Date of publication: 04.01.2019 12:22
Date of changing: 04.01.2019 18:21

     

    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен жаңа құқықтық режимі - Бірыңғай жиынтық төлемін (БЖТ) енгізілуі ескеріледі, ол салық органдарда  бейресми жұмыспен қамтылғандардың еңбегін жеңілдікпен тіркеу режимін көздейді.

БЖТ төлемі  бейресми жұмысты  тіркеуге мүмкіндік береді және міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру, зейнеткерлік қамсыздандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді.

БЖТ Қазақстанның жұмыс істейтін азаматтары үшін           4 міндетті төлемді   бірыңғай  төлемге алмастырады.

БЖТ төлеушілер үшін табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер  бойынша минималды мөлшерлемелер  белгіленді,  республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда - айлық есептік көрсеткіштің                     1 еселенген мөлшерін  (2 525 теңге) және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің жарты мөлшерін  (1 263 теңге) құрайды.

Бірыңғай жиынтық төлемінің үлестері:

- 10 % жеке табыс салағын;

- 20 % – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударыдар;

- 30 % – Бірыңғай жинақтық зейнеткерлік қорына зейнеткерлік төлемдер;

- 40 % – Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдарды құрайды.

БЖТ келесі талаптарды сақтағанда  жұмысын табыс алу мақсатында жүзеге асыратын жеке тұлғаларға таратылады:

1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайды;

2) жұмыстарды орындайды, жеке тұлғалар үшін қызмет көрсетеді;

3) өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнімін тек жеке тұлғаларға ғана өткізеді.

БЖТ мыналарға таратылмайды:

1) коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілері аумағында) сауда объектілерін қоса алғанда, қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;

2) тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға (мүліктік жалдау) беретін тұлғаларға;

3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;

4) оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарға;

5) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдарға.

Бұл ретте алатын табыс мөлшері күнтізбелік жыл үшін ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (2019 жылы жылына 2 969,8 мың теңге, айына 247,4 мың теңге).

Тек қана жеке тұлғаларға қызмет көрсететін  және өзінің жеке қосалқы шаруашылығында (ЖҚШ)  өндірген ауыл шаруашылығы өнімін тек жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.

Жалпы айтқанда БЖТ енгізілуі  бейресми жұмыспен қамтылғандар үшін:

- міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға және медициналық мекемені таңдау құқығы беріліп  сомасы мен         түрлері шексіз медициналық  қызметтерге қол жеткізуге;

- жинақтау зейнеткерлік жүйесіне қатысуға және жүйеге  қатысу өтіліне қарай  базалық зейнеткерлік  төлемдерді алуға;

- еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан, асыраушысынан айырылған, жүктілік және босану, баланы асырап алу, баланы  1 жасқа дейін  күту жағдайларда әлеуметтік төлемдерді алуға мүмкіндік береді.

 

 

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы