Date of publication: 15.03.2019 12:12
Date of changing: 15.03.2019 12:14

12 наурыз 2019 жылғы Жітіқара ауданы әкімдігіннің мәжіліс залында Қостанай облысы бойынша МКД басқару бөліміннің түсіндіру жұмыстарын қызметкерлерімен өзгерістерді түсіндіру бойынша салық заңнамасының нормаларын, сауаттылығын арттыру, салық төлеушілердің салықтық міңдеттемелерді орындау бойынша және салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу семинар өткізілді.

Іс-шарада Жітіқара ауданы бойынша  МКБ қызметкерлері, Жітіқара филиалының Атамекен кәсіпкерлер палатасы, Хризотил редакциясы, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, ЖШС және ММ басшылары мен бас бухгалтерлер қатысты.

Семинарды Жітіқара ауданы бойынша әкім орынбасары С.Н.Касенов мен түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Г.М.Капбасова ашты.

Ерменов Б.У. Қостанай облысы бойынша МКД ТЖБ бас маманы – жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты, әлеуметтік аударымдарды есептеу бойынша салық заңнамасындағы өзгерістері, бірыңғай жиынтық төлемді еңгізу, онлайн берілетін бақылау-кассалық машиналарды және ПОС-терминалдарды қолдану, арнайы салық режимі мен жергілікті салықтар бойынша өзгерістер, банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы, сондай-ақ  еGov.kz порталы арқылы салық төлеудің артықшылықтары, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстар алған кезде жеке тұлғалардың міңдетті зейнетақы жарналарын төлеу тәртібі туралы толығырақ түсіндірді.

Иралимова Р.Ш. Қостанай облысы бойынша МКД ТЖБ бас маманы – корпоративтік табыс салығы бөлігіндегі салық заңнамасының өзгерістері, қосылған құн салығы бойынша өзгерістер, резидент еместерге салық салу туралы түсіндірілді.

Осымен, спикерлер  келгендердің  назарын салық  мәселелеріндегі  қоғамның  ақпараттандыруын  көтеруіне  аударған,  салық салу  мәселелеріне  байланысты,  әлеуметтік  желілеріндегі әрекетті  парақшаларымен  және   сайттарын  көрсете  өткен

 

Семинар қорытындысы бойынша барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.