Date of publication: 12.06.2019 09:50
Date of changing: 12.06.2019 09:51

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, хабарлайды:

 «Чекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясы өтуде «Акцияның бастамашысы және ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті болып табылады.

Акция 2019 жылдың 1 мамыры мен 8 тамыз аралығында «Тандау» мобильді қосымша арқылы өткізіледі

Мемлекеттік кірістер органдарымен мұндай акция алғаш рет өткізіліп отырған жоқ ол дәстүрге айналған.

Акцияны өткізу кезінде елдің әрбір тұрғыны кез келген сатып алу немесе ақылы қызмет алу арқылы смартфонның иесі болуға мүмкіндік алады.

 «Таңдау» мобильдік қосымшасында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді төлеу үшін чектерді ғана тіркеу қажет.

Акцияға деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының чектері (онлайн БКМ) қатысады.

Қатысушының мәліметтерін және алынған чектерді  Google Play market және App-те жүктеу үшін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы қолжетімді.

Қатысушылар арасында күн сайын акция өткізу кезеңінде 100 смартфон ойнатылады.

Міне Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыңда акцияның екінші жеңімпазын  марапаттау өткізілді. Қостанай қаласының тұрғыны  Тен  Юлия Владимировна iPhone 7 смартфонының иегері атанды.

 «Чекті талап ет – бағалы жүлдені ұтып ал!»  акциясына қатысыңыз. Акция 8 тамызға дейін жалғасады.

Акцияның толық шарттары және қосымшамен жұмыс істеу нұсқаулығын www.trebui.kz акция сайтынан көруге болады.