Жарияланған күні: 01.08.2017 18:05
Өзгертілген күні: 01.08.2017 18:06

«КААЖ-2 ҚБҚ-да сыртқы экономика қызметіне қатысушылардың жеке шоттарының сальдосын нөлдеу бойынша ақпарат».

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің 2017 жылғы 28 шілдедегі №355 «Жеке шоттар туралы»  бұйрығына сәйкес  Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазіргі уақытта кедендік декларациялау және кедендік тазарту кезінде қолданылатын КААЖ-2 ҚБҚ-да СЭҚ қатысушылардың жеке шоттарының сальдосын нөлдеу бойынша жұмыс жүргізуде, кедендік төлемдер және салықтар бойынша есепті салыстырып тексеру мерзімі – ү.ж. 11 тамызына дейін.

Жазылғанның негізінде, Қостанай облысында сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын барлық СЭҚ қатысушыларды, жеке, заңды және өзге де мүдделі тұлғаларды КААЖ-2 ҚБҚ-ғы жеке шоттарды салыстырып тексеруді жүргізуді сұраймыз. 

Сұрақтар туындаған жағдайда, Департаменттің  Мемлеттік қызметтер көрсету басқармасының жеке шоттарды есепке алу және жүргізу бөліміне, Қостанай қаласы, Майлин к-сі, 2, тел: 8(7142) 53-56-13 жүгінуге болады.