Жарияланған күні: 14.05.2015 17:57
Өзгертілген күні: 14.05.2015 18:11

Ауыл шаруашылығы өнімдерін арнаулы салық режимі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 448-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес:

      Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:

   -ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режімі (бұдан әрі - арнаулы салық режімі);

     - оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімі;

-жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.

Арнаулы салық режімі:

1) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың:

      жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, өзі өндірген аталған өнімдерді қайта өңдеу және өткізу;

      толық тізбекті (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне; 

Сонымен қатар, 448-бап келесі тармақпен толықтырылды (2015 жылдың 1-ші қаңтарында күшіне енгізілді)

1-1. Жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде, салық төлеушіге арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.

  Осы тармақтың талабы омарта шаруашылығының өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіге қолданылмайды.

Аталған баптың 2-тармағына енгізілген өзгерістерге байланысты селолық тұтыну кооперативтеріне келесілер:

1) мүшелері (пайшылары) тек шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын; 
 2) жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын селолық тұтыну кооперативтері жатады.

Егер осы арнаулы салық режимін қолдану жылының қорытындылары бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шарттар орындалмаса, салық төлеуші:

      1) корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережені қолданбай, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеуге;
      2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, осы Кодекстің 70-бабына сәйкес тиісті салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережені қолданбай, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, көлік құралдары салығы бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.

 Мыналардың: 

     1) еншiлес ұйымдары, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаның; 
     2) арнаулы салық режимін қолданатын басқа да заңды тұлғалардың үлестес тұлғасы       болып табылатын заңды тұлғаның;
      3) мүшелері (пайшылары) басқа селолық тұтыну кооперативтердің;
      4) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.

Осы тармақтың мақсаттары үшін үлестес тұлға болып: 

      1) шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға; 
      2) басқа заңды тұлғаға қатысты шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға танылады. 

 Корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын есептеу үшін салық кезеңi осы Кодекстің 148, 269, 363, 370 және 401-баптарына сәйкес айқындалады.

Бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау мақсатында:

      1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының есептi салық кезеңiнiң басында өсу қорытындысымен қалыптасқан сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып түсуi (бұдан әрi – қосылған құн салығының асып түсуi) болмаған жағдайда – бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстiң 266-бабына сәйкес есептелген сомасы 70 пайызға  азайтылады;
      2) есептi салық кезеңiнiң басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының асып түсуі болған жағдайда – бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстiң 266-бабына сәйкес есептелген сомасының есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының асып түсу сомасынан асып түсуі 70 пайызға азайтылуға жатады.

Салық төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету 
мерзiмдерi      Осы Кодекстің 451-бабында көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу және олар бойынша салық есептiлiгін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.