Date of publication: 13.08.2019 11:05
Date of changing: 13.08.2019 11:05

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушінің мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады. Оған орай салық төлеуші салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.

Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға тыйым салуға және басқа да келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек сомаларын тексеріп отыруды және төлеуді шақырады.

Берешек соманың бар/жоқтығын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің www.kgd.gov.kz ресми сайтында «Электрондық сервистер/Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» тарауында тексеруге болады.

Сонымен қатар, www.egov.kz «электронды Үкімет» порталының «Салықтар және қаржылар» тарауында «Салық берешегін қарау және төлеу» сервисінде қарауға болады.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы