Жарияланған күні: 15.05.2015 10:19
Өзгертілген күні: 15.05.2015 10:19

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - Департамент) мәлімет үшін «Қазақстан Республикасындагы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы кеден кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 470-бабының 2-тармағына сәйкес шетелдік жеке тұлгалар кеден одағының кедендік аумағына шет мемлекеттердің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын өзінің уақытша болуы мерзіміне, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, уақытша әкелуге қүқылы екенін хабарлайды.

Шетелдік жеке түлғаның дәлелді өтініші бойынша кеден органдары жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімін мұндай көлік құралдарын уақытша әкелген күннен бастап бір жыл шегінде ұзартуы мүмкін.

Сіздің назарыңызды Кодекстің аталған бабының 3-тармағына сәйкес жеке пайдалану үшін уақытша әкелінген тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын кеден одағының кедендік аумағында басқа тұлғаға беруге кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды кедендік декларациялау және кедендік төлемдер мен салықтар төленген жағдайларда жол берілетініне аударамыз.

Көрсетілген заңнамалық нормалармен әкімшілік кедергілерді төмендету және кедендік рәсімдерді жеңілдету мақсатында шетелдік жеке тұлғаларға көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде аталмыш рәсім ресімделген кедендік бекеттерге бармай-ақ, ұзарту мүмкіндігі берілген.

Шетелдік жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелген көлік құралдарын кедендік ресімдеу мәселелері сүрақтары бойынша Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 183, Кедендік ресімдеу басқармасына, байланыс телефоны: 8 (7142) 53-58-71, ішкі телефон: 4047 мекенжайына жүгінуіңізге болады.