Date of publication: 12.03.2019 12:20
Date of changing: 12.03.2019 12:26

Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыспен тұрмыс сүру сапасын арттыру"  Жолдауын іске асыру шеңберінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен  халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Мемлекет басшысы айтқан табыстар мен өмір сүру сапасының тұрақты өсуіне бағытталған алғашқы және маңызды қадамдардың бірі ең төменгі жалақының 1,5 есе өсуі болып табылады – 28-ден 42,4 мың теңгеге дейін.

Осыған байланысты 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың табысын арттыру 25 мыңнан астам азаматқа күтілуде.

            Бұл шара жергілікті бюджетке 3,0 млрд теңгеден астам түсімдердің қысқаруына әсер етеді, кейіннен олар республикалық бюджеттен өтеледі.

Бүгіннің өзінде көлеңкелі айналым үлесінің 40% - ға қысқаруына ықпал ететін және бюджетке түсетін салықтық түсімдерді ұлғайтатын іс-шаралардың оң сәттерін атап өтуге болады.

 Камералдық бақылау орнында салық төлеушілердің күмәнді жеткізушілермен жалған мәмілелерді жүзеге асыру жолымен кірістерді жасыруға және салық төлеуден жалтаруға бағытталған қызметін анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, бизнес үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін негізгі салық сомасы төленген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жасау жоспарланған.

  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілген түзетулерді ескере отырып, салықтық  рақымшылық жасау 1,5 млрд.теңгеден астам өсім мен айыппұл сомасын есептен шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетуді 97% деңгейіне  арттыруды үйлестіру  жұмыстары жүргізілуде.

 Бүгінгіде   Мемлекеттік кірістер органдарының электронды түрде ұсыну статистикасы 65% - дан астам, яғни 44 түрдің, оның ішінде 28-салық және 16 – кеден бағыты бойынша электрондық түрде 30 қызмет ұсынылады.

Мемлекеттік кірістер органдарының тағы бір міндеті ол бюджетке салық түсімдерінің айқындығын қамтамасыз етуге және жоғарылатуға мүмкіндік беретін салық жүйесін реформалау болып табылады.

 

2017  жылдан  бастап  ҚҚС  төлеушілерді "онлайн" режимінде тіркеу, яғни «Бір рет басу» мүмкіндігі енгізілді.

Сонымен қатар, электрондық форматқа шот-фактуралар (ЭШФ) көшіріліп, соның салдарынан "Виртуалды қойма"модулі бар тауарлардың қозғалысы мен қалдықтарын есепке алу жүйесі енгізілді.

Бұл модульде кедендік декларация ЭШФ-мен интеграцияланады, бұл импорт немесе өндірістен оны соңғы өткізуге дейін – тізбек бойынша тауардың баға белгілеуін қадағалайтын толассыз мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Контрафактілік өнімнен қорғау мақсатында тері бұйымдарын таңбалау жүйесі енгізілді, онда теріден  жасалған бұйымдарды есепке алу, жылжыту және тарату жүргізіледі. Осы пилот шеңберінде оң нәтижелер бар.

Тері  өнімдері бойынша төмендетілген кірістердің анықталған көлемін ескере отырып, темекі өнімдері мен дәрілік заттарды таңбалау жөніндегі пилотты жалғастыру жоспарлануда.

Өз кезегінде ҚҚС әкімшілендірудің ашықтығын арттыратын блоктау тізбегінің механизмі енгізілуде.

Бұл жағдайда бөлек ҚҚС-шоттар ҚҚС сомасын 55-тен 1 жұмыс күніне дейін қайтаруды жеделдетеді.

Осылайша, салық базасын кеңейту және бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту салықтардың жиналуын  2025 жылы ЖІӨ-ге 16,9% - дан 25% - ға дейін арттыру бойынша қойылған мақсаттарды іске асыруға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді және мемлекет басшысының жолдауында айтылған халықтың өмір сүру деңгейін арттыруда нақты серпілісті қамтамасыз етеді.

 

 

 

                                                         Қостанай облысы бойынша                                                                           Мемлекеттік кірістер департаменті                                                              басшысының орынбасары

                                                        С.А. Ахметов