Жарияланған күні: 04.06.2015 16:50
Өзгертілген күні: 04.06.2015 16:52

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экспортқа рента салығын төлеу бойынша келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 300-бабының 2) тармақшасына сәйкес көмiрдi экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.

Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы 2008 жылғы 25 қаңтардағы Келісімнің 1-бабына сәйкес тауарлар экспорты - салық төлеушілердің (төлеушілердің), сататын тауарларды кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына қатысушы екінші бір мемлекеттің аумағына әкетуі.

Қазақстан Республикасының «Экспорттық бақылау туралы» Заңының 1-бабы 19) тармақшасына сәйкес  экспорт - өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына өткізілетін көмірдің және шикі мұнай, газ конденсатының әкетілуі экспорт болып табылғандықтан, сәйкесінше экспортқа рента салығын салуға жатады.