Жарияланған күні: 14.02.2018 09:41
Өзгертілген күні: 14.02.2018 09:42

 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 514 бұйрығына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттік сыныптама кодтары бойынша бюджет түсімдерінің сыныптамасы өзгертілді.

104302 БСК – елді мекендердің жерлеріне жер салығы;

104309 БСК -   елді мекендердің жерлеріне жер салығын қоспағанда, жер салығы.

Осылайша, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке, заңды тұлғалардан және ДК «елді мекендердің жерлері» санаты бойынша төлемдер 104302 БСК-на түсуі тиіс.

104309 БСК-на елді мекендердің жерлеріне жер салығын қоспағанда, жер салығы (жерлердің санаттарына – ауылшаруашылығы мақсатындағы, өнеркәсіп, орман және су қорының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары кіреді) бойынша төлемдер түсуі тиіс.

Сонымен қатар, салық төлеушілер 2017 жылы 104309 БСК-на есепке жатқызу мен төлемді жүргізгенін, бұл ретте бюджетпен түпкілікті есеп айырысу мерзімі 2018 жылғы 10 сәуірден кешіктірілмейтін болып белгіленін, сондай-ақ дербес шотында заңсыз бересінің қалыптасуын болдырмау мақсатында, ол өз кезегінде

өндірудің әкімшілік шараларына әкеп соғатынын ескере отырып, 2017 жыл үшін Көлік құралы салығы, жер салығы бойынша және мүлік салығы бойынша декларация бойынша мүмкін болатын есепке жатқызу мен төлемді жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне (бюджеттің 4-деңгейі) түсуі тиіс төлемдер бойынша объектілермен салық төлеушілерді қоспағанда, 104309 БСК-на жүргізу қажет деп санаймыз.

 Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне (бюджеттің 4-деңгейі) түсуі тиіс төлемдер бойынша объектілермен салық төлеушілердің төлеміне қатысты,

4-деңгейдегі дербес бюджетпен жергілікті өзін-өзі басқару жерлеріне жатпайтын басқа елді мекен аумағында тұрған жерлердің болуына қарамастан, елді мекендердің жерлеріне жер салығын төлеу 104302 БСК-на жүргізілуі қажет.

2018 жыл үшін жер салығын төлеуді бекітілген бюджеттік сыныптамаға сәйкес жүргізу қажет:

104302 БСК – елді мекендердің жерлеріне жер салығы;

104309 БСК -   елді мекендердің жерлеріне жер салығын қоспағанда, жер салығы.