Жарияланған күні: 31.07.2015 10:19
Өзгертілген күні: 31.07.2015 10:22

 

Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 ақпанда № 10314 тіркелді

      «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің  
2015 жылғы 19 қаңтардағы
 № 35 бұйрығымен   
 бекітілген      

   Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе
жүкқұжаттарды рәсімдеу мен пайдалану қағидалары

   1. Жалпы қағидалары

      1. Осы Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Қағидалар жеке және заңды тұлғалардың этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (жіберу), қайтару, тасымалдау бойынша операцияларын жүргізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – ІЖҚ) рәсімдеу және пайдалану тәртібін белгілейді.
      Қағидаларда этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (жіберу), қайтару, тасымалдау бойынша операцияларын жүргізетін тұлға жеткізуші болып танылады (бұдан әрі – жеткізуші).
      Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (жіберу), қайтару, тасымалдау бойынша жеткізуші операцияларды жүргізгенде алушы этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін растау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлға алушы болып танылады (бұдан әрі – алушы).
      3. Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (жіберу), қайтару, тасымалдау бойынша операцияларын жүргізу кезінде (Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту орнынан жеткізу орнына дейін импортталатын алкоголь өнімін тасымалдаудан басқа), жеткізуші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда ІЖҚ ресiмдейдi.
      4. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымын реттеуді этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналым саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган іске асырады (бұдан әрі – уәкілетті орган).

