Жарияланған күні: 28.04.2015 15:38
Өзгертілген күні: 28.04.2015 18:02

Астана, Алматы қалалары және облыстар

      бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет), бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелерін салықтық әкімшілендіру бөлігінде Салық кодексінің ережелерінің іске асуын талдап, мынаны хабарлайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 644-бабына сәйкес бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - техникалық қызмет көрсету орталығы) - бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету бойынша жарғыға (қызмет түріне) сәйкес қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъекті болып табылады (бұдан әрі – БКМ).

2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттелейді.

Заңның 33-бабы 3-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

 Бұл ретте 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БКМ техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет лицензиялау аясына жатпайды және рұқсат құжаттарын алуды керек етпейді.

Сондай ақ, бүгінгі күні БКМ техникалық қызмет көрсетуді іске асыратын заңды тұлғаларды тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен айқындалмаған.

Баяндалғандарға байланысты, алдағы уақытта Комитетке «Техникалық қызмет көрсету орталығына» (анықтамалар) жіктемесіне өзгерістер енгізуге өтінімдер жібермеңіздер және салық төлеушілер ортасында тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізіңіздер.

 

Департамент Директоры                                             А. Қыпшақов