Жарияланған күні: 31.07.2015 10:04
Өзгертілген күні: 31.07.2015 10:05

Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10502 тіркелді

      «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
       3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
 Қаржы Министрінің  
2015 жылғы 13 ақпандағы
 № 88 бұйрығымен    
 бекітілген     

   Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды (бұдан әрі - Декларациялар) табыс ету тәртібін айқындайды.
      2. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналым көлемін декларациялау этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы туралы мәліметтер көрсетілетін декларацияларды табыс ету арқылы жүргізіледі.
      3. Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды жеке және заңды тұлғалар электрондық түрде есепті айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей ай сайын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған орны бойынша мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі - салық органы) табыс етеді.
      4. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген табыс ету мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда, Декларацияларды табыс ету мерзімі аяқталуға дейін үш жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта және электрондық түрде Декларацияларды табыс ету мерзімін ұзарту туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) нысан бойынша, мемлекеттік кірістер органына табыс етеді.
      Мемлекеттік кірістер органы өтінішті алған кезде Декларацияларды табыс ету мерзімін ұзартады, бірақ ол күнтізбелік 10 күннен аспауы тиіс.
      5. Осы Қағидаларға сәйкес табыс ететін Декларацияларға этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.
      6. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру мен олардың өндіру және айналым көлемін декларациялау кезінде қолданатын өлшеуіш бірлігі 1 дал 10 литрге тең келетін декалитр болып табылады.
      7. Декларация өзіне мыналарды:
      1) Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру мен олардың айналымы бойынша декларацияны;
      2) Алкоголь өнімін өндіру және айналымы бойынша декларацияны;
      3) Алкоголь өнімінің айналымы бойынша декларацияны қамтиды.

   2. Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және
айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібі

      8. Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды (бұдан әрі - 1-декларация) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық органына этил спиртін өндіруге арналған лицензияның немесе лицензияға қосымшаның және (немесе) шарап материалын өндіруге арналған лицензияның немесе лицензияға қосымшаның негізінде этил спирті және (немесе) шарап материалының өндірісін және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табыс етеді.
      9. «СОК» жолында 1-декларацияны табыс ететін мемлекеттіқ кірістер органының коды көрсетіледі.
      10. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
      11. «Субъектінің атауы» жолында 1-декларацияны табыс ететін этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндірушінің толық атауы көрсетіледі.
      12. «Есепті кезең» жолында этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіруші 1-декларацияны табыс ететін есепті кезең (ай) көрсетіледі.
      13. «Есептілік түрі» жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді.
      Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде «Негізгі» ұяшығы белгіленеді.
      Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда «қосымша» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.
      14. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
      15. 2-бағанда этил спирті немесе шарап материалын өндіруге арналған лицензияға немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі.
      1-декларацияның 2-бағандары лицензияда немесе лицензияның қосымшасында көрсетілген этил спирті немесе шарап материалын өндіру жөніндегі қызметті жеке және заңды тұлғалардың жүзеге асыратын әрбір мекенжайы бойынша жеке толтырылады.
      16. 3-бағанда өнімнің түрі: этил спирті немесе шарап материалы көрсетіледі.
      17. 4-бағанда импорт немесе экспорт кезінде этил спирті немесе шарап материалының сыртқы экономикалық тауарлық номенклатурасының коды (бұдан әрі - СЭҚ ТН) көрсетіледі.
      18. 5-бағанда есепті кезеңнің басында өндірушіде қалған этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
      Бұл көрсеткіш қалдықтардан алдыңғы есептік кезеңінің соңына көшіріледі.
      Этил спирті және (немесе) шарап материалын өндіру қызметін алғаш рет бастаған жеке немесе заңды тұлғалар, осы бағанды толтырған кезде, этил спирті мен шарап материалының нөлдік қалдығын көрсетеді.
      19. 6-бағанда өндірілген этил спирті немесе шарап материалының және басқа жеткізушілерден сатып алған немесе алған жалпы саны көрсетіледі (6-бағанның мәні 7, 8, 9, 10, 11-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
      20. 7-бағанда өндірген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
      21. 8-бағанда Қазақстан Республикасының басқа да жеткізушілерден сатып алған немесе алған этил спиртінің немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
      22. 9-бағанда бұрын өткізілген немесе тиеліп жөнелтілген этил спирті немесе шарап материалының қайтарылған көлемі көрсетіледі.
      23. 10-бағанда үшінші елдерден әкелінген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
      24. 11-бағанда Кедендік одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
      25. 12-бағанда жұмсалған этил спирті немесе шарап материалының жалпы көлемі көрсетіледі (12-бағанның мәні 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
      26. 13-бағанда өз өндірісі үшін жұмсалған этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
      27. 14-бағанда алкоголь өнімін өндіру үшін басқа өндірушілерге өткізілген этил спиртінің немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
      28. 15-бағанда экспортқа өткізілген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
      29. 16-бағанда алкоголь өнімін өндірумен байланысты емес техникалық қажеттілікке өткізілген этил спиртінің көлемі көрсетіледі.
      30. 17-бағанда алушыларға медициналық мақсаттар үшін өткізілген этил спиртінің көлемі көрсетіледі.
      31. 18-бағанда өндіру процесінде этил спиртінің немесе шарап материалы шығындарының көлемі көрсетіледі.
      32. 19-бағанда бұрын сатып алынған қайтару этил спиртінің немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
      33. 20-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде этил спиртінің немесе шарап материалының өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.
      34. 21-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде этил спиртінің немесе шарап материалының өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.
      35. 22-бағанда есепті кезеңнің соңында қалған этил спиртінің немесе шарап материалының қалдығы көрсетіледі (22-бағанның мәні 12-бағанның мәнін шегеруімен, 5 және 6-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

