Date of publication: 21.05.2019 15:03
Date of changing: 21.05.2019 15:18

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды,

ҚР азаматтарын жаппай декларациялауды кезең-кезеңмен енгізу бойынша ұсыныс енгізілді.

Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялауды енгізу көзделген болатын.

Қазіргі уақытта заңнамалық базаны дайындау, уәкілетті органдардың дерекқорларын өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, онда проблемалық мәселелер пайда болады, оларды шешу қосымша уақытты қажет етеді.

Қазіргі уақытта ҚР заңнамалық актілеріне жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңмен енгізу бойынша түзетулер дайындалуда.

Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың жұбайларынан декларациялауды бастау ұсынылады.

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) және олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы