Date of publication: 18.10.2018 16:26
Date of changing: 19.10.2018 16:52

       Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдарының жүйесінде жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындауды қамтамасыз ету үшін кедендік әкімшілдендіру және мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдістерін автоматтандыру бойынша қолданылатын алдын алу шараларымен қатар тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Жеке жағдайларда мұндай фактілер орын алуда, салық төлеушілер немесе мемлекеттік қызметтерді алушылар жағынан лауазымды тұлғаларға 2 АЕК аспайтын сыйлықтар және ақшалай қаражаттар беріледі. Сонымен, жылдың басынан Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімшесі лауазымды тұлғаларға заңсыз сыйлықтар берудің, сондай-ақ 2 АЕК аспайтын ақшалай сыйақыларды ұсынудың 12 фактісінің жолын кесті. Конфет қорабын берудің үш фактісінің және 500-ден 3000 теңгеге дейінгі мөлшерде ақшалай сыйақы ұсынудың тоғыз фактісінің жолын кесті. Бүгінгі таңда ҚР  ӘҚК 676-бабы бойынша жалпы сомасы 2,9 миллион теңгеге айыппұл түрінде тоғыз тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы да әкімшілік өндіріс материалы қаралуда.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметкерлерге сыйлықтар беру жемқорлықтық құқық бұзушылық болып табылатынын және өзімен бірге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкерлікке тартылатынын ескертеді.

Сонымен бірге, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының құқыққа қарсы әрекеттері туралы ақпаратпен Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасына: Қостанай қ-сы, Гоголь к-сі, 183 үй мекенжайы бойынша, немесео 8(7142) 535989,8(7142) 536580 телефондары бойынша жүгінуге болады.