Жарияланған күні: 19.05.2015 09:20
Өзгертілген күні: 19.05.2015 09:22

«Нұрлы жол – болашаққа бағдар жол» атты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басым бағыттардың бірі – шағын бизнесті қолдау және іскерлік белсенділік бойынша жұмысты  жалғастыру.

Алға қойылған міндеттер шеңберінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - Департамент) әкімшілік кедергілерді азайту және артық кедендік нысаншылдықты жою бөлігінде жүйелі түрде мемлекеттік қызметтің сапасын жетілдіру, уәкілетті экономикалық операторлар институтын тарату, кеден ісі саласында қызмет көрсететін  тұлғалардың қызметін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді.

Ай сайын  кедендік тазарту және тауарларды шығару мерзімдері бойынша тауарларға декларациялар (ТД) деректер базасына талдау жүргізіледі,  ағымдағы жылдың 4 айы ішінде Департаментте бекітілген мерзімнен асу фактілері (шартты түрде шығарумен байланысты жеке ерекшеліктерді және басқа  нысаншылдықты ескере отырып) орын алған жоқ, Қостанай облысында декларацияланатын тауарлардың жалпы көлемінің 97%-ы  құжаттарды берген күні кедендік тазартудан өтеді.

Аталмыш көрсеткіш соңғы емес, Департаменттің кеден бекеттерінде де көрсетілетін қызметтерді тездету және жақсарту үшін резервтер бар.

Кеден ісі саласында қызмет ететін тұлғаларда: еркін, кедендік қоймалар иелері, уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері,  сондай-ақ, кеден ісі саласында қызмет көрсететін мекемелерде туындайтын сұрақтарды түсіндіру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Осылайша, өткен кезең ішінде 4 «дөңгелек үстел» отырысы, 5 жұмыс кездесуі және жиналыстар өткізілді.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында  кәсіпкерлік қызметті  түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша 29.12.2014 жылғы № 269-V ҚР Заңы күшіне енгенін ескере отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды ақпараттандыру мақсатында 2015 жылдың басында Департамент бірқатар кездесулер өткізді, онда мынадай жаңашылдықтар сөз болды:

-  Кедендік декларациялау үшін қажетті құжаттардың санын азайту: экспорт кезінде  10-ның орнына 3 құжат және импорт кезінде 12-нің орнына 4 құжат;

-  Уәкілетті экономикалық операторлардың институтын жетілдіру: осылайша, ү.ж. 1 шілдесінен бастап жеңілдіктерді кезеңмен ұсыну қағидасы іске қосылады, аудиторлық  есептілік рәсімі енгізеледі, т.б.

Бизнес ортаны көбейту үшін маңызды жақсартулардың бірі «қателерді өз бетінше мойындау» қағидасы болып табылады, мұнда заңды және жеке тұлға  кедендік тексеруге дейін өз еркімен мойындау және жою кезінде кеден ісі саласында бұзушылықтарға әкімшілік жауаркершіліктен босатылады.

Осылайша, шаруашылық субъектілері  мүмкін үзілістерсіз сыртқы сауда қызметін одан әрі жалғастыру үшін құқылы, айыппұл санкциясы түрінде артық шығындар жойылады, ең бастысы аталмыш норма заңды деңгейде бекітілген.

Жаңа жұмыс орындарының құрылуын тудыратын Қостанай облысының шаруашылық субъектілері үшін қолайлы жағдайды тудыру және аумақтың кәсіпкерлік ортасын арттыруды ескере отырып,  салық салынатын базаны көбейту, әлеуметтік мәселелер және басқаның оң әсерін туғызу Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады, аталмыш бағыт бойынша жұмыс тұрақты бақылауды және өз жалғасын табады.