   3. Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі
декларацияларын табыс ету тәртібі

      36. Алкоголь өнімін өндіру мен айналымы жөніндегі декларацияны (бұдан әрі - 2-декларация) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық органына алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензияның немесе лицензияға қосымшаның негізінде алкоголь өнімін өндіруді және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табыс етеді.
      37. «СОК» жолында 2-декларацияны табыс ететін мемлекеттіқ кірістер органының коды көрсетіледі.
      38. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
      39. «Субъектінің атауы» жолында алкоголь өнімін өндірушінің толық атауы көрсетіледі.
      40. «Есепті кезең» жолында алкоголь өнімін өндіруші 2-декларацияны табыс ететін есепті кезең (ай) көрсетіледі.
      41. «Есептілік түрі» жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді.
      Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде «Негізгі» ұяшығы белгіленеді.
      Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда «қосымша» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.
      42. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
      43. 2-бағанда алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензияға немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі.
      2-декларацияның 2-бағандары лицензияда көрсетілген қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әрбір мекенжайы бойынша жеке толтырылады.
      44. 3-бағанда алкоголь өнімінің түрі көрсетіледі.
      45. 4-бағанда импорт немесе экспорт кезінде алкоголь өнімінің СЭҚ ТН көрсетіледі.
      46. 5-бағанда алкоголь өнімінің (сырадан басқа) түрлері бойынша сусыз спирттің пайыздық құрамы көрсетіледі.
      47. 6-бағанда есепті кезеңнің басындағы алкоголь өнімінің қалдығы көрсетіледі.
      Бұл көрсеткіш қалдықтардан алдыңғы есептік кезеңінің соңына көшіріледі. Алкоголь өнімін өндіру қызметін алғаш рет бастаған жеке немесе заңды тұлғалар, осы бағанды толтырған кезде, алкоголь өнімінің нөлдік қалдығын көрсетеді.
      48. 7-бағанда алкоголь өнімінің келіп түскен жалпы көлемі көрсетіледі (7-бағанның мәні 8, 9, 10, 11, 12-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
      49. 8-бағанда алкоголь өнімін өндіру түрлері бойынша көлемі көрсетіледі.
      50. 9-бағанда Қазақстан Республикасының басқа да жеткізушілерден алған алкоголь өнімінің түрлері бойынша көлемі көрсетіледі.
      51. 10-бағанда бұрын өткізілген немесе тиеліп жөнелтілген алкоголь өнімінің қайтарылған көлемі көрсетіледі.
      52. 11-бағанда үшінші елдерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
      53. 12-бағанда Кедендік одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
      54. 13-бағанда алкоголь өнімінің жалпы шығыны көрсетіледі (13-бағанның мәні 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
      55. 14-бағанда ішкі нарыққа өткізілген алкоголь өнімінің көлемдері көрсетіледі.
      56. 15-бағанда өз құрылымдық бөлімшелеріне немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
      57. 16-бағанда экспортқа өткізілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
      58. 17-бағанда өндіріс процесінде алкоголь өнімінің шығыны көрсетіледі.
      59. 18-бағанда сатып алынған алкоголь өнімінің қайтару көрсетіледі.
      60. 19-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.
      61. 20-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.
      62. 21-бағанда есепті кезеңнің соңында қалған алкоголь өнімінің қалдығы көрсетіледі (21-бағанның мәні 13-бағанның мәнін шегеруімен, 6 және 7-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
      63. Алкоголь өнімінің өндірісінде шикізат балансын жеке немесе заңды тұлғалар есепті кезең үшін этил спирті немесе шарап материалынан өндірілген алкоголь өнімі өндірісінің көлемдері бар болған жағдайда 2-декларацияға қосымшаға сәйкес нысаны бойынша (бұдан әрі - Шикізат балансы) жасайды.
      64. «СОК» жолында Шикізат балансы табыс етілетін мемлекеттіқ кірістер органының коды көрсетіледі.
      65. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
      66. «Субъектінің атауы» жолында Шикізат балансын табыс ететін алкоголь өнімін өндірушінің толық атауы көрсетіледі.
      67. «Есепті кезең» жолында Шикізат балансы табыс етілетін есепті кезең (ай) көрсетіледі.
      68. «Есептілік түрі» жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді.
      Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде «Негізгі» ұяшығы белгіленеді.
      Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда «қосымша» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.
      69. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
      70. 2-бағанда алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензияға немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі.
      2-бағанда Шикізат балансын лицензияда көрсетілген қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әрбір мекенжайы бойынша жеке толтырылады.
      71. 3-бағанда шикізаттың атауы (этил спирті немесе шарап материалы) көрсетіледі.
      72. 4-бағанда Қазақстан Республикасына шикізатты импорттау кезінде СЭҚ ТН коды көрсетіледі.
      73. 5-бағанда шикізатты жеткізушінің атауы көрсетіледі.
      74. 6-бағанда шикізат жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
      75. 7-бағанда электроэнергия құрылғыларының есептік көрсеткіштері есеп беру кедеңінің басына көрсетіледі.
      76. 8-бағанда электроэнергия құрылғыларының есептік көрсеткіштері есеп беру кедеңінің соңына көрсетіледі.
      77. 9-бағанда су құрылғыларының есептік көрсеткіштері есеп беру кедеңінің басына көрсетіледі.
      78. 10-бағанда су құрылғыларының есептік көрсеткіштері есеп беру кедеңінің соңына көрсетіледі.
      79. 11-бағанда есепті кезеңнің басында шикізаттың жалпы қалдығы көрсетіледі.
      80. 12-бағанда келіп түскен шикізаттың жалпы көлемі көрсетіледі.
      81. 13-бағанда алкоголь өнімінің өндірісіне жұмсалған шикізаттың көлемі көрсетіледі.
      82. 14-бағанда өндіріс паспорты бойынша 1 дал алкоголь өнімінің өндірісіне жұмсалатын шикізаттың мөлшері көрсетіледі.
      83. 15-бағанда өндіріс процесінде шикізаттың шығындары көрсетіледі.
      84. 16-бағанда алкоголь өнімнің өндірілген түрі көрсетіледі.
      85. 17-бағанда өндірілген алкоголь өнімдегі (сырадан басқа) сусыз спирттің пайыздық құрамы көрсетіледі.
      86. 18-бағанда өндірілген алкоголь өнімнің көлемі көрсетіледі.
      87. 19-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде шикізаттың өзге де шығындарының көлемі көрсетіледі.
      88. 20-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде шикізаттың өзге де шығындарының көлемі көрсетіледі.
      89. 21-бағанда есепті кезеңнің соңында қалған шикізаттың қалдығы көрсетіледі (21-бағанның мәні 13, 15, 19, 20-бағандардың мәндерін шегеруімен, 11 және 12-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
      90. 22-бағанда есепті кезеңнің басындағы алкоголь өнімінің өндіру кезендегі шикізаттың көлемі көрсетіледі.
      91. 23-бағанда есепті кезеңнің соңындағы алкоголь өнімінің өндіру кезеңдегі шикізаттың көлемі көрсетіледі.

