Жарияланған күні: 17.04.2019 12:07
Өзгертілген күні: 17.04.2019 12:08

Қостанай облысы бойынша Мемелекеттік кірістер департаменті 2019 жылғы 13 сәуірде халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды декларациялау бөлігінде өзгерістерді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының № 241-VІ ҚРЗ күшіне енгенін хабарлайды.

Заңның 10-тармағының 6-тармақшасында: дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттар халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды – ішкі тұтыну үшін шығару, экспорт кедендік рәсімдеріне сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан халықаралық пошта жөнелтілімдерімен әкетілген және алушыларға табыс етілмеген тауарларды кері импорт кедендік рәсіміне сәйкес кедендік декларациялау кезінде мынадай:

1) осындай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленуге жатпайтын;

2) осындай тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер белгіленбеген, ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылмайтын жағдайларда, тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылуы мүмкін, деп жазылған.

 

   Кедендік бақылау басқармасы