Жарияланған күні: 12.07.2016 09:56
Өзгертілген күні: 12.07.2016 09:59

Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 маусымда № 13790 болып тіркелді

      «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидалары бекітілсін.
       2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
       1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
       2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберу;
       3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алу күнінен кейін бес жұмыс күн ішінде оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
       4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                    Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы     
 Қаржы министрінің       
 2016 жылғы 17 мамырдағы   
 № 234 бұйрығымен бекітілген 

   Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидалары

   1-тарау. Жалпы қағидалары

      1. Осы темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 шілдедегі Заңының 5-бабының 5-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғалардың темекі өнімдеріне өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару, тасымалдау және импорттау (бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) бойынша операцияларын жүргізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі - ТӨІЖҚ) ресімдеу және пайдалану тәртібін белгілейді.
      Темекі өнімдерін өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару, тасымалдау және импорттау (бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) бойынша операцияларын жүргізетін тұлға жеткізуші болып танылады (бұдан әрі - жеткізуші).
      Темекі өнімдерін өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару, тасымалдау және импорттау (бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) бойынша жеткізуші операцияларды жүргізгенде алушы темекі өнімдерін растау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлға алушы болып танылады (бұдан әрі - алушы).
      2. Темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді қоспағанда оларды өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару және тасымалдау бойынша операцияларын жүргізу кезінде, жеткізуші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда ТӨІЖҚ ресімдейді.
      Темекі өнімдерінің Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде ТӨІЖҚ-ны алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының қиылысына дейін ресімдейді.
      Орындалатын мәмілелерді жасау кезінде олардың негізінде жазба нысанында шартты жасасусыз темекі өнімдерін өткізу бойынша операцияларын жүргізу кезінде, темекі өнімдерін бір күнде өткізу тиісті олардың саны мен ассортиментті көрсетуімен жеткізуші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда ТӨІЖҚ ресімдейді.