   4. Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларацияларды
табыс ету тәртібі

      92. Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларацияны (бұдан әрі - 3-декларация) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық органына алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сатуға арналған лицензияның негізінде алкоголь өнімінің айналымын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар табыс етеді.
      93. «СОК» жолында 3-декларацияны табыс ететін салық органының коды көрсетіледі.
      94. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
      95. «Субъектінің атауы» жолында 3-декларацияны табыс ететін алкоголь өнімін сақтайтын және көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі.
      96. «Есепті кезең» жолында этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіруші 3-декларацияны табыс ететін есепті кезең (ай) көрсетіледі.
      97. «Есептілік түрі» жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді.
      Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде «Негізгі» ұяшығы белгіленеді.
      Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда «қосымша» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.
      98. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
      99. 2-бағанда жеке немесе заңды тұлғаның қойма ғимаратының орналасқан мекенжайы көрсетіледі.
      3-декларацияның 2-бағандары лицензияда көрсетілген қызметті жүзеге асырудың әрбір мекенжайы бойынша жеке және заңды тұлғалар бөлек толтырылады.
      100. 3-бағанда алкоголь өнімінің түрі көрсетіледі.
      101. 4-бағанда импорт немесе экспорт кезінде алкоголь өнімінің СЭҚ ТН көрсетіледі.
      102. 5-бағанда есепті кезеңнің басындағы алкоголь өнімінің қалдығы көрсетіледі.
      Бұл көрсеткіш қалдықтардан алдыңғы есептік кезеңінің соңына көшіріледі. Алкоголь өнімін өндіру қызметін алғаш рет бастаған жеке немесе заңды тұлғалар, осы бағанды толтырған кезде, алкоголь өнімінің нөлдік қалдығын көрсетеді.
      103. 6-бағанда алкоголь өнімінің келіп түскен жалпы көлемі көрсетіледі (6-бағанның мәні 7, 8, 9, 10-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
      104. 7-бағанда Қазақстан Республикасының жеткізушілерінен түскен алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
      105. 8-бағанда бұрын өткізілген алкоголь өнімдерінің қайтарылғандарының көлемдері көрсетіледі.
      106. 9-бағанда үшінші елдерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
      107. 10-бағанда Кедендік одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
      108. 11-бағанда есепті кезең үшін алкоголь өнімі шығынының жалпы көлемі көрсетіледі (11-бағанның мәні 12, 13, 14, 15, 16, 17-бағандардың мәндерінің қосындысымен теңдеседі).
      109. 12-бағанда ішкі нарыққа өткізілген алкоголь өнімінің көлемдері көрсетіледі.
      110. 13-бағанда өз құрылымдық бөлімшелеріне немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
      111. 14-бағанда экспортқа өткізілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
      112. 15-бағанда бұрын сатып алынған алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.
      113. 16-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.
      114. 17-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.
      115. 18-бағанда есепті кезеңнің соңына, шикізаттың жалпы қалдығы көрсетіледі (18-бағанның мәні 11-бағанның мәнін шегеруімен, 5 және 6-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

  Этил спирті мен алкоголь 
өнімін өндіру және айналымы
 жөніндегі декларацияларды
 табыс ету қағидаларына  
 1-қосымша        

Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру мен айналымы
жөніндегі декларацияның, алкоголь өнімін өндіру мен айналымы
жөніндегі декларацияның, алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі
     декларацияның табыс ету мерзімін ұзарту туралы өтініш

      Салық төлеушінің атауы ________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      ЖСН/БСН _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Табыс ету мерзімін ұзартуды сұраймын (декларацияның атауын көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Нысанның коды: ________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органының коды: __________________________

Есепті кезең: Айы

 

 

Жылы

 

 

      Басшының қолы ______________________

      М.О.

  Этил спирті мен алкоголь 
өнімін өндіру және айналымы
 жөніндегі декларацияларды
 табыс ету қағидаларына  
 2-қосымша        

Нысан

СОК _______________________________________________
ЖСН/БСН ___________________________________________
Субъектінің атауы _________________________________
Есепті кезең ______________________________________
Есептіліктің түрі _________________________________

 Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларация

Р/с

Немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы

Өнімнің түрі (этил спирті немесе шарап материалы)

СЭҚ ТН коды (этил спиртін немесе шарап материалын импорттағанда немесе экспорттағанда)

Есепті кезеңнің басындағы этил спирті немесе шарап материалының қалдығы, дал

Этил спиртін немесе шарап материалдың кірісі, оның ішінде:

Барлығы

Өз өндірісінің көлемі

Басқа жеткізушілерден алынды (оның ішінде импорт бойынша бұрын өткізілгенді қайтару)

Қазақстан Республикасында жеткізушілерден алынды

бұрын өткізілгенді қайтару

үшінші елдерден алынды

Кедендік одаққа мүше мемлекеттерден алынды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

кестенің жалғасы

Этил спиртінің немесе шарап материалының шығыстар,

Есепті кезең соңындағы қалдық

Барлығы

Алкоголь өнімін өз өндірісі үшін

Басқа тұлғаларға алкоголь өнімін өндіру үшін этил спирті мен шарап материалы өткізілді

Экспортқа өткізілді

Техниқалық қажеттіліктерге өткізілді (этил спирті үшін)

медициналық мақсаттар үшін өткізілді (этил спирті үшін

Өндіру процесіндегі шығыстар

Өзге де шығыстар

бұзылған, жоғалған, тәркіленген

бүлінуі, жоғалуы, тәркілеу

бүлінуі, жоғалуы ТЖ

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Этил спирті мен алкоголь 
өнімін өндіру және айналымы
 жөніндегі декларацияларды
 табыс ету қағидаларына  
 3-қосымша        

Нысан

СОК _______________________________________________
ЖСН/БСН ___________________________________________
Субъектінің атауы _________________________________
Есепті кезең ______________________________________
Есептіліктің түрі _________________________________

 Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларация

Р/с

Немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы

Өнімнің түрі (этил спирті немесе шарап материалы)

СЭҚ ТН коды (этил спиртін немесе шарап материалын импорттағанда немесе экспорттағанда)

Алкоголь өніміндегі (сырадан басқа) сусыз спирттің пайыздық құрамы

Есепті кезеңнің басындағы этил спирті немесе шарап материалының қалдығы, дал

Алкоголь өнімінің көлімі, оның ішінде:

Барлығы

өндірісінің көлемі

Алынды (оның ішінде импорт бойынша бұрын өткізілген немесе тиеп жөнелтілген өнімді қайтару)

Қазақстан Республикасында жеткізушілерден алынды

бұрын өткізілгенді қайтару

үшінші елдерден алынды

Кедендік одаққа мүше мемлекеттерден алынды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

