Жарияланған күні: 19.02.2016 17:18
Өзгертілген күні: 19.02.2016 17:19

Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын
  қайтару

Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсандағы N 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (әрі қарай – Салық кодексі)  604-бабы салық төлеушінің (салық агентінің) ерекше бөлімімен көзделген негіздер бойынша:
     1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша төленген;
      2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдікке төленген қосылған құн салығының сомасы бюджеттен қайтарылуға жатады.
      Грант алушыға қайтарылуға жататын қосылған құн салығын қайтаруды грант алушының орналасқан жері бойынша салық органы Салық кодексі 599-бабына сәйкес есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін оның банктік шотына Салық кодексі 275-бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жүргізеді.
     Қазақстан Республикасында акредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерiне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне және осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, қосылған құн салығын қайтаруды салық органы Салық кодексі 276-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың банктік шотына жүргізеді.