерімдерді есептеу объектісі табыстары болып табылады

3. Жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушылардың, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың жарналары – 2020 жылдың 1 қантарынан бастап шегерімдерді есептеу объектісінен 5% орнатылады.

  • Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жекеше нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды, кәсіби медиаторларды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының екі еселенген ең төмен мөлшері дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

 

4. Қазақстан Республикасының аумағынан шетелге шыққан азаматтарға және басқа да төлеушілерге 2020 жылдың 1 қаңтарынан шегерімдерді есептеу объектісінен 5% орнатылады.

  • Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың, сондай-ақ өзге де төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

5.  Әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар санаты үшін 2020 жылдын 1 қантарынан  4%,  (4% кем емес) және  2022 жылдың 1 қантарынан 5%-дан аса түспейтің қаржылай көмек мемлекет аударатын болады.

  1. Республикалық бюджет заңнамасына сәйкес тиісті есеп беру жылы айлық есептік шегерім онбес еселік төменгі жалақы сомасынан аспауы қажет.
  2. Республикалық бюджет заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың айлық табыстары барлық табыс көздерінен жарналар онбес еселік төменгі жалақы сомасынан аспауы қажет.
  3. Барлық жарналар келесі есепті айдын 25-інен кешіктірмей аударылуы қажет (патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлерге Қазақстана Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгілі мерзім орнатылады).