Жарияланған күні: 15.04.2016 09:14
Өзгертілген күні: 15.04.2016 09:14

«Акцизделетін тауарлар тізбесі»

   

     Қазақстан Республикасының аумағына өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы көрсетілген тауарларға акциз салынады:

1.     Спирттің барлық түрлері;

2.     Алкоголь өнімі;

3.      Алынып тасталды -2010.06.30 № 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізілді) Зандарымен;

4.     Темекі бұйымдары;

4-1.         Қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электронды сигареттерде пайдалануға арналған сұйықтық;

5.     Бензин (авияциялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;

6.     Микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлік құралдары;

   двигателінің  көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

    двигетелінің көлемі 3000 текше саниметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

7.     Шикі мұнай, газ конденсаты;

8.     Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім.

        

                           Басшының м.а. :                                А.Каиль