Жарияланған күні: 29.04.2015 17:41
Өзгертілген күні: 29.04.2015 17:46

Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 1-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                          К. Мәсімов

 

 

ҚазақстанРеспубликасы

Үкіметінің

2014 жылғы шілде «24»

№ 818 қаулысымен

бекітілген

 

 

Электронды түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

1. ОсыЭлектронды түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары(бұдан әрі – Қағидалар)«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының1-2-тармағына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағидаларда:

1) шот-фактура нысаны;

2) электронды түрде жазып берілетін шот-фактураларды (бұдан әрі – ЭШФ) жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;

3) ЭШФ куәландыру тәртібі;

4) түзетілген, қосымшаЭШФ алынғанын растау ерекшелігі;

5) ЭШФ сақтау тәртібі;

6) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салық қызметі органдары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі айқындалады.

3. Салық кодексінің 256 және 263-баптары мен осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес жазып берілген және ЭШФ АЖ-де тіркелген ЭШФ қосылған құн салығын  (бұдан әрі – ҚҚС) есепке жатқызу үшін негіз болып табылады.Егер шот-фактура қағаз тасығышта да, электронды түрде де жазып берілген жағдайда, онда электронды түрде жазып берілген шот-фактура тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ҚҚС есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.

4. Осы Қағидалардамынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол арқылы ЭШФжазып беру, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру,алу және сақтау жүзеге асырылады;

2) ЭШФ жазып беретін адам–тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шот-фактура жазып беру міндеттемесі жүктелген өзге де адамдар;

3) ЭШФ АЖоператоры –ЭШФ АЖ әкімшісі болып табылатын бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган;

4) ЭШФ АЖқатысушы –ЭШФ АЖ пайдалану туралыкелісімге қол қойған және ЭШФ АЖ-де тіркелген адам;

5) ЭШФ АЖ қатысушыныңесепке алужүйесі– салық міндеттемесін орындау мақсатында жүргізілетін бастапқы есептік құжаттардың деректерін, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілертуралы ақпараттықамтитын бухгалтерлік және салық есебінің жүйесі;

6) уәкілетті адам–ЭШФ АЖ-де осындай заңды тұлғаның атынан сенімхет негізінде операцияларды жүзеге асыруға құқық, оның ішінде заңды тұлғаның атынан ЭШФқол қою құқығы берілген заңды тұлғаның қызметкері;

7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі –ЭЦҚ)– электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

8)электрондық құжат – ақпаратыэлектрондық-цифрлық нысанда табыс етілген және ЭЦҚ арқылы куәландырылған құжат;

9) тіркеу куәлігі – куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз тасығыштағы құжат немесе электрондық құжат;

10) уәкілетті органның нормативтік-анықтамалықақпараты – салық қызметі органдарының дерекқорынан берілетін және салық заңнамасына сәйкес салық құпиясы болып табылмайтын ақпарат;

11) ЭШФ –ЭШФ АЖ арқылы электрондық түрде жазып берілетін және салық заңнамасы нормаларының талаптарынажәне осы Қағидаларға сәйкес келетіншот-фактура;

12) ЭШФ-ніөңдеу – ЭШФ Салық кодексінің 256 және 263-баптарындажәне осы Қағидаларда белгіленген талаптарғасәйкестігін тексеру,мұндай талаптарға сәйкес келмейтін ЭШФ кейіннен қайтарып алу;

13) ЭШФ-ніқайтарып алу –түзетілген ЭШФ үзінді көшірмесін жазып бермей,бұрын жазып берілген ЭШФжою;

14) ЭШФ-ні ЭШФ АЖ-ны тіркеу – құжаттың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі, тіркеу куәлігінің шынайылығы мәніне тексеруді қамтитын шот-фактура құжатын ЭШФ АЖ-де өңдеу және бірегей тіркеу нөмірін берупроцесі.

5.ЭШФ құжат айналымынЭШФ АЖ-детек ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркелген салық төлеушілер жүзеге асырады.

6.ЭШФ АЖ-де тіркелген кезде ЭШФ АЖ-ге қатысушыға мынадай мәртебе беріледі:

1) жеке тұлға;

2) дара кәсіпкер;

3) заңды тұлға.

7. Жеке тұлға – ЭШФ АЖ-геөзге де қатысушы мұндай жеке тұлға ЭШФ АЖ-не басқа қатысушы заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің уәкілетті тұлғасы болып табылатын жағдайды қоспағанда, ЭШФ жазып беруге құқығы жоқ.

8. Әрбір мәртебе бойынша тіркеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бөлек ЭШФ АЖ-ны пайдалану туралы келісімге(бұдан әрі – Келісім) қол қою негізінде жүргізіледі.

9. ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісім салық төлеушініңЭЦҚ-менкуәландырылады.

ЭШФ АЖ-ғақатысушыны авторландыру үшін және ЭШФ АЖ-де электрондық құжаттарды куәландыру үшін Ұлттық куәландырушы орталықтың(бұдан әрі – ҰКО) тіркеу куәлігі қолданылады.

10. Заңды тұлға, оның ішінде осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электронды түрде жасалатын сенімхат негізінде ЭШФ АЖ-дежұмыс істеу үшін уәкілетті адамды айқындауға құқылы.Бұл ретте,заңды тұлғаның басшысыуәкілетті адамға осындайзаңды тұлғаныңатынан ЭШФ АЖ-де операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтар береді, осындай құқықтардың қолданылу мерзімін көрсетеді.

Заңды тұлғаның басшысыуәкілетті тұлғаға берілген құқықтарды түзете алады не оны осы құқықтардан айыра алады.

Заңды тұлғаның басшысыЭШФ АЖ жүйесінде уәкілетті адамдардың және заңды тұлға атынан оларға іс-әрекетті орындауғаберілген құқықтар тізбесінің өзектілігін бақылауды жүзеге асыруға тиіс.

11. ЭШФ АЖ құжат айналымы барысындамынадай операциялар жүзеге асырылады:

1) ЭШФ құру;

2) ЭЦҚкуәландыру;

3) жазып берілгенЭШФ жөнелту;

4) ЭШФ қабылдау;

5) ЭШФ тіркеу;

6) ЭШФ өңдеу;

7) ЭШФберу.

12.ЭШФосы Қағидалардың11-тармағында көрсетілген операцияларды  жүзеге асыру кезінде мынадай мәртебеге ие болады:

1) жазып берілгенЭШФ – Салық кодексінің 263-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес жазып берілген, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған ЭШФ;

2) өңделген ЭШФ –осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізілген ЭШФ;

3) тіркелгенЭШФ –ЭШФ АЖ бірегей тіркеу нөмірі берілген ЭШФ;

4) жөнелтілгенЭШФ –тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға ЭШФ АЖ арқылы жіберілген ЭШФ;

5) алынған ЭШФ – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға ЭШФ АЖ арқылы келген және ол қараған ЭШФ;

6) импортталған ЭШФ –ЭШФ АЖ қатысушының есептік жүйесінен ЭШФ АЖ-де жүктелген ЭШФ;

7) қабылданған ЭШФ –осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігінтексеру табысты жүргiзілгенимпортталған ЭШФ.

13.Түзетілген ЭШФ Салық кодексінің 263-бабы 14-тармағында белгіленген жағдайларда жазып беріледі.

Қосымша ЭШФ Салық кодексінің 265-бабында белгіленген жағдайларда жазып беріледі.

Түзетілгенжәне/немесе қосымша ЭШФ жазып беру ЭШФ жазып берілген күнге белгіленген 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі

14. Шот-фактура ЭШФ АЖ арқылы жазып берілген жағдайда ЭШФАЖ-дегі электронды құжат ЭШФ түпнұсқасы (телнұсқасы) болып табылады.

Бұл ретте, ЭШФ-ныңмазмұны ЭШФ мазмұнына қайшы келмейтін қағаз тасығышта немесе электронды түрде көшірмесі болуы мүмкін.

15.ЭШФ АЖқатысушы электронды түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы мақсатында ЭШФ АЖ мынадай қосымшаларын пайдаланады:

1) on-line режимінде ЭШФ АЖ-де жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Web-қосымша;

2) off-line режимінде ЭШФ АЖ-де жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Desktop-қосымша (интернет-қосылыс болмағанжәне/немесе тұрақсыз болған жағдайда);

3) сыртқы есепке алу жүйелеріне ЭШФ АЖ-ніңЭШФ АЖ қатысушылардың есептік жүйелерімен бірігуі жолымен Web-қосымшаменdesktop-қосымшасындағыбизнес-процестерде көзделген ЭШФ АЖ-дегібарлық операцияларды орындауғамүмкіндік беретін API-интерфейсі.

16.ЭШФ АЖ оның ішінде мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

1) осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін салық төлеушінің есептік жүйелеріндежазып берілген шот-фактураларды қабылдау;

2) ЭШФ АЖ-деЭШФ АЖқатысушылар арасында хабарламалар алмасу;

3) бұрын жазып берілген ЭШФ-ні қайтарып алу.

17. ЭШФ қайтарып алу ЭШФ-ні ЭШФ АЖ-нен жою мақсатында жүргізіледі.

18. Шетел валютасында көрсету мүмкін болатын мынадай жағдайларды қоспағанда, ЭШФ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жазып беріледі:

1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша;

2) Салық кодексінің 242, 276-11, 276-13-баптарына сәйкес ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын экспортқа тауар өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;

3) Салық кодексінің 244-бабына сәйкес ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын халықаралық тасымалдар бойынша қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша;

4) Салық кодексінің 245-бабы 1-2-тармағына сәйкес ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша.

 

 

2.ЭШФ жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу,

өңдеу, беру және алу тәртібі

 

19. ЭШФосы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда жазып беріледі.

20. ЭШФмынадай бөлімдерден тұрады:

1) жалпыбөлім;

2) жеткізушінің деректемелері;

3) алушының деректемелері;

4) жүкті жіберушінің және жүкті алушының деректемелері;

5) жеткізу шарттары;

6) мемлекеттік мекеменің деректемелері;

7) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер;

8) бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректер;

9) қосымша мәліметтер;

10) ЭЦҚ бойынша мәліметтер.

21. А «Жалпыбөлім»деген бөлімде:

1) «Тіркеунөмірі»деген 1-жолда ЭШФ АЖ-дегіЭШФ бірегей тіркеунөмірі көрсетіледі(жол ЭШФ АЖ жүйесінде құжатты тіркеу кезінде ЭШФ АЖ автоматты түрде толтырылады және ЭШФ АЖ қатысушының толтыруына және (немесе) редакциялауына арналмаған);

2) «Есепке алу жүйесінің нөмірі» деген 1.1-жолда салық төлеушінің салық есебінде берілетін және Салық кодексінің 263-бабы 5-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердіжеткізуші дербес айқындайтын шот-фактуралардың реттік нөмірі көрсетіледі(жол міндетті түрде толтыруға жатады);

3) «Жазып берілген күн» деген 2-жолда ЭШФ алушыға жөнелту күні көрсетіледі, бұл ретте ЭШФ АЖ қатысушының оны түзетуге құқығы жоқ (жол міндетті түрде толтыруға жатады);

4) «Айналым жасалған күн»деген 3-жолдаСалық кодексінің 237-бабына сәйкес айқындалған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күн көрсетіледі(жол міндетті түрде толтыруға жатады).

Бұл ретте, түзетілген шот-фактура бойынша өткізу бойынша айналымды жасау күні жойылатын шот-фактурада көрсетілген айналым жасалған күн бойынша айқындалады.

Қосымша шот-фактура бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күн Салық кодексінің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күн бойынша айқындалады.

Қосымшашот-фактураСалық кодексінің 265-бабы 3-тармағына сәйкес айқындалған өткізу бойынша айналым жасалған күнінен ерте емес және өткізу бойынша айналым жасалған күнінен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазып беріледі.

22. «Түзетілген» деген 4-жолтүзетілген ЭШФ жазып беру жүзеге асырылған жағдайда белгілеуге жатады.Бұл реттебұл жолды,егер «Қосымша»деген 5-жол белгіленбеген жағдайда белгілеуге болады.

«Түзетілген»деген 4-жолды белгілеген кезде 4.1, 4.2 және 4.3-жолдар міндетті түрде толтырылуға тиіс:

1)                «Күні» деген 4.1-жолда жойылатын (түзетілетін) ЭШФкүнікөрсетіледі;

2) «Есептік жүйе нөмірі» деген 4.2-жолда жойылатын ЭШФ реттік нөмірі көрсетіледі,бұл ретте,егер жойылатын шот-фактура 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін жазып берілген жағдайда, онда түзетілген ЭШФ-ні жазып берген кезде тіркеу нөмірі мен есептік жүйе нөмірін көрсету талап етілмейді, ал егер жойылатынЭШФ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні ЭШФ АЖ-де тіркегеннен кейін жазып берілген жағдайда, онда түзетілген ЭШФ жазып берген кезде 4.1, 4.2 және 4.3-жолдарды толтыру қажет;

3) «Тіркеунөмірі» деген 4.3-жолда жойылатын ЭШФ тіркеунөмірікөрсетіледі.

Түзетілген ЭШФ жазып беру кезінде өзгерістер енгізілетін мәтін жолдары мен жиынтық бағандарында дұрысмәліметтер мен сомалары көрсетіледі, ЭШФ-нің өзгерістер енгізілмейтін жолдары мен бағандарындабұрынғы мәліметтер өзгеріссіз көрсетіледі.

23. Егер бұрын жазып берген ЭШФ-ғақосымшаЭШФ бар болса, ондатүзетілгенЭШФжазып берген кезде 4.1, 4.2 және 4.3-жолдардабұрын жазып берген ЭШФ күні, тіркеужәнереттік нөмірі көрсетіледі. Бұл жағдайда бұрын жазып берілген ЭШФ да, қосымша ЭШФ да жойылады. Бұл ретте,бұрын жазып берілген,жойылған қосымша ЭШФ қалпына келтіру үшін түзетілген ЭШФ жазып берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде түзетілген ЭШФ-ға қосымша ЭШФ жазып беру қажет.

24. «Қосымша» деген 5-жол Салық кодексінің 265-бабына сәйкес қосымша ЭШФ жазып берілген кезде белгіленуге тиіс. Бұл ретте, аталған жолды «Түзетілген»деген 4-жол белгіленбеген жағдайда белгілеуге болады.

25. «Қосымша» деген 5-жолды белгілеген кезде 5.1, 5.2 және 5.3-жолдарда қосымша жазыпберілетін бастапқы шот-фактураның деректемелері көрсетіледі:

1) «Жазып берілген күн» деген 5.1-жолда қосымша ЭШФ жазып берілетінЭШФ күні көрсетіледі;

2) «Есептік жүйе нөмірі» деген 5.2-жолда қосымша ЭШФ жазып берілетін ЭШФ нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте, егерқосымша ЭШФ жазып берілетінЭШФ 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін жазып берілген жағдайда, онда қосымшаЭШФжазып берген кезде тіркеу нөмірі мен есептік жүйе нөмірін көрсету талап етілмейді, ал егер қосымша ЭШФ жазып берілетін ЭШФ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші ЭШФ АЖ-де тіркелгеннен кейін жазып берілген жағдайда, онда қосымша ЭШФ жазып берген  кезде 5.1, 5.2 және 5.3-жолдардыңміндетті түрдетолтырылуын тексеру жүзеге асырылады.

Бұл ретте теріс белгісі бар жиынтық мән толықтырулар енгізілетін бұрын жазып берілген ЭШФ-да көрсетілген жиынтық мәннен асып кетпеуге тиіс;

3) «Тіркеу нөмірі» деген 5.3-жолда қосымша ЭШФ жазып берілетін ЭШФ тіркеу нөмірі көрсетіледі.

26. ТүзетілгенЭШФ-на қосымша ЭШФ жазып берілген жағдайда 5.1, 5.2 және 5.3-жолдарда қосымша ЭШФ жазып берілетін түзетілген ЭШФ-ныңжазып берілген күні, ЭШФ АЖ-не қатысушының есептік жүйесіндегі тіркеунөмірікөрсетіледі.

«Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер» деген G және «Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректер» деген H бөлімдерінің 5, 6, 7, 9, 10, 12, 13, 14, 15  жиынтық бағандарында көрсетілген бағандардың бұрынғы мәндерінің артуын немесе кемуін көрсететін айырмасы (оң немесе теріс) көрсетіледі.

27. Түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып берілген күн қосымша немесе түзетілген ЭШФ жазып берілетін ЭШФ жазып берілген күннен бастап салық заңнамасында белгіленген талап ету мерзімінен аспауға тиіс.

28. «Жеткізушінің деректемелері»деген В бөлімінде:

1) «ЖСН/БСН»деген 6-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі,осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда түзетілген ЭШФ жазып беруді қоспағанда, жол міндетті түрде толтыруға жатады;

2) «Қайта ұйымдастырылған тұлғаның СТН»деген 6.1-жолда түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып берген кездеқосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды  тұлғаныңқайта ұйымдастыру сәтіндебизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаса, мұндай тұлғаныңтіркеу нөмірі көрсетіледі;

3) «Жеткізуші»деген 7-жолда ЭШФ АЖСалық кодексінің 263-бабының талаптарына сәйкес ЭШФ жазып беретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады);

4) «Орналасқан орнының мекенжайы»деген 8-жолдаСалық кодексінің 560-бабының 7-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтерді жеткізушінің заңды мекенжайы немесе орналасқан орнының мекенжайыкөрсетіледі(дерекқорда заңды мекенжайы немесе орналасқан орнының мекенжайы болмаған жағдайда жол,толтырылмай қалдырыладыоны қолмен толтыру құқығы болмайды);

5) «ҚҚС төлеушінің куәлігі» деген 9-жолдаЭШФ жазып беретін тұлғаның ҚҚС бойынша куәлігінің деректемелері көрсетіледі. «Сериясы» деген 9.1және «Нөмірі»деген 9.2-жолдарда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің ҚҚС төлеуші куәлігінің сериясы меннөмірікөрсетіледі. Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтердіжеткізуші резидент заңды тұлғаныңқұрылымдық бөлімшесі (филиал немесеөкілдік) болып табылса, ондабұл жолдақұрылымдық бөлімшесі болып табылатын ҚҚС төлеуші заңды  тұлға куәлігінің сериясы мен нөмірі көрсетіледі(жол міндетті түрде толтыруға жатады). Егер жеткізуші ҚҚС төлеуші болып табылмаған жағдайда, 9.1 және 9.2-жолдар толтырылмайды;

6) «Жеткізушінің санаты» деген 10-жолда егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші комитент, комиссионер, экспедитор, лизинг беруші, бірлескен қызметке қатысушы, экспорттаушы немесе өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) (ӨБК) қатысушыболып табылса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің санаты көрсетіледі. Егержеткізушіжоғарыда аталған санаттың ешқайсысына жатпаса, жол толтырылмайды.

29. ЭШФ бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жазып берілген жағдайда «Жеткізушінің деректемелері» деген В бөлімінде:

1) Салық кодексінің 235-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес оның атынан ЭШФ жазып берілетін сенім білдірілген адамның (оператордың, уәкілетті өкілдің) немесе бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушысының деректемелері;

2) Салық кодексінің 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда оператордыңдеректемелері;

3) бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысының деректемелері көрсетіледі.

ЭШФ тапсырыс шарты шеңберінде жазып берілген жағдайда, «Жеткізушінің деректемелері» деин В бөлімінде Салық кодексінің 233-бабына сәйкес сенім білдірушінің деректемелері көрсетіледі.

Экспорттаушы, өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) (ӨБК) қатысушы болып табылатын, сондай-ақ Салық кодексінің 245-бабы
1-2-тармағына сәйкес тауарларды немесе Салық кодексінің 244-бабына сәйкес халықаралық тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша ҚҚС нөлдiкмөлшерлемесін қолданатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші «экспорттаушынемесеӨБК қатысушы» F торкөзін белгілейді.Бұл торкөзді белгілеген кездетауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердіжеткізуші ЭШФ-нішетел валютасында жазып бере алады.

«Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы»деген торкөзді белгілеген кездебірлескен қызмет туралышартқа қатысушылардың саны көрсетілетін «саны» деген 10.1-жол толтырылуға тиіс,бұл бірлескен қызметтіңәрбір қатысушысы үшін толтырылатын «Жеткізушінің деректемелері»деген В және «Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректері»деген Н бөлімдерінің санын арттырады;

4) «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтерді жеткізуді растайтын құжаттар» деген 11-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтерді жеткізуді растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі, «Нөмірі» деген 11.1 және «Күні» деген 11.2-жолдардан тұрады (егер 11.1 және 11.2-жолдар толтырылған жағдайда, жол міндетті түрде толтыруға жатады);

5) «Қосымшамәліметтер»деген 12-жолдамәмілеге қатысушыларға қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің қосымша мәліметтері көрсетіледі, мәліметтердің құрамын мәміле тараптары дербес айқындайды;

6) «КБЕ» деген 13-жолдатауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтердіжеткізушінің бенефициары коды екі цифр көрсетіледі: бенефициардың резиденттік белгісі және бенефициардың экономика секторы (бұл жол «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына сәйкес толтырылады);

7) «ЖСК»деген 14-жолдабанк шотының нөмірікөрсетіледі;

8) «БСК» деген 15-жолда 14-жолда көрсетілген жеткізушініңесеп шоты ашық жеткізуші банкінің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;

9) «Банктіңатауы»деген 16-жолда«БСК» деген 15-жолғасәйкес келетінжеткізушіге қызмет көрсетілетінбанктің атауы көрсетіледі.

Егер «Алушының санаты» деген 21-жолда «мемлекеттік мекемелер» деген Е торкөзі белгіленсе, 13–16-жолдарміндетті түрде толтыруға жатады.

30«Алушының деректемелері»деген С бөлімінде:

1) «ЖСН/БСН»деген 17-жолдатауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтерді алушының жеке сәйкестендірунөмірінемесе бизнес-сәйкестендірунөмірікөрсетіледі. Жол міндетті түрде толтыруға жатады.

Егер «Алушының санаты» деген 21-жолда «резидент емес» F торкөзі белгіленсе, онда бұл жол толтыруға міндетті болып табылмайды.

«Қайта ұйымдастырылған тұлғаның СТН» деген 17.1-жолда,егер түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып берген кезде  қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаныңқайта ұйымдастыру сәтіндебизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаса,мұндай тұлғаның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2)«Алушы» деген 18-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының атауыкөрсетіледі. Жол міндетті түрде толтыруға жатады;

3) «Орналасқан орнының мекенжайы» деген 19-жолда Салық кодексінің 560-бабының 7-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтерді алушының орналасқан орнының мекенжайы көрсетіледі (жеке тұлғаға ЭШФ жазып берілген жағдайда, жол толтыру үшін міндетті емес);

4) «Қосымша мәліметтер» деген 20-жолда мәмілеге қатысушыларға қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтерді алушының қосымша мәліметтері көрсетіледі мәліметтердің құрамын мәміле тараптары дербес айқындайды;

5) «Алушының санаты» деген 21-жолда егер ЭШФ жазып беру комитентке, комиссионерге, лизинг алушыға, бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушысына, мемлекеттік мекемеге немесе резидент емеске жүзеге асырылса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтерді алушының санаты көрсетіледі. Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтерді алушыжоғарыда аталған санаттың ешқайсысына жатпаған жағдайда, жол толтырылмайды.

«Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы» торкөзі белгіленген кезде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың саны көрсетілетін «саны» деген 21.1-жол толтырылады. «Алушының деректемелері» С және «Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетінқызметтері бойынша деректемелері» деген Н бөлімдер бұл жағдайда әрбір бірлескен қызметке қатысушы үшін толтырылады;

Бірлескен қызмет туралы шарттар шеңберінде ЭШФ жазып берілген жағдайда «Алушының деректемелері» деген С бөлімінде:

1) Салық кодексінің 235-бабы 3-тармағы 1) тармақшасына сәйкес ЭШФ жазып берілетін сенім білдірілген адамның (оператордың, уәкілетті өкілдің) немесе бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының деректемелері;

2) Салық кодексінің 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда оператордың деректемелері;

3) бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысының деректемелері көрсетіледі.

ЭШФ тапсырыс шартының шеңберінде жазып берілген жағдайда «Алушының деректемелері» С бөлімінде Салық кодексінің 233-бабына сәйкес сенім білдірушініңдеректемелері көрсетіледі.

31. «Жүкті жөнелтушініңжәне жүкті алушының деректемелері» деген D бөлімінде жүкті жөнелтушінің және жүкті алушының(олар болған кезде)мынадай деректемелері көрсетіледі:

1) «ЖСН/БСН» деген 22.1-жолда жүкті жөнелтушінің жеке сәйкестендірунөмірінемесе бизнес-сәйкестендірунөмірікөрсетіледі;

2) «Атауы» деген 22.2-жолда жүкті жөнелтушінің атауыкөрсетіледі;

3) «Жөнелту мекенжайы» деген 22.3-жолда тауарды жөнелту орынының мекенжайыкөрсетіледі;

4) «ЖСН/БСН» деген 23.1-жолда жүкті алушының жеке сәйкестендірунөмірінемесе бизнес-сәйкестендірунөмірікөрсетіледі;

5) «Атауы»деген 23.2-жолдажүкті алушының атауыкөрсетіледі;

6) «Жеткізу мекенжайы» деген 23.3-жолда тауарды жеткізу орынының мекенжайы көрсетіледі.

32. «Жеткізушарттары»деген Е бөлімінде:

1) «Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге шарт (келісімшарт)»деген 24-жолтауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтерді жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нөмірі көрсетілетін«нөмірі» деген24.1-жолдан жәнетауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтерді жеткізуге шарттың (келісімшарттың) күні көрсетілетін «күні» деген 24.2-жолдан тұрады. Бұл жолдар өзара тәуелді жолдар болып табылады;

2) «Шарт бойынша төлемталаптары» деген 25-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтерді жеткізуге арналған шартқа(келісімшартқа) сәйкес төлемталаптары көрсетіледі;

3) «Жөнелту тәсілі» деген 26-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтерді жеткізуге арналған шартқа(келісімшартқа) сәйкес жөнелту тәсілі көрсетіледі;

4) «Тауарларды жеткізу сенімхатбойынша жүзегеасырылды»деген 27-жолоның негізінде тауарларды жеткізу жүзеге асырылған сенімхаттыңнөмірі көрсетілетін «нөмірі» деген 27.1-жолдан және оның негізінде осындай тауарларды жеткізу жүзеге асырылған сенімхаттың күні көрсетілетін «күні» деген 27.2-жолдан тұрады. Бұл жолдар өзара тәуелді жолдар болып табылады;

5) «Межелі пункті» деген 28-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа) сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетінқызметтердің межелі пункті көрсетіледі.

33. «Мемлекеттік мекеменің деректемелері»деген F бөлімінде:

1) «ЖСК» деген 29-жолда мемлекеттік мекеменің жеке сәйкестендіру коды көрсетіледі;

2) «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің коды» деген 30-жолда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығымен бекітілген Республикалық немесе жергiлiктiбюджеттiңесебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiңиелiгiнде қалатын мемлекеттiкмекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiнқызметтерi)тiзбесiнiңсыныптауышына сәйкестауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің коды көрсетіледі (бұл жол егер 29-жолда ақылы көрсетілетін қызметтердің бюджеттен тыс шоты (мемлекеттік мекемеге тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден олардың иелігінде қалатын ақша) көрсетілген жағдайда толтыру үшін міндетті болып табылады;

3) «Төлем мақсаты» деген 31-жолда осы шот-фактура бойынша мемлекеттік мекеме сатып алған тауарларға, жұмыстарға,көрсетілетін қызметтерге, айналымғаақы төлеу үшін төлем мақсаты көрсетіледі;

4) «БСК» деген 32-жолдаЭШФ АЖ автоматты түрде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның банктік сәйкестендіру нөмірінкөрсетеді.

Осы тармақта көрсетілген деректемелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес толтырылады.

