Date of publication: 03.03.2016 09:02
Date of changing: 03.03.2016 09:04

         Салық кодексіне 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, қосымша құн салығы бөлігіндегі негізгі өзгерістер мен толықтырулар

 

         Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына Салық кодексіне  қосымша құн салығы бөлігіндегі мынадай негізгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін жеткізеді.

 

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (XVII бөлім 72-бабының 6-тармағының 3) тармақшасы) сәйкестікке келтіру; тауарларды олардың бір заңды тұлға шеңберінде беруге байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттің бір мемлекет аумағынан өзге Кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына әкелу/әкету ортақ көзқарас; олардың бір заңды тұлға шегінде берілуіне (өткізілуіне) байланысты КО мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін тауарлардың ҚР аумағына импорттау кезінде оған сәйкес жанама салықтар алынбайтын, СК 276-4-бабын жаңа 5-тармақпен толықтыру – түзету сәйкестікке келтіру мақсатында, Салық кодексінің 231-бабының 3-тармағына оған сәйкес: бір заңды тұлға шегінде олардың берілуіне (өткізілуіне) байланысты Кеден одағына өзге мүше мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан тауарлардың әкетілуін іске асыру бойынша айналым болып табылмайтын 23)тармақша қолданысқа енгізілді.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 8-тарауына 233-1-бап қолданысқа енгізілді: Мыналар:

комитенттiң тапсырмасы бойынша комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комиссионердің тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі;

комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі;
         үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәмiле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап үшінші елдерден тауарларды импорттау кезінде төленген ҚҚС есепке жатқызылатын салық кезеңін нақтылау мақсатында Салық кодексінің 256-бабының 3-тармағына Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортталған жағдайда төленген салық, қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі сол салық кезеңінде орындалған болып есепке жатқызылады.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап комиссия және көлiк экспедициясы  бойынша шарттарға қатысты, комиссионер және экспедитор комитеттің немесе клиенттің атынан тауарларды алу  (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асырғанда, Салық кодексінің 257-бабының 3-тармағына 4) және 5) тармақшалары қолданысқа енгізілді, оларға сәйкес қосылған құн салығының сомасы:                 комиссионер – комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша;

экспедитор – көлiк экспедициясы шарты бойынша міндеттерді атқару кезінде, осындай шарт бойынша клиент болып табылатын тарап үшін тасымалдаушыдан және (немесе) басқа өнім берушілерден сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылмайды.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеуші жер учаскесін бөлуді жүзеге асырған жағдайда ҚҚС бойынша есепке алуды азайту мақсаты үшін Салық кодексінің 258-бабына 4-3-тармағы қолданысқа енгізіледі, оған сәйкес егер, өткізу бойынша осындай айналым жасалғанға дейін қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылған бөлінетін жер учаскесінің бір бөлігін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру жөніндегі өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болып табылса, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жер учаскесіне тура келетін қосылған құн салығының сомасына жүргізіледі, ол мына формула бойынша айқындалады:

ҚҚСтүз = ҚҚСеж/ Sжалпы*Sжер, мұндағы:

ҚҚСтүз – қосылған құн салығын түзету сомасы;

ҚҚСеж – бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;
         Sжалпы – жер учаскесінің оны бөлгенге дейінгі жалпы ауданы;
         Sжер – иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын жер учаскесінің ауданы.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық түрде шот-фактураны жазып беру кезінде техникалық проблемалар жағдайда мәселені шешу мақсатында Салық кодексінің 263-бабына 2-1-тармағы қолданысқа енгізілді, оған сәйкес егер, бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етілімде техникалық қателердің туындау себебінен шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру мүмкін болмаған жағдайда, шот-фактураны жазып беру қағаз жеткізгіште жүргізіледі.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 263-бабының 5-тармағының 3)тармақшасына толықтырулар енгізілді, оған сәйкес Салық кодексінің 256-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшiн негiздеме болып табылатын шот-фактурада      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген атауы көрсетілуі тиіс. 

         2016 жылғы 1 қаңтардан бастап комиссия шарттары бойынша шот-фактураларын көшіру тәртібін нақтылау мақсатында Салық кодексінің 264-1-бабы мына мазмұнда қолданысқа енгізілді:

Комиссия шартының талаптарына сәйкес шарттардың талаптары бойынша шот-фактура жазып беру ерекшеліктері

1. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комиссионер жүзеге асырады.

Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізінде көрсетіледі.
           Комиссионер шот-фактураны: қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады;
           қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.
           Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізінде көрсетіледі.
           Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйқасының сомасы негізінде көрсетіледі.

Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізуге комитент комиссионердің атына шот-фактураны жазып беру кезінде:
           өнім берушінің деректемелері ретінде «комитент» мәртебесі көрсетіле отырып, комитент деректемелері көрсетіледі;

алушының деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі.

Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға комиссионер шот-фактура жазып беру кезінде өнім берушінің деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі.
      2. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комиссионер комитентке беру кезінде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәміле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комитент атына шот-фактуралар жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комиссионер жүзеге асырады.

Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссия шартының талаптарында комитент үшін комиссионер сатып алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.
           Комиссионер шот-фактураны:

қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымда көрсетіледі;

қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын үшінші тұлға жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымда көрсетіледі.

Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шот-фактураны комиссионер комитентке жазып беру кезінде:

өнім берушінің деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып комиссионер деректемелері көрсетіледі;

алушының деректемелері ретінде «комитент» мәртебесі көрсетіле отырып комитент деректемелері көрсетіледі.

Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3) және 4) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге шот-фактураны жазып беру кезінде алушының деректемелері ретінде комиссионер деректемелері көрсетіледі.