Date of publication: 23.07.2019 18:15
Date of changing: 23.07.2019 18:16

Сыбайлас жемқорлық – заманауи қоғамның жағымсыз құбылысы, үнемі мұқият зерттеуді, жүйелі тәсілдерді, кешенді және жедел әрекет етуді талап етеді.

Елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық климатқа кері әсерін тигізеді, елдің беделін, халықаралық мүддені төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басты басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлық – бұл біздің мемлекетіміздің мәселесі ғана емес, бүкіл әлем мәселесі болып танылады. Енді барлық елдер, соның ішінде ең озық, жаңа сынақтар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өз үлгілерін қайта қарайды, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтетін жаңа заңдар мен ережелерді қабылдайды.

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Ведомстволық бағдарламаларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл жоспарларын барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қамтитын барлық мемлекеттік органдар қабылдайды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін енгізу оң нәтижесін берді.

          2019 жылғы 1 сәуірінен бастап Республиканың облыс, аймақтарында барлық кеден рәсімдері бойынша «АСТАНА-1» электрондық декларациялау ақпараттық жүйесі толығымен жұмыс істей бастады.

         Электрондық декларациялау жүйесі кедендік рәсімдеудің үрдістерін жеңілдетіп, кедендік операцияларға жұмсалатын уақытты қысқартты, сондай-ақ кедендік декларацияны тапсыру үшін кедендік бекетке келудің қажеті жоқ, бұның барлығы интернет-портал арқылы құжаттарды ұсынусыз жүзеге асырылады.

          «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің артықшылығы СЭҚ-қа қатысушылар мен кеден органдарының тікелей байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне әсер ететінін атап өту керек.

 

 

Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы