Жарияланған күні: 03.07.2019 14:55
Өзгертілген күні: 03.07.2019 15:01

Декларант Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа мынадай жағдайларда:

      1) егер кеден органы кедендік бақылау нысандарын және тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымдарына сәйкес кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолданудың қажеттігі туралы хабардар етпесе, тауарларды шығарғанға дейін бұзушылықтарды дербес анықтаған және жойған;

      2) кеден органының лауазымды адамы тауарларды қате сыныптау фактісін анықтаған жағдайда тауарларды шығарғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлар коды өзгерген;

      3) алдын ала шешімді берген кеден органының лауазымды адамы тауарларды қате сыныптау фактісін анықтаған жағдайда тауарларды шығарғанға дейін де, сондай-ақ шығарғаннан кейін де алдын ала шешімдерде көрсетілген тауарлар коды өзгерген;

      4) камералдық кедендік тексерудің нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе көшпелі кедендік тексерудің нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды өз бетінше жойған;

      5) енгізілетін өзгерістер тауарларға арналған тіркелген декларацияда көрсетілген тауарларға қарағанда өзге тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеуге алып келетін жағдайларды қоспағанда, егер бұзушылықтар төленуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер етсе, бұзушылықтарды талап қоюдың ескіруі мерзімі ішінде (өздері бойынша көшпелі кедендік тексеру басталған кедендік декларациялардан басқа) дербес анықтаған және өз еркімен жойған;

      6) егер енгізілетін өзгерістер төленуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне, тыйым салулар мен шектеулерді сақтауға әсер етпесе және тауарларға арналған тіркелген декларацияда көрсетілген тауарларға қарағанда өзге тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеуге алып келмесе, бұзушылық туралы талап қойылғанға дейін тауарларға арналған декларацияға өзгерістерді шығарғаннан кейін енгізу арқылы бұзушылықтарды өз бетінше жойған;

      7) 500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде бюджетке төлеуге жататын кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленуге тиіс сомаларын толықтырып есептеуге алып келген бұзушылықтарды тауарлар шығарылғанға дейін кеден органы анықтаған кезде, осындай бұзушылықтарды кеден органы анықтаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей декларант төленуге тиіс кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын толық көлемде төлеген жағдайларда тартылмайды.

 

 

Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы