Жарияланған күні: 28.07.2017 10:35
Өзгертілген күні: 02.07.2018 09:57

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 13 желтоқсан күні Астана қаласында «Чекті талап етте – жүлде ұтып ал» республикалық науқанның қорытынды ұтыс ойыны өткенің хабарлайды. Науқанның бас жүлдесі Автокөлік және 2 жұбаныш жүлде: теледидар мен планшет.

Ұтыс ойының қорытындысы бойынша, жұбаныш сыйлықтардың иегерлері келесілер болды:

  1. Теледидар: Ида (Қарағанды облысы)
  2. Планшет: Жанара (Оңтүстік Қазақстан облысы)
  3. Науқанның басты жүлдесі иегері – Павлодар қаласының тұрғыны Асет автокөлікке ие болды.

«Чекті талап етте – жүлде ұтып ал»  науқаны осы жылдың 1 мамырынан 30 қарашасы аралығында өткізілді. Науқанда Қостанай облысының 1 139 тұрғыны қатысып 149,0 мыңнан астам чек жіберді. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен ай сайын науқан қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді (тұрмыстық техника, ұялы телефондар, флэш дискілер).

Науқанның басты мақсаты жеке кәсіпкерлер қолма-қол тауарды сатып алғанда, жұмыстарды орындағанда және қызмет көрсеткенде бақылау-кассалық тәртіпті қамтамасыз ету болды.

Осылайша, мемлекеттік кірістер органдары азаматтарға салық заңнамасын қадағалау бойынша қоғамдық бақылауға қатысып, сонымен қатар бағалы жүлделерді  ұтып алуға мүмкіндік  берді.