   2-тарау. Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу мен пайдалану

      3. ТӨІЖҚ темекі өнімдерін жеткізуші Интернет-ресурс («Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы) (бұдан әрі - бағдарлама) арқылы мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде электрондық түрде ресімделеді.
      Бағдарлама темекі өнімін өндіру және айналым саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Интернет-ресурсында (web-порталында) орналастырылады және салық төлеушілердің пайдалануы үшін қол жетімді болып табылады.
      4. ТӨІЖҚ-нда келесі мәліметтер көрсетіледі:
       1) ТӨІЖҚ-н нөмірі (бағдарламаммен автоматты түрде береді);
       2) ресімдеу күні және уақыты (бағдарлама автоматты түрде қояды);
       3) операция коды (бағдарламаның анықтамасынан таңдап алынады);
       4) жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) (жеткізуші енгізеді, ал импорт кезінде енгізілмейді);
       5) темекі өнімдерін жеткізушінің атауы, оның заңды мекенжайы, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде қояды, ал темекі өнімдерінің импорт кезінде - алушы енгізеді) және жөнелту мекенжайы (операцияның көрсетілген кодына сәйкес бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);
       6) жөнелту мекенжайының мемлекеттік кірістер органының коды (бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);
      7) жеткізушінің түрі темекі өнімдерін өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару, тасымалдау және импорттау (бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) операциясымен сәйкес анықталады (бағдарламаның көрсеткен тізімінен таңдап алынады);
       8) темекі өнімдерін алушының ЖСН немесе БСН (орындалатын мәмілелерді жасау кезінде олардың негізінде жазба нысанында шартты жасасусыз темекі өнімдерін өткізуды, экспортты қоспағанда) жеткізуші енгізеді, ал темекі өнімдерінің импорт кезінде алушы енгізеді;
      9) темекі өнімдерін алушының атауы, оның заңды мекенжайы, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды (осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді (орындалатын мәмілелерді жасау кезінде олардың негізінде жазба нысанында шартты жасасусыз темекі өнімдерін өткізуды қоспағанда) енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде береді, экспорт кезінде жеткізуші енгізеді) және жеткізу мекенжайы (операцияның көрсетілген кодына сәйкес бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);
       10) алушының жеткізу мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органының коды (бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);
       11) шарттың нөмірі мен шарт жасалған күні немесе шарттың қосымшалары;
       12) көліктің түрі: автомобиль, темір жол, әуе, мультимодалдык, теңіз, ішкі су және басқа (бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);
       13) тасымалдаушы (жүкті жөнелтуші) туралы мәліметтерде (болған кезде) темекі өнімін тасымалдауды және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыру құжатында көрсетілген жағдайда), ЖСН) және заңды (атауы, СТН) тұлға туралы деректер көрсетіледі (жеткізуші енгізеді, импорт кезінде - алушы);
       14) көлік құралы туралы мәліметтерде (жеткізуші енгізеді, импорт кезінде - алушы):
      автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде - көлік құралының мемлекеттік нөмірі, тіркеменің нөмері;
      темір жол көлігімен тасымалдау кезінде - көлік жүкқұжаттың нөмірі;
      әуе көлігімен тасымалдау кезінде - әуе жүкқұжаттың нөмірі;
      теңіз немесе ішкі су көлігімен тасымалдау кезінде - көлік жүкқұжаттың нөмірі;
      мультимодалдык тасымалдау кезінде - жеткізушіден кететін тауары тасымалдаудың бірінші модуліне көлік жүкқұжаттың нөмірі немесе көлік құралының нөмірі көрсетіледі;
       15) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) темекі өнімдерінің жалпы саны (осы тармақтың 22) тармақшасында көрсетілген темекі өнімдерінің көлемін қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде данамен (килограммен) көрсетіледі);
       16) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) темекі өнімдерінің жалпы құны (теңгемен көрсетіледі, ал импорт (экспорт) кезінде ТӨІЖҚ ресімдеу датасына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен осы тармақтың 24) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде көрсетіледі);
       17) жолдың реттік нөмірі;
      18) темекі өнімінің атауы, маркасы (ЖСК енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде енгізіледі);
       19) темекі өнімінің жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі - ЖСК) (бағдарламаның ЖСК анықтамалығынан таңдап алынады);
      20) қорапта темекі өнімінің саны (ЖСК енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде енгізіледі);
       21) темекі өнімдерін қорабының саны жеткізуші енгізіледі, ал импорт кезінде - алушы (данасымен көрсетіледі);
       22) темекі өнімдерінің жалпы саны (осы тармақтың 20) және 21) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерін көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде данада (килограмда) беріледі);
       23) темекі өнімін бір қорабының бағасы жеткізуші енгізеді, ал импорт кезінде - алушы;
       24) темекі өнімдерінің жалпы құны (теңгемен көрсетіледі, ал импорт (экспорт) кезінде ТӨІЖҚ ресімдеу датасына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен осы тармақтың 21) және 23) тармақшаларындағы көрсетілген мәліметтерді көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде көрсетіледі);
       25) жеткізуші жазып берген ТӨІЖҚ нөмірі, ал импорт кезінде алушы жазып берген (темекі өнімдерін немесе оның бөлшектерін қайтару кезінде қажеттілік болған жағдайда, ТӨІЖҚ-ы қабылдамау немесе растамау, сонымен қатар орындалатын мәмілелерді жасау кезінде олардың негізінде жазба нысанында шартты жасасусыз темекі өнімдерін өткізу мәліметтерді түзету енгізу кезінде толтырылады);
       26) кестедегі жолдың жалпы саны;
       27) «Тасымалдаушы (Жөнелтуші)» бағанындағы деректер тек қағаз тасығышта толтырылады. Тасымалдаушының тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыру құжатында көрсетілген жағдайда), жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы, нөмірі мен күні көрсетіледі;
       28) алушының тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыру құжатында көрсетілген жағдайда).
       5. ТӨІЖҚ уәкілетті органның серверіне жіберілгеннен кейін жеткізуші, ал темекі өнімдерінің импорт кезінде алушы қағаз тасығышта бір данада басып шығарады.
       6. Жеткізу орнына дейін (темекі өнімдерін экспорт кезінде - Қазақстан Республикасы аумағының қиылысына дейін) өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару және тасымалдау бойынша операцияларын жүргізу кезінде темекі өнімдерін алып жүру үшін басып шығарылған ТӨІЖҚ қағаз тасымалдағышында тасымалдаушыға (алушының өкіліне) беріледі. ТӨІЖҚ-та алушы темекі өнімдерін іс жүзінде алған күнін көрсете отырып (экспортты және орындалатын мәмілелерді жасау кезінде олардың негізінде жазба нысанында шартты жасасусыз темекі өнімдерін өткізу кезінде қоспағанда) қол қояды және оны тасымалдаушыға (алушының өкілі) қайтарады. Осы ТӨІЖҚ темекі өнімдерінің жеткізушісінде сақталады (импорт кезінде ТӨІЖҚ алушыда сақталады).
      Темекі өнімдерінің импортты кезінде алушы темекі өнімдерін іс жүзінде алған күнін көрсете отырып қол қояды.
       7. Темекі өнімдерінің бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға алушы болып танылатын кезінде қоспағанда ТӨІЖҚ-ды алушылар ТӨІЖҚ және темекі өнімдерін алғанын растау жолымен электрондық түрде уәкілетті органға ұсынады немесе одан бағдарламада ТӨІЖҚ-ды ресімдеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бас тартылады.
      Бағдарламада ТӨІЖҚ-дың растауы, алушымен темекі өнімдерді алғаннан кейін және ТӨІЖҚ-да көрсетілген деректермен алшақтық болмаса жүзеге асырылады.
      Темекі өнімдерінің экспортты кезінде және темекі өнімдерінің бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға алушы болып танылатын кезінде бағдарламада алушының растауы талап етілмейді.
      8. ТӨІЖҚ-н алуды қабылдамаудың, растаудың немесе растамаудың мерзімінің бұзылуы кезінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес бағдарламада автоматты түрде темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжатты алуды қабылдамаудың, растаудың немесе растамаудың мерзімінің бұзылуы туралы хабарлама нысаны бойынша құрастырылады.
      Бағдарламадағы хабарламамен танысқаннан кейін алушылар ТӨІЖҚ-н алуды растайды немесе растамайды.
      9. Осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген деректерді толық емес және (немесе) дұрыс емес көрсетіп, сонымен қатар орындалатын мәмілелерді жасау кезінде олардың негізінде жазба нысанында шартты жасасусыз темекі өнімдерін өткізу мәліметтерді түзету енгізу мақсатында ресімделген ТӨІЖҚ-ды жеткізуші (импорт кезінде - алушы) осындай ТӨІЖҚ ресімделген күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде жоюға тиіс.
      10. ТӨІЖҚ жойылған жағдайда алушыға жолданатын жаңа ТӨІЖҚ жазып беріледі. Жаңа ТӨІЖҚ ресімдеу күнін бағдарлама автоматты түрде береді. Жаңа ТӨІЖҚ бастапқы ТӨІЖҚ жойылған күні ресімделеді.
      11. ТӨІЖҚ-ды есепке алу бағдарламаның ТӨІЖҚ тіркеу журналында осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде жүргізіледі.
      ТӨІЖҚ ресімделгеннен кейін ТӨІЖҚ тіркеу журналына ТӨІЖҚ түседі және уәкілетті органның серверінде сақталады.
      12. Қол қойылған ТӨІЖҚ жеткізушілер мен алушыларда қағаз тасығышта ТӨІЖҚ-ды ресімдеу күні бойынша тізілімге тігіледі және бес жыл ішінде сақталады.
      Жеткізушілер мен алушылардың ТӨІЖҚ түпнұсқасын жоғалтуына және бүлдіруіне жол берілмейді.
      13. Жеткізушіні (алушыны) - заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде қайта ұйымдастырылған тұлға үшін ТӨІЖҚ-ды сақтау жөніндегі міндеттеме оның мирасқорына (құқықтық мирасқорына) жүктеледі.

  Темекі өнімдеріне ілеспе     
 жүкқұжаттарды ресімдеу және   
 пайдалану қағидаларына 1-қосымша

Нысан               

   Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаты

1) ТӨІЖҚ-ның №

2) Рәсімделген күні және уақыты:
___________________________________
___ сағ. _____ мин.
3) Операцияның коды
___________________________________
4) Жеткізушінің ЖСН (БСН)
___________________________________
5) Жеткізушінің атауы, заңды мекенжайы, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды және жөнелту мекенжайы
___________________________________
6) Жөнелту мекенжайының мемлекеттік кірістер органының коды
___________________________________
7) Жеткізушінің түрі
___________________________________

8) Алушының ЖСН (БСН)
__________________________________
9) Алушының атауы, заңды мекенжайы, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды және жеткізу мекенжайы
__________________________________
10) Жеткізу мекенжайының мемлекеттік кірістер органының коды
__________________________________

11) Шарттың нөмірі мен шарт жасалған күні (шарттың қосымшалары)____ 20 _ ж.« __ » _______

12) Көліктің түрі: Авто ТЖ Әуе Мультимодалдік Теңіз, ішкі сумен Басқа
13) Тасымалдаушы туралы мәліметтер
______________________________________________________________________
14) Көлік құралы туралы мәліметтер
______________________________________________________________________
15) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) темекі өнімдерінің жалпы саны. Барлығы: ___________ (дана/килограмм)
16) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) темекі өнімдерінің жалпы құны. Барлығы: ___________ (теңге)

17)

18)
Темекі өнімінің атауы, маркасы

19)
ЖСН
-
коды

20)
Қорапта темекі өнімінің саны (данада/килограмда)

21)Қорабының саны (данада)

22)
Жалпы саны (данада/килограмда)

23)
Өнімін бір қорабының бағасы

24)Өнімінің жалпы құны

25)Жеткізуші жазып берген ТӨІЖҚ нөмірі (темекі өнімдерді немесе оның бөлігі қайтарылған, ТӨІЖҚ-ы қабылдамау немесе растамау, шартсыз қатынасы жағдайда)

 

26) Барлығы ___ жол
______________________________________________________________________
27) Тасымалдаушы (жөнелтуші):
______________________________________________________________________
Тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыру құжатында көрсетілген жағдайда), жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы, нөмірі мен күні
                                                      ________________
                                                           (қолы)
28) Алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыру құжатында көрсетілген жағдайда) ______________
                                                      ________________
                                                           (қолы)
алу күні (к.а.ж.) ____________________________________________________

  Темекі өнімдеріне ілеспе     
 жүкқұжаттарды ресімдеу және   
 пайдалану қағидаларына 2-қосымша

Нысан               

   Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжатты алуды қабылдамаудың,
растаудың немесе растамаудың мерзімінің бұзылуы туралы
хабарлама

      20 ___ ж.« ___ » _________
_____________________________________________________________________
                   (мемлекеттік кіріс органының атауы)

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2016 жылғы « ___ » _________ № ____ бұйрығымен бекітілген, темекі өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларының 8-тармағына сәйкес, Сізді
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыру
             құжатында көрсетілген жағдайда) немесе атауы)
ЖСН (БСН)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (нөмірі және табыс етудің кезеңі)
темекі өніміне ілеспе жүкқұжаттардың алынғанының қабылдамағаны, расталғаны немесе расталмағаны туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты, Сіз тіркеу жеріңіздегі мемлекеттік кіріс органына 5 жұмыс күні ішінде түсініктеме беру үшін келуіңіз қажет.

  Темекі өнімдеріне ілеспе     
 жүкқұжаттарды ресімдеу және   
 пайдалану қағидаларына 3-қосымша

Нысан               

   Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжатының тіркеу журналы

ТӨІЖҚ-ның күні
__ ж.______ бастап __ ж. _________ дейін
Жеткізушінің ЖСН-і (БСН)
__________________________________
__________________________________
Жеткізушінің атауы
__________________________________
ТӨІЖҚ-ның нөмірі: ________________

Өтіп кеткен күндер: ______________

ТӨІЖҚ-ты растау/растамау
__ ж.______ бастап __ ж. __________ дейін
Алушының ЖСН-і (БСН)
___________________________________
Алушының атауы
___________________________________

ТӨІЖҚ мәртебесі: Алғашқы түрі Жойылды Жіберілді Расталды Алынды Расталмады

ТӨІЖҚ-ның күні

ТӨІЖҚ-ның нөмірі

Жеткізушінің ЖСН-і (БСН)

Алушының ЖСН-і (БСН)

Алушының мекен жайы

ТӨІЖҚ-ы растау/қайтару күні

Өткен күндердің саны

Мәртебесі

Іс-қимылдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Көрсетілетін жолдардың саны: ____ барлығы ____

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК