Жарияланған күні: 26.10.2016 17:20
Өзгертілген күні: 26.10.2016 17:21

Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының
         қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату

 

Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату осы Кодекстің 586-бабында белгіленген камералдық бақылау жүргізілмей:

      1) салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішінің не
      2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

         Қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

 1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;

 2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;
 3) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлері бойынша табыстар мен шығыстардың, мүліктің бөлек есепке алынуын қолданатын бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылмайтын;

  4) осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;

  5) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарында жоқ;

  6) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оралмандар болып табылатын дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.

         Осы бап осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге қатысты қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беру күніне немесе осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайлар басталғанға дейін қолданылады.

         Қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
       1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

       2) таратудың салық есептілігін;

      3) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-касса машинасын (ол болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

Салық органы осы тармаққа сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

         Салық органы:

 1) осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеген және (немесе) осы баптың 3-тармағының талаптары орындалмаған кезде – қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жүмыс күні ішінде;

 2) осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартады және уәкілетті органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастырады.

         Мынадай жағдайларда:

 1) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын және патенттiң қолданылу мерзiмi өткен немесе қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде патент құнының кезекті есеп-қисабын табыс етпеген;

 2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған және қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген салық есептілігін табыс ету мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салық есептілігін табыс етпеген дара кәсіпкерлер осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.

         Дара кәсіпкер ретінде тіркеу шығару есебінен салық органымен дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша:

- көзделген шарттарға сәйкес келгенде;

- салық органы тіркеу есебінде бақылау-касса машинасы болмаған кезде шығарылады.