Жарияланған күні: 16.04.2019 10:55
Өзгертілген күні: 16.04.2019 11:04

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және 2018 жылдың 5 қазанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде, «көленкелі экономикамен» күресу мақсатында кәсіпкерлерді онлайн-БКМ (әрі қарай – ДТБ бар БКМ) пайдаланудың көшу жұмыстары кезеңмен жүргізілуде.

2015 жылдан бастап жекелеген қызмет түрлері кезеңмен көшіру жұмыстары жүргізілуде:

  • 2015 жылдың 1 шілдесінен жанар-жағар майды және алкоголь өнімін сатушылар ДТБ бар БКМ қолдануға міндетті;
  • 2016 жылдың 1 қаңтарынан 10 жекелеген қызмет түрлерімен айналысатын салық төлеушілер ДТБ бар БКМ қолдануға міндетті;
  • 2018 жылдың 1 қазанынан қосымша 17 жекелеген қызмет түрлерімен айналысатын салық төлеушілер ДТБ бар БКМ қолдануға міндетті;
  • 2019 жылдың 1 қаңтарынан ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде ДТБ бар БКМ қолдануға міндетті;
  • 2018 жылдың 27 қарашасындағы №1029 ҚР ҚМ бұйрығына сәйкес:

- 2019 жылдың 1 сәуірінен ДТБ бар БКМ қолдануға міндетті 323 қызмет түрі енгізіледі;

- 2019 жылдың 1 шілдесінен ДТБ бар БКМ қолдануға міндетті 86 қызмет түрі енгізіледі;

- 2019 жылдың 1 сәуірінен ДТБ бар БКМ қолдануға міндетті 224 қызмет түрі енгізіледі.

 

Фискалдық дерек мемлекеттегі қолма-қол ақша айналымының негізгі мәліметтері болып табылады және көленкелі экономикаға қарсы түйінді құралдың бірі болып табылады.

Онлайн БКМ пайдаланудың ерекшелігі:

Біріншіден, кәсіпкер өз бизнесіне үйден шықпай бақылау жасай алады, оның ішінде басқа қаладағы бизнесті. Өз кабинеті арқылы, алғашқы түберек пен  Z-есеп бастап БКМ жұмысы туралы мәліметті толығымен меңгере алады. Ақшаны кері қайтарған жағдайда онлайн-БКМ-на акт жасау үшін салық органдарына өтініш жасаудың қажеттілігі жоқ, себебі мәлімет автоматты түрде серверге жіберіледі. Онлайн БКМ қарапайым нұсқаларға қарағанда пломбаланбайды.

Және де, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер Комитетімен ДТБ бар БКМ 75 моделінен тұратын Реестрі бекітілген.

Жаңа БКМ тәртібіне көшіу рәсімін жүргізу үшін:

  1.  Техникалық қызмет көрсету Орталығынан ДТБ бар БКМ алу қажет;
  2. ФДО порталының ВЕБ-Қорынан - www.oofd.kz ФДО-нан шартты басып шығарып, қол қойып және мөрмен куәландіру қажет;
  3. Қызмет көрсететін жердегі мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беріп, БКМ тіркеу картасын алу қажет;
  4. БКМ тіркегеннен кейін, порталдан БКМ ID және токен алып, авторизация жасау қажет.

2019 жылы 1 сәуірінен ДТБ бар БКМ қолдануға міндетті 323 жекелеген қызмет түрлерінің тізімін МКД сайтында орналастырлған.