Жарияланған күні: 22.09.2017 14:45
Өзгертілген күні: 22.09.2017 14:48

Еуразиялық экономикалық комиссиясының

кейбір шешімдерінің күшіне енуіне қатысты

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №24-4/717-И ұсынылған Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелу кезінде тарифті преференциялар ұсынылатын дамушы және аз дамыған елдерден шығарылған тауарлар тізімі туралы» 2017 жылғы 13 қаңтардағы №8 шешімінің  2017 жылғы 28 тамыздан бастап күшіне енгені туралы ақпаратты хабарлайды.

Бұдан басқа, ЕАЭО СЭҚ ТН-на өзгерістерді көздейтін және ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің импорттық кедендік баждарының мөлшерлемелерін бекіту бойынша кейбір Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімдерінің күшіне енуі туралы хабарлайды.

Осы шешімдермен Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми интернет-ресурсында https://docs.eaeunion.org/ru-ru. танысуға болады.