Date of publication: 16.08.2019 10:16
Date of changing: 16.08.2019 10:18

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 427-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығымен бекітілген Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде (бұдан әрі - Тізбе) көрсетілген тауарлар бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленеді.

Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу акцизделетін тауарлар бойынша белгіленген тәртіпте кедендік төлемдерді және акциздерді төлеген жағдайда, тек қана қосылған құн салығын төлеушілер әкелетін тауарларға қатысты қолданылады.

Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында анықталған тәртіпте есептеуде және есепке жатқызуда бір уақытта қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрінеді.

Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтынуға арналған тауарларды шығарған күннен бастап бес жыл ішінде Салық кодексінің 427-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптарды бұзған жағдайда импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында анықталған тәртіпте және мөлшерде, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеумен төлеуге жатады.

Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін Тізбеде көрсетілген тауарларды іске асыру бойынша айналымдар қаржылық лизингке беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады.

 

«Қостанай-КРО» к/б