Жарияланған күні: 14.09.2018 15:52
Өзгертілген күні: 14.09.2018 15:53

Ұлт жоспарының 38-қадамын жүзеге асыру  және жаңа Кодекстің шеңберінде электрондық декларациялауды дамыту мақсатында ҚР мемлекеттік кірістер органдарында қағазсыз негізде маманның қатысуынсыз (МКД қызметкері) тауараларды автоматты түрде шығаруға мүмкіндік беретін АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі енгізілді.

«Астана-1» ақпараттық жүйесі ДСҰ нормаларына, халықаралық стандарттарға және озық тәжірибелерге сәйкес әзірленген, экспорт және импорт үшін құжаттар көлемін, сондай-ақ оларды өңдеу уақытын қысқартуға, басқаша айтқанда, кедендік рәсімдерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Электрондық декларациялау сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына үйден немесе офистен шықпай-ақ, әлемнің кез-келген нүктесінен кедендік декларацияны тапсыруына мүмкіндік береді (логині және электронды-цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда), кедендік ресімдеу үрдістерін жеңілдетеді, кедендік операциаларға жұмсайтын уақытты қысқартады, әлбетте кедендік декларация әкелу үшін кеден бекеттеріне келу керектігі жоқ екен, міне бәрі интернет-портал арқылы құжаттарды берілмей жүзеге асырады.

«АСТАНА-1» АЖ-нің маңызды артықшылығы болып тауарларды автоматты шығару және үйден немесе офистен шықпай-ақ кедендік декларацияны тапсыру мүмкіндігімен қатар, жүйенің ақысыз негізде пайдалануға берілгендігі табылады. Аталған жағдайлар сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының қаржылық және уақыттық шығындарын қысқартуға ықпал етеді.

«АСТАНА-1» АЖ көпфункционалды және кешенді жүйе болып табылады, осыған орай, оны енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылды.

2017 жылдың 1 қазанында «АСТАНА-1» АЖ-де «Кедендік транзит» кіші жүйесі тәжірибелік пайдалануға берілді, бұл кедендік операциялардың шекарадағы өткізу бекетінде жасалуын қамтамасыз етеді: тауарлардың транзитімен байланысты алдын-ала ақпарат беру, бақылаудық техникалық құралдарын қолдану, басқа мемлекеттік органдардың бақылауы, кедендік рәсімдер.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Экспорт» кедендік рәсімі бойынша «Кедендік декларациялау» кіші жүйесі тәжірибелік пайдалануға берілді. Жасыл дәліз жүйесінде – 99,6% декларация шығарылған. Орташа рәсімдеу уақыты 18 минуттан 1 минутқа дейін қысқартты.

2018 жылдың 1 сәуірінен бастап импорт кедендік рәсім бойынша «Кедендік декларациялау» кіші жүйесі тәжірибелік пайдалануға берілді. Ағымдағы жылдың 07 қыркүйектегі жағдай бойынша  2 184 тауарларға арналған декларация шығарылды (жасыл дәліз – 1 139  тауарларға арналған декларация (52,2%), қызыл - 76 тауарларға арналған декларация (3,5%), сары - 668 тауарларға арналған декларация (30,6%), көк – 301 тауарларға арналған декларация (13,8%).

«Импорт» кедендік рәсімі бойынша орташа рәсімдеу уақыты 1 сағ. 38 минут қурайды.

 

                                                                                   Кедендік бақылау басқармасы