Date of publication: 14.03.2019 11:04
Date of changing: 14.03.2019 11:05

Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 05.03.2019 жылы «Онлайн БКМ кезең – кезеңмен іске асыру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс – шарада  Арқалық қаласы бойынша МКБ басшысы Е.А.Карбозов, қала әкімінің орынбасары Хамзин Д.Н., ішкі саясат бөлімі басшысы Айтмагамбетова М.К., «Атамекен» ҰКҚ палатасының директоры Хасенов Б.Д., және 17 салықтөлеуші қатысты. Іс – шара барысында экономикалық қызметтің негізгі классификаторы бойынша 2019 жылы ЭҚНК - на сәйкес  онлайн БКМ-сын орнату тиіс салық төлеушілер айтылды. Салық төлеушілер назарына тоқсан сайын кезең – кезеңмен онлайн БКМ-на ауысу жөнінде хабарланатын болады:

  • 2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі бойынша;
  • 2019 жылдың 1 шілдеден келесі 86 қызмет түрі бойынша ;
  • 2019 жылдың 1 қазанынан қалған 224 қызмет түрі бойынша:

Қатысушылар жаңашылдықты практикада пайдалану мәселесі бойынша пікірлерін білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойынып, белсенді атсалысты.Өткізілген дөңгелек үстел жергілікті БАҚ және  «Арқа дидары» қалалық телеарнасында жарық көрді.

 

Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы