Date of publication: 06.12.2018 18:23
Date of changing: 06.12.2018 18:25

 

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2018 жылғы 06 желтоқсанда өнім экспортымен айналысатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен «Уәкілетті экономикалық операторлардың институтын жетілдіру» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде уәкілетті экономикалық операторларды санатқа бөлу, уәкілетті экономикалық операторларға көздейтін арнайы оңайлату мәселелері қарастырылды.

Дөңгелек үстелдің соңында СЭҚҚ-тарапынан сұрақтар қойылды, оларға КББ, ТРжПББ қызметкерлері жауап берді.

                                                                                            Кедендік бақылау басқармасы