кестенің жалғасы

Алкоголь өнімінің шығыны, оның ішінде:

Есепті кезең соңындағы қалдық

Барлығы

Ішкі нарыққа өткізілген алкоголь өнімінің көлемі

өз құрылымдық бөлімшелеріне немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтілген алкоголь өнімінің көлемі

Экспортқа өткізілді

Өндіру процесіндегі шығыстар

Өзге де шығыстар

бұзылған, жоғалған, тәркіленген

бүлінуі, жоғалуы, тәркілеу

бүлінуі, жоғалуы ТЖ

13

14

15

16

17

18

19

20

21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Алкоголь өнімін өндіру
 мен айналымы жөніндегі
 декларацияға қосымша 

Нысан

СОК _______________________________________________
ЖСН/БСН ___________________________________________
Субъектінің атауы _________________________________
Есепті кезең ______________________________________
Есептіліктің түрі _________________________________

 Алкоголь өнімінің өндірісіне шикізат балансы

Р/с

Лицензияға немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы

Шикізаттың атауы

СЭҚ ТН коды (этил спиртін немесе шарап материалын импорттағанда)

Шикізат жеткізуші туралы мәлімет

Электроэнергия құрылғыларының есептік көрсеткіштері

Су құрылғыларының есептік көрсеткіштері

атауы
СТН

ЖСН/БСН

Есеп беру кедеңінің басына

Есеп беру кедеңінің соңына

Есеп беру кедеңінің басына

Есеп беру кедеңінің соңына

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

кестенің жалғасы

Шикізаттың қозғалысы, дал

Алкоголь өнімінің өндіру сатысындағы шикізаттың көлемі, дал

Есепті кезеңнің басындағы қалдық

Келіп түскен шикізаттың жалпы көлемі

Купажға пайдаланылған шикізат

1 дал алкоголь өніміне шығыс нормасы

Өндірістік шығындар

Шығарылған алкоголь өнімінің түрі

Өндірілген алкоголь өніміндегі сусыз спирттің пайыздық құрамы

Шығарылған өнімнің көлемі

Басқа шығындар

Есепті кезең соңындағы қалдық

Есепті кезең басындағы қалдық

Есепті кезең соңындағы қалдық

бұзылған, жоғалған, тәркіленген

ТЖ кезінде бұзылған, жоғалған

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Этил спирті мен алкоголь 
өнімін өндіру және айналымы
 жөніндегі декларацияларды
 табыс ету қағидаларына  
 4-қосымша        

Нысан

СОК _______________________________________________
ЖСН/БСН ___________________________________________
Субъектінің атауы _________________________________
Есепті кезең ______________________________________
Есептіліктің түрі _________________________________

 Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларация

Р/с

Қойма үй-жайының орналасқан жерінің мекенжайы

Алкоголь өнімінің түрі

СЭҚ ТН коды (алкоголь өнімін импорты немесе экспорты кезінде)

Есепті кезеңнің басындағы қалдық, дал

Алкоголь өнімінің кірісі оның ішінде:

Барлығы

Алынды (оның ішінде импорт, алдында сатылған немесе тиеліп жөнелтілген өнімнің қайтарылуы)

Қазақстан Республикасы жеткізушілерінен алынған

алдында сатылған немесе тиеліп жөнелтілгеннің қайтарылуы

үшінші елдерден алынған

Кеден одағына мүше мемлекеттерден алынған

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы:

 

 

 

 

 

 

 

кестенің жалғасы

Алкоголь өнімінің шығысы, дал, оның ішінде:

Есепті кезеңнің аяғындағы қалдық, дал

Барлығы

Ішкі нарыққа сатылу

өз құрылымдық бөлімшелеріне немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтілген

Экспортқа сатылған

Өзге де шығындар, дал

бүлінуі, жоғалуы, тәркілеу

бүлінуі, жоғалуы ТЖ

12

13

14

15

16

17

18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК