Жарияланған күні: 16.02.2016 19:05
Өзгертілген күні: 16.02.2016 19:26

2015 жылдың мүлік пен жеке табыс салығы бойынша декларациясын толтыру және жіберу (230.00 нысан)

ЖАДНАМАСЫ

2015 жылдың декларация нысанының негізгі декларациясында тек салық төлеуші туралы мәліметтер толтырылады, ал 2 қосымшада табыс пен мүлік туралы мәліметтерді мемлекеттік қызметті атқаратын тұлғалар көрсетеді.

1 қадам.

Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарнан немесе халлыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды-санды қолды (ЭСҚ) алуы қажет.

2 қадам.

cabinet.salyk.kz. мекен жайында орналасқан «Салық төлеуші Кабинетінде» тіркелу керек. 

3 қадам.

         Жеке кабинетке кіргеннен кейін, салық есебінің түрін таңдап аламыз.

         «Салық есебінің түрлері» мәзірінен «Жаңа түрін толтыру» тармаған таңдаймыз.

         2015 жылдың 230.00 нысанын таңдаймыз. Таңдалған толтыру мерзімі автоматты түрде СЕН барлық беттерінде қойылады.

4 қадам.

  1. Деларацияны толтыру.

1-ші бетте:

  • Салық есебінің түрін – кезекті;
  • Салық төлеушінің категориясын – «В тармағы»
  • Жұмыс орыны сосын «02» ұясын, көрсетеміз.  

«Салық төлеушінің жаупкершілігі» бөлімінде:

  1. Т.А.Ә.;
  2. Декларацияның тапсыру уақыты;
  3. Тұрғылық жері бойынша мемлекеттік кірістер органының кодын, көрсетеміз.

 

  1. Декларацияның 2 қосымшасын толтыру

«Табыс түрі» бөлімінде:

  1. 230.02.001 жолында салық агенті берген құжаттың нәтижесі бойынша есеп мерзіміндегі есептелген табыстың жалпы сомасы (230.02.001 жолы = 230.02.001 I жолы + 230.02.001 II жолы);

230.02.001 I жолында – жұмыс берушімен жұмыскеріне есептелген табыс (жұмыс орынынан берілген табысы туралы анықтама бойынша);  

         230.02.001 II жолында – азаматтық – құқықтық келісім бойынша жеке тұлғаға салықтық агентпен есептелген табысты, көрсетеміз.

         2) 230.02.002 жолында –төлем көзінен салық салынатын табыстың жалпы сомасы немесе табысы туралы анықтамада көрсетілген жеке табыс салығының сомасы 10 көбейтілген.

230.02.003 жолында көрсетілген табысты, дара кәсіпкер болып тіркелген мемлекеттік қызметкердің жұбайы.

«Салықты есептеу» бөлімінде:

  1. 230.02.004 бөлімінде – табысы туралы анықтамада көрсетілген жеке табыс салығының сомасы;

«Жекеменшігіндегі мүлік» бөлімінде:

  1. 230.02.006 А жолында – жекеменшігіндегі жылжымайтын мүліктің түрін (тұрғын және тұрғын емес ғыймраттар, соны ішінде пәтер, үй, гараж, саяжай құрлысы және жер телімі);

230.02.006 В жолында – жекеменшігіндегі жылжымайтын мүліктің кадасторлық номері;

230.02.006 С жолында – жекеменшігіндегі жылжымайтын мүліктің мекен жайы, көрсетіледі.

2) 230.02.007 А жолында – жекеменшігіндегі көлік құралдарының түрін (жеңіл көлік, мотоцикл, жүк машинасы және т.т.)

230.02.007 В жолында – құқықты куәландратын құжаттың негізінде көлік құралының мемлекеттік номері;

230.02.007 С жолында – құқықты куәландратын құжаттың негізінде көлік құралының VIN-коды немесе шанақ номері.

5 қадам.

Декларацияны жіберу.

6 қадам.

«Салық есебінің түрлері» мәзірінен «Журнал түрлері» - хабарламаны таңдаймыз.

 

7 қадам.

Декларацияны қабылдағаны туралы анықтаманы баспадан шығару.

         Декларацияны толтыру сұрақтары бойынша немесе консультация алу қажет болған уақытта «1414» CALL – орталығына хабарласа аласыз.