Жарияланған күні: 11.04.2017 11:44
Өзгертілген күні: 11.04.2017 11:45

2017 жылғы 1 қаңтардан  бастап жеке тұлғалардан мүлік және жер салығын есептеу және төлеу тәртібіндегі өзгерістер туралы

 

Салық кодексінің 391-бабына Салық кодексінің 409-бабына енгізілген өзгерістерге байланысты жеке тұлғалардан мүлік салығын және жер салығын есептеудi мемлекеттік кірістер органдары есепті салық кезеңінен кейінгі 1 шілдесінен кешіктірмей жүргiзедi. Бұл ретте  салық бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі 1 қазанынан кешiктiрмей төленедi.

Осылайша, 2017 жыл ішіндегі аталмыш салықтар 2018 жылы есептеледі және төленеді.

Салық кодексінің 403-бабының 2-тармағының 3)тармақшасына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес III топтағы мүгедектер меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1500 еселенген мөлшері шегіндегі (3 403 500 теңге) жеке тұлғалардан мүлікке салынатын салықты төлеуден босатылатын болады.

Салық кодексінің 404-бабының 3-тармағына ензігілген түзетулермен    2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу жүргізілген, бірлескен ортақ меншіктегі жылжымайтын мүлікті тіркеген кезде, иелерінің келісуі бойынша таңдалған, салықты төлеу үшін жауапты тұлғаны көрсету қажет екені көрсетілген.

Салық кодексінің 661-1-бабымен мемлекеттік кірістер органдарының жеке тұлғаларға мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салық міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтерді:

      1) салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;

      2) коммуналдық қызметтерді берушілерге есептеу үшін қолданылатын құжаттарда көрсету;

      3) салық төлеушінің электрондық поштасына жолдау;

      4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне СМС-хабарламаларды жолдау арқылы ұсынады.

         Осы мақсаттар үшін Салық кодексінің 13-бабы 2-1-тармағымен толықтырылды, оған сәйкес 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап салық төлеушілерге өзінің телефон нөмірлері және электрондық пошта мекенжайлары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну құқығы берілді.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы