Жарияланған күні: 12.12.2017 18:06
Өзгертілген күні: 12.12.2017 18:11

2017 жылғы 11 желтоқсанда  Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің «Қостанай-КРО» кеден бекетінде «Дөнгелек үстел» өткізілді. Кіріспе сөзбен «Қостанай-КРО» кеден бекеті басшысының м.а. В.К. Сеитов баяндама жасады.  Кеден өкілдеріне  межелі орында тауарлар және көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу өндірісін жеңілдету және тездетуге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 291-бабына сәйкес алдын ала декларациялаудың артықшылықтары жеткізілді.Баяндаушының сөзінен кейін дөңгелек үстел қатысушыларымен диалог жүргізілді. Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар қайтарылды.