«Мемлекеттік мекеменің деректемелері» деген F бөлімінтолтыру ЭШФ-нымемлекеттік мекеменің атынажазып берген кезде міндетті болып табылады.

34. «Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер»деген G бөлімінде:

1) «Валюта коды» деген 33.1-жолда Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген  «Валюталар жіктеуіші» деген 23-қосымшаға сәйкес валюта коды көрсетіледі (егер «Жеткізушінің санаты» деген 10-жолда «экспорттаушы немесе ӨБК қатысушы» деген F торкөзі белгіленсе, жол толтырылады);

2) «Валюта бағамы» деген 33.2-жолда:

егер жеткізуші ол үшін 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзырлы орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта айқындалған салық режимі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерүшін сақталатынжер қойнауын пайдаланушы болып табылған жағдайда – осы өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) сәйкес қолданылатын валюта бағамы;

өзге жағдайларда – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күнінде белгіленген валютаның нарықтық бағамы көрсетіледі.

Егер «Жеткізушінің санаты»деген 10-жолда «экспорттаушы немесе ӨБК қатысушы» деген F торкөзі белгіленсе және «Валюта коды» деген 33.1-жолда «КZT»-ден өзгеше мән көрсетілсе, осы жол толтырылады;

3) «Р\с№» деген 1-бағанда тауарлардың, жұмыстардың,көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

4) «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетінқызметтердің атауы» деген 2-бағанда өткізілетін тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауы көрсетіледі;

5) «Тауар коды (СЭҚ ТН)»деген 3-бағандаЕуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының жіктеуішіне сәйкес сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды (ол болған кезде) көрсетіледі (жол тауарлар экспортталған кезде толтырылады);

6) «Өлшем бірлігі» деген 4-бағандаөткізілетін тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өлшем бірлігі (шартты белгі) (ол болған кезде)көрсетіледі;

7) «Саны (көлемі)» деген 5-бағанда осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген өткізілетін тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің ЭШФ бойынша өткізілетін, қабылданған өлшем бірліктеріне сүйене отырып саны (көлемі) (оларды көрсету мүмкін болған кезде) көрсетіледі;

8) «Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігі үшін бағасы (тариф)» деген 6-бағанда ҚҚС мен акцизді есепке алмағандағы тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің шарт (келісімшарт) бойынша бірлігі үшін бағасы (тариф) (оны көрсету мүмкіндігі болған кезде) көрсетіледі;

9) «Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетінқызметтердің құны» деген 7-бағанда ҚҚС мен акцизді есепке алмағандағы ЭШФ бойынша жөнелтілген (жеткізілетін) тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі(жол міндетті түрде толтыруға жатады);

10) «Акциздің мөлшерлемесі» деген 8-бағанда акцизделетін тауарлардыөткізген жағдайда акциздің мөлшерлемесікөрсетіледі;

11) «Акциз сомасы»деген 9-бағанда8-жолда көрсетілген мөлшерлеме бойынша есептелген акцизделетін тауарлар бойынша сома көрсетіледі;

12) «Өткізу бойынша айналымның мөлшері»деген 10-бағанда Салық кодексінің 238-бабына сәйкес айқындалған өткізу бойынша айналым мөлшері көрсетіледі(жол міндетті түрде толтыруға жатады);

13) «ҚҚСмөлшерлемесі» деген 11-бағанда ҚҚСмөлшерлемесі көрсетіледі. Салықсалынбайтын айналымдар бойынша ЭШФжазып берілген, сондай-ақ ҚҚС төлеуші болып табылмайтынсалық төлеушігеЭШФ жазып берілген жағдайда, «ҚҚС-сыз» белгісі көрсетіледі.

Егертауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушіҚҚС төлеуші болып табылмайтын болса, жол «ҚҚС-сыз»мәнімен түзету мүмкіндігінсізтолтырылады;

14) «ҚҚС сомасы»деген 12-бағанда осы тармақтың 13) тармақшасында көрсетілгенмөлшерлеме бойынша есептелген ҚҚС сомасы көрсетіледі(жол міндетті түрде толтыруға жатады);

15) «Жанама салықтарды есепке алғандағытауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетінқызметтердіңқұны» деген 13-бағанда ҚҚС мен акцизді есепке алмағандағы ЭШФ бойынша жөнелтілген (жеткізілетін) тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады);

16) «КО шеңберінде өтініштің немесеТауарларға арналған декларация нөмірі» деген 14-бағанда оның негізінде өткізілетін тауарлар сатып алынған тауарлар әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің 18 мәнді тіркеу нөмірі немесе тауарларға арналған декларацияның 20 мәнді тіркеу нөмірі көрсетіледі. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің немесе тауарларға арналған декларацияның әртүрлі тіркеу нөмірлері бойынша біртектес импортталған тауарлар осыбөлімнің жекелеген жолдарында көрсетіледі;

17) «Қосымша деректер» деген 15-жолда мәмілеге қатысушыларға қажетті қосымша мәліметтер көрсетіледі. Бұл бағанда мәліметтердің құрамын мәміле тараптары дербес айқындайды.

35. «Бірлескен қызметке қатысушылардыңтауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректері»деген Н бөлімінде:

1) «Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының ЖСН/БСН»деген 34.1-жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

«Қайта ұйымдастырылған тұлғаның СТН» деген 34.2-жолда түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып берген кезде  қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қайта ұйымдастыру сәтінде бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаса,мұндай тұлғаның тіркеу нөмірі көрсетіледі.

Бұлбөлімбірлескен қызмет туралы шарттыңәрбір қатысушысы бойыншабірлескен қызмет туралы шартта айқындалған олардың қатысу үлесіне қарай осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес толтырылады;

2) «Қосымша мәліметтер»деген I бөлімінде  35-жолда мәмілеге қатысушыларға қажетті мәліметтер көрсетіледі. Мәліметтердің құрамын мәміле тараптары дербес айқындайды;

36.«ЭЦҚ бойынша мәліметтер»деген Jбөлімінде:

1) «Заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немеседара кәсіпкердің ЭЦҚ» деген 36-жолда егер шот-фактураға қол қою заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің ҰКО тіркеу куәлігінің көмегімен орындалған жағдайда заңды тұлғаның (заңды  тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) ЭЦҚ көрсетіледі;

2) «Шот-фактураға қол қоюға уәкілетті адамның ЭЦҚ» деген 37-жолда егер шот-фактураға қол қою ЭШФ қатысушы атынан шот-фактура жазып беруге құқылы жеке тұлғаның ҰКОжеке тіркеу куәлігінің көмегімен орындалған жағдайда шот-фактураға қол қоюға уәкілетті адамның ЭЦҚ қойылады.

37. Жазып берілген ЭШФ-датолтыру үшін міндетті болып табылатын деректемелер және салық төлеуші өзі дербес толтырған деректемелер көрсетіледі.

38. ЭШФ, егер осы Қағидаларға сәйкес оған ЭШФ АЖ қатысушы ЭЦҚ құралдарымен қол қойса, сондай-ақ осындай ЭШФ-на тіркеу нөмірі берілсе, ЭШФ жазып берген адам жіберген деп саналады.

 

 

3. ЭШФ куәландыру тәртібі

39. Құжат айналымы жұмысын қамтамасыз ету, жүйедегі сәйкестендіру, электронды құжаттарға қол қою,электрондық құжаттардың түпнұсқалығын растау үшін ЭШФ АЖ-деҰКОтіркеу куәліктерімен міндетті түрде қол қою көзделген.

40. ЭШФ заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе уәкілетті адамныңЭЦҚкуәландырылады.

41. ЭШФ куәландыру кезінде ЭШФ АЖ тіркеу куәлігіносы тіркеу куәлігінің жарамдылағы(қолданылу мерзімі, тіркеу куәлігі иесінің сәйкестендіру деректері және т.б.) мәніне тексеруді жүзеге асырылады.

 

 

4. Түзетілген, қосымша ЭШФ алынғанын және (немесе)оны қайтарып алуды растау ерекшеліктері

42.Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші жазып берген түзетілген, қосымша және (немесе) қайтарып алынған ЭШФ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушы ЭШФ АЖ құралдарымен растайды.

43. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының түзетілген, қосымша және (немесе) қайтарып алынған ЭШФ растауының болуы  тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің ҚҚС бойынша салық салынатын айналымын өзгерту үшін негіз болып табылады.

5. ЭШФ сақтау тәртібі

 

44. Осы Қағидаларда көзделген электрондыққұжаттар салық заңнамасында белгіленген талап ету мерзімі ішінде ЭШФ АЖ-десақталады.

45. Сақтауға:

1) осы Қағидаларғасәйкес куәландырылған ЭШФ;

2) осы Қағидаларға сәйкес ресімделген басқа да электрондық құжаттар жатады.

46. Тіркеуден өткен және ЭШФ АЖ-десақталған электрондық құжаттар:

1) түзетуге жатпайды, бірақ ЭШФ АЖ қатысушының қарауы үшін қол жетімді болады;

2) санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалады.

 

 

6. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталықуәкілетті орган мен салық қызметі органдары арасындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібі

 

47. Салық қызметі органдары автоматты режимде ЭШФ операторына ЭШФАЖ-неқатысушылардың нормативтік-анықтамалық ақпаратын береді.

48. ЭШФ АЖ операторы тіркелуі және сақталуы осы Қағидаларда белгіленген ЭШФ автоматты режимде салық қызметі органдарынабереді.

__________________________