   2. Ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу мен пайдалану

      5. ІЖҚ этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін жеткізуші Интернет-ресурс («Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы) (бұдан әрі – бағдарлама) арқылы мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде электрондық түрде ресімделеді.
      Бағдарлама уәкілетті органның Интернет-ресурсында (web-порталында) орналастырылады және салық төлеушілердің пайдалануы үшін қол жетімді болып табылады.
      6. ІЖҚ-нда келесі мәліметтер көрсетіледі:
      1) нөмір (бағдарламаммен автоматты түрде береді);
      2) ресімдеу күні және уақыты (бағдарлама автоматты түрде қояды);
      3) операция коды (бағдарламаның анықтамасынан таңдап алынады);
      4) жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) (жеткізуші енгізеді);
      5) жеткізушінің атауы (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде қояды);
      6) лицензия нөмірі және жеткізушінің лицензияда көрсетілген мекенжайы (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде қалыптасқан тізімнен таңдап алынады);
      7) жеткізушінің түрі (бағдарламаның көрсеткен тізімінен таңдап алынады);
      8) алушының ЖСН немесе БСН жеткізуші енгізеді;
      9) алушының атауы (осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде береді);
      10) лицензия нөмірі және лицензияда көрсетілген алушының мекенжайы (осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде Бағдарлама автоматты түрде береді, этил спиртін медициналық мақсаттарға және техникалық мұқтаждықтарға алмағанда, экспорт кезінде жеткізуші енгізеді);
      11) көлік құралының түрі (бағдарламаның көрсеткен тізімінен таңдап алынады);
      12) көлік құралы туралы ақпарат (автомобиль көлігімен тасымалдағанда көлік құралының маркасы, мемлекеттік нөмірі) жеткізуші енгізеді. Басқа көлік құралдары үшін бұл тармақ толтырылуға міндетті емес.
      13) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің көлемі (литрде көрсетіледі), осымен бірге тиісті ұяшығында сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) спирттің көлемі көрсетіледі:
      алкоголь өнімінің өндірісі үшін;
      медициналық мақсатта;
      техникалық мақсатта;
      14) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің жалпы құны. Қазақстан Республикасының салық заңдылығымен белгіленген, қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) және (немесе) акциз төлеушілері үшін, құны ҚҚС және (немесе) акцизбен көрсетіледі. Бұл тармақша этил спиртін бір заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) және оның құрылымдық бөлімшелері ішінде орын ауыстыру кезінде толтырылмайды;
      15) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының көлемі (литрде көрсетіледі), осымен бірге тиісті ұяшығында сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының көлемі көрсетіледі:
      алкоголь өнімінің өндірісіне;
      коньяк спиртінің өндірісіне;
      16) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының жалпы құны. Қазақстан Республикасының салық заңдылығымен белгіленген, ҚҚС және (немесе) акциз төлеушілері үшін, құны ҚҚС және (немесе) акцизбен көрсетіледі. Бұл тармақша шарап материалын бір заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) және оның құрылымдық бөлімшелері ішінде орын ауыстыру кезінде толтырылмайды;
      17) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің (сыраны қоспағанда) жалпы көлемі (осы тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген алкоголь өнімдерінің көлемін қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде литрмен көрсетеді).
      18) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімдерінің (сыраны қоспағанда) жалпы құны (осы тармақтың 26) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді қосу жолымен Бағдарлама автоматты түрде көрсетіледі);
      19) жолдың реттік нөмірі;
      20) алкоголь өнімінің жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК) (Бағдарламаның ЖСК анықтамалығынан таңдап алынады);
      21) өнім түрі (ЖСК енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде береді);
      22) өнім атауы (ЖСК енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде енгізіледі);
      23) ыдыстың сыйымдылығы (ЖСК енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде береді);
      24) шөлмектің саны жеткізуші енгізеді;
      25) бір шөлмектің бағасы (теңгемен көрсетіледі) жеткізуші енгізеді. Қазақстан Республикасының салық заңдылығымен белгіленген, ҚҚС және (немесе) акциз төлеушілері үшін, бағасы ҚҚС және (немесе) акцизбен көрсетіледі. Бұл тармақша алкоголь өнімдері (сыраны қоспағанда) бір заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) және оның құрылымдық бөлімшелері ішінде орын ауыстыру кезінде толтырылмайды;
      26) құны (теңгемен көрсетіледі, осы тармақтың 24) және 25) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді көбейту жолымен Бағдарлама автоматты түрде көрсетіледі);
      27) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімдерінің көлемі (осы тармақтың 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерін көбейту жолымен Бағдарлама автоматты түрде литрде беріледі;
      28) жеткізуші беретін ІЖҚ нөмірі (қажет болған кезде алкоголь өнімдері немесе оның бөлігі қайтарылған жағдайда толтырылады);
      29) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның жалпы көлемі (осы тармақтың 37) тармақшасында көрсетілген сыра көлемін қосу жолымен Бағдарлама автоматты түрде литрмен көрсетеді).
      30) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның жалпы құны (теңгемен көрсетіледі, осы тармақтың 36) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде көрсетеді).
      31) жолдың реттік нөмірі;
      32) сыраның атауы жеткізуші енгізеді;
      33) сыраға арналған ыдыстың сыйымдылығы (литрмен көрсетеді) жеткізуші енгізеді;
      34) ыдыстың, шөлмектің, құтының, кег-бөшкенің саны жеткізуші енгізеді;
      35) бір ыдыстың, құтының, шөлмектің, кег-бөшкенің бағасы (теңгемен көрсетіледі) жеткізуші енгізеді. Қазақстан Республикасының салық заңдылығымен белгіленген, ҚҚС және (немесе) акциз төлеушілері үшін, бағасы ҚҚС және/немесе акцизбен көрсетіледі. Бұл тармақша сыраны бір заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) және оның құрылымдық бөлімшелері ішінде орын ауыстыру кезінде толтырылмайды;
      36) құны (теңгемен көрсетіледі, осы тармақтың 34) және 35) тармақшаларындағы көрсетілген мәліметтерді көбейту жолымен Бағдарлама автоматты түрде көрсетіледі);
      37) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның көлемі (осы тармақтың 33) және 34) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерін көбейту жолымен Бағдарлама автоматты түрде литрде беріледі);
      38) жеткізуші беретін ІЖҚ нөмірі (қажет болған кезде, сыраның немесе оның бөлігін қайтарылғанда толтырылады);
      39) жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының тегін, атын, әкесінің атын жеткізуші толтырады;
      40) алушының тегі, аты, әкесінің аты.
      7. ІЖҚ, уәкілетті органнының бағдарламасында жөнелтуден кейін, қағаз жүзінде екі данада басып шығарылады, жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының қолы қойылады, сондай-ақ жеткізушінің мөрімен расталады (жеке кәсіпкерлер үшін мөр бар болған кезде).
      8. Жеткізу орнына дейін тасымалдау кезінде этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін алып жүру үшін ІЖҚ қағаз жүзіндегі екі данасы тасымалдаушыға (алушының өкілдігі) беріледі. ІЖҚ бір данасы алышуға тапсырылып, екінші данасында алушы этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін алған күнін көрсетіп қол қойып, ІЖҚ тасымалдаушыға (алушының өкілдігі) қайтарады.
      9. ІЖҚ екінші данасы этил спирті және алкоголь өнімін жеткізушіде сақталады.
      10. ІЖҚ Бағдарламада ІЖҚ алуды дәлелдеу жолымен электрондық түрде алушылар тапсырады.
      Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін алушылар (медициналық және техникалық мақсаттарға этил спиртін алушылардан және этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін экспорттаған кезден басқа) тауарды алғаннан кейін жеткізуші ІЖҚ ресімдеу мерзімінен бастап жиырма бес күнтізбелік күн ішінде ІЖҚ алуды электрондық түрде растайды немесе растамайды.
      11. ІЖҚ-н алуды растаудың немесе растамаудың мерзімінің бұзылуы кезінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес бағдарламада автоматты түрде хабарламама құрастырылады.
      Бағдарламадағы хабарламамен танысқаннан кейін алушылар ІЖҚ-н алуды растайды немесе растамайды.
      12. Осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген толық емес (және) дәйексіз мәліметтермен ІЖҚ ресімдеу, осындау ІЖҚ ресімдеу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жойылуы тиіс.
      13. ІЖҚ жою жағдайында қажет болғанда жаңадан ІЖҚ шығарылады.
      14. ІЖҚ есебі ІЖҚ бағдарламасын тіркеу журналында осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
      15. Қағаз жүзіндегі ІЖҚ жеткізушіде және алушыда бес жыл ішінде сақталынады.

