- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 11.02.2019 17:42
Date of changing: 11.02.2019 17:45
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайлы.
Мемлекеттік қызметті алуды қарапайым және тиімді ету мақсатында 2016 жылдың 1 сәуірінен мемлекеттік қызметті экстерриториалдық негізде көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды.
Экстерриториялықтың қажеттілігін және іске асырудың оң нәтижесіне байланысты, экстерриториялық принципі бойынша Қазақстан Республикасының барлық аумағында тұрақты негізде қызмет көрсету туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шешім қабылдады.
Мемлекеттік қызметті алуға жүгіну мүмкіндігін беру үшін пилоттық жоба кезінде көрсетілетін келесі мемлекеттік қызметтер таңдап алынды:
- Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою
- Салық төлеушілерді тіркеу
- Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру
- Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру
- Қазақстан Республикасының резинденттігін растау.
- Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)
- Салық есептілігін қабылдау
- Салық есептілігін кері қайтарып алу
- Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу
- Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару
- Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту
- Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме.
Осыған байланысты қызмет алушы жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алу мақсатында жақын маңда орналасқан Қостанай облысының аумағындағы мемлекеттік кірістер органдарына, сонымен бірге басқа облыстардың мемлекеттік кірістер органдарына жүгіне алады.