Жарияланған күні: 29.06.2016 18:09
Өзгертілген күні: 29.06.2016 18:12

Фискалдық дерек мемлекеттегі қолма-қол ақша айналымының негізгі мәліметтері болып табылады. Мемлекет қаншаға еліміздің ішкі экономикасын бақылауы олардың дұрыстығына байланысты. Был ретте фискалдық деректерді жасыру және бұрмалау жымысқы экономиканың негізгі құралы болып табылады.

 Жымысқы экономикаға қарсы түйінді құралдың бірі болып фискалдық деректі сатушыдан мемлекеттік кірістер органдарына «онлайн» режимінде бреу болып саналады.

Осы мақсатта салық заңнамасына өзгерістер енгізілген, соған байланысты 2015 жылдың 1 шілдесінен мұнай өнімдерін және алкоголь өнімдерін сатушылар ақша арқылы саудада деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (әрі қарай – ДБФ бар БКМ) қолдануға міндетті 

2015 жылдың 30 желтоқсанынада Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1129 қаулысымен қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде ДБФ бар БКМ 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолдануды қамтамасыз етуге міндетті болатын жекелеген қызмет түрлерiнің тізбесі бекітілген.

Қазақтелеком АҚ-мен фискалдық деректер операторына (ФДО) қосылуға техникалық мүмкіндігі бар деп танылған  салық төлеушілер ДБФ бар БКМ қолдануға міндетті.

Қостанай облысында барлығы ДБФ бар БКМ қолдануға міндетті 2032 салық төлеуші. Оның ішінде, мемлекеттік кірістер басқармаларында 2030 салық төлеуші ДБФ бар БКМ тіркеген немесе 99,9%.

ФДО сайтында 2015 салық төлеуші тіркелген немесе жалпы санынан 99,3%, 2932 БКМ тіркелген, ФДО-на 2747 БКМ қосылған, был ретте активті касса – 2186 БКМ немесе қосылған БКМ санынан 79,6%.

Мемлекеттік кірістер органдырының жаңа БКМ қою талабы заңды шара екеніне, назарларыңызды аударамыз.

Салық төлеущілердің назарына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 284 бабы 1 бөлімі бойынша сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану – ескерту жасауға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284 бабы 2 бөлімінде,  осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жоғарда айтылғанға байланысты, қалалардың аумағында және аудан орталығында орналасқан ДБФ бар БКМ қолдануға міндетті салық төлеушілерге ФДО порталына қосылуға барлық шаралады қолдану қажет.