Жарияланған күні: 30.01.2017 17:53
Өзгертілген күні: 30.01.2017 17:54

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мынаны хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 736 қаулысымен ҚР Үкіметінің 19.08.2014 жылғы № 824 қаулысымен бекітілген, 20.12.2016 жылдан бастап күшіне енген (10.12.2016 жылы ресми жарияланған), ЕАЭҚ-да тауарлар импортын ҚҚС  босату қағидаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.

Қағидалардың қолданысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортын жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылады.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларда көзделген тиісті құжаттарды ұсынылған кезде қосылған құн салығынан босатылады.

Қағидаларда көзделген құжаттар Кодекстің 276-20-бабында белгіленген мерзімде ұсынылады.

2014 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулының жаңа редакциясында Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды бойынша салық органына ұсыну алынып тасталды.

            Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін Қағиданың 9-тармағымен көзделген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына құжаттарды ұсыну қажет, соның ішінде толық фирмалық атауы, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының нақты кіші тауар субпозициясына біржола жатқызуға мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары, сондай-ақ қажет болған жағдайда фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа құжаттар ұсынылады.

Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 10, 11 және 12-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарлар босатуды беруге байланысты мақсаттарға ғана пайдаланылуы тиіс. Импорттаушы көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған жағдайда мұндай тауарлардың импорты бойынша төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.

Қағидалардың 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарларды: денсаулық сақтау саласында және ветеринария саласында.

Импорттаушы көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасындағы тиісті фармацевтикалық, медициналық немесе ветеринариялық қызметке сәйкес келмейтін мақсатта пайдаланған жағдайда, мұндай тауарлардың импорты бойынша төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.