Жарияланған күні: 17.04.2019 18:05
Өзгертілген күні: 17.04.2019 18:06

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 17.04.2019 жылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (бұдан әрі - СЭҚҚ) және кеден өкілдерімен «дөңгелек» үстел отырысы өткізілді.

Күн тәртібі бойынша Департаменттің ТРжПКББ бас маманы М.А. Альжанов сөз сөйлеп, тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің  Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшелігі туралы ережеге»  (бұдан әрі - Шешім) сәйкес жүзеге асырылатынын айтты.

Бұл ретте, Шешімнің 4-тармағына сәйкес, тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органының билігінде бар ақпарат, соның ішінде үшінші елдердегі Еуразиялық экономкиалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше елдердің мемлекеттік өкілдіктерінен (сауда өкілдіктерінен) алынған, ЕАЭО мүше елдердің мемлекеттік органдарынан, кәсіби бірлестіктер, көліктік және сақтандыру компаниялары, әкелінген, ұқсас, біртектес тауарларды жеткізуші және өндрірушілерден, мүше елдердің заңнамасымен тыйым салынбаған тәсілмен, соның ішінде «Ғаламтор» ақпараттық- телекоммуникациялық желіні пайдалану арқылы алынған ақпарат тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізу кезінде қолданыла алады.

Сонымен қатар, «дөңгелек» үстелге қатысушыларға шетел тауарларын декларациялау жағдайында СЭҚҚ ЕАЭО аумағында ресімделген тауарлардың кедендік құны туралы ақпаратты https://kgd.gov.kz  сайтынан алуға болатыны жеткізілді.

 

 

Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасы