Жарияланған күні: 25.11.2015 10:52
Өзгертілген күні: 25.11.2015 10:53

"Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы

№ 133 қаулысындағы өзгерістер

     

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 887 қаулысымен «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-құжат) өзгерістер енгізілгенін мәлімдейді.

Қаулы 2015 жылғы 14 қарашадағы № 219 (28095) «Казахстанская правда» газетінде жарияланды және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі.

Өзгерістер тек өндірушілерге өзінің жеке мұнай өнімдерін бөлшектеп өткізу және көтерме жүзеге асыру үшін акциз есептеу және алыс-беріс шикізат болатын подакцизной өнімдерін беру бөлігіне ғана тиген.   

Келесі операцияларды іске асыру кезінде  акциз мөлшері артады:

-  өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі – 4500 ден 10500 дейін теңге тоннасына;

-  өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы – 5000 нан 11000 дейін теңге тоннасына;

- осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру – 4500 ден 10500 дейін теңге тоннасына.