Date of publication: 20.02.2019 15:47
Date of changing: 20.02.2019 15:49

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

Жеке тұлғалар "WhatsApp"мессенджері арқылы жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік құралдары салықтары бойынша салық берешегін есептеу, төлеу бойынша қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады.

Сұрақтарды 8-747-467-02-09 нөміріне жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жіберуге болады.

Салық төлеушілерге жедел және толық жауаптар берілетін болады.

Салық берешегі туралы ақпаратты ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсынан  www.kgd.gov.kz  көруге болады және "электрондық үкімет" порталында "Электрондық сервистер", "салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" бөлімінде, азаматтың ЖСН бойынша қосымша хабарлайтын боламыз.