Этил спиртіне және (немесе) алкоголь
 өніміне ілеспе жүкқұжаттарды  
рәсімдеу мен пайдалану қағидаларына
 1-қосымша             

Нысан

   Ілеспе жүк құжаты

 

(1) Ілеспе жүкқұжаты №

(2) Рәсімделген күні және уақыты:        (3) Операцияның коды ______
20__ ж. «__» _______
____ сағ. ____ мин.

(4) Жеткізушінің ЖСН (БСН) ________
(5) Жеткізушінің атауы
_______________________
(6) Лицензия нөмірі және лицензияда көрсетілген жеткізушінің мекенжайы
_______________________
(7)Жеткізуші түрі
_______________________

(8) Алушының ЖСН (БСН) ___________
(9) Алушының атауы _____________________________

(10) Лицензия нөмірі және лицензияда көрсетілген алушының мекенжайы __________________________________

(11) Көлік түрі: Авто ТЖ Әуе Теңіз немесе ішкі сумен Басқа
_____________________________________________________________________
(12) Көлік құралы туралы мәліметтер

(13) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің көлемі: ___________  (литр), оның ішінде:
Алкоголь өнімдерін өндіруге: __________ (литр)
Медициналық мақсатта: __________ (литр)
Техникалық мақсатта: __________ (литр)
(14) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің жалпы құны: ___________ (теңге)

(15) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының көлемі: __________ (литр), оның ішінде:
Алкоголь өнімдерді өндіру үшін: __________ (литр)
Коньяк спиртін өндіру үшін: __________ (литр)
(16) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының жалпы құны: ___________ (теңге)

(17) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің (сыраны қоспағанда) жалпы көлемі __________ (литр)
(18) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің (сыраны қоспағанда) жалпы құны __________ (теңге)

 

ЖСН-код

Өнімнің түрі

Өнімнің атауы

Ыдыстың сыйымдылығы (литр)

Шөлмектердің саны

Бағасы

Құны

Литр

Жеткізуші беретін ІЖҚ нөмірі (қажет болған кезде, алкоголь өнімдер немесе оның бөлігі қайтарылған жағдайда)

(19)

(20)

(21)

(22)

(23)

(24)

(25)

(26)

(27)

(28)

 

Барлығы: ___ жол

(29) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь сыраның жалпы көлемі __________ (литр)
(30) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның жалпы құны __________ (теңге)

 

Сыраның атауы

Ыдыстың сыйымдылығы (литр)

Ыдыстардың, шөлмектердің, құтылардың, кега-бөшкелердің саны

Бағасы

Құны

Литр

Жеткізуші толтырған ІЖҚ нөмірі (сыра қайта қайтарылған жағдайда)

(31)

(32)

(33)

(34)

(35)

(36)

(37)

(38)

 

Барлығы: ___ жол

(39) жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға
басшысының тегі, аты, әкесінің аты: _______________ _________________
                                                        (қолы)

МО:

(40) Алушының тегі, аты, әкесінің аты: ______________ _______________
                                                        (қолы)

Алу күні (к.а.ж.)____________________

  Этил спиртіне және (немесе) алкоголь
өніміне ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу
мен пайдалану қағидаларына 2-қосымша

Нысан

   Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжат алғанын растамау туралы хабарлама

20__ ж. «___» _________

__________________________________________________________________
               (мемлекеттік кіріс органының атауы)

 

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы «___» ________ № ____ бұйрығымен бекітілген, Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларының 11-тармағына сәйкес, Сізді
____________________________________________________________________
             (салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы)
ЖСН (БСН) __________________________________________________________
____________________________________________________________________
                   (нөмірі және табыс етудің кезеңі)
этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттардың алынғанының расталмағаны туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты Сіз тіркеу жеріңіздегі салық органына 5 жұмыс күні ішінде түсініктеме беру үшін келуіңіз қажет.

  Этил спиртіне және (немесе) алкоголь
өніміне ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу
мен пайдалану қағидаларына 3-қосымша

Нысан

   ІЖҚ тіркеу журналы

 

 

ІЖҚ-ның күні
__ ж. __ ___ бастап __ ж. __ _______
дейін
________________________________
Жеткізушінің ЖСН-і (БСН)
________________________________
ІЖҚ-ның нөмірі:

ІЖҚ-ты растау/растамау
__ ж. __ ___ бастап __ ж. __ ________ дейін

___________________________________
Алушының ЖСН-і (БСН)
ІЖҚ мәртебесі:
Алғашқы түрі Жойылды
Жіберілді Расталды
Алынды Расталмады

 

 

ІЖҚ-ның күні

ІЖҚ-ның нөмірі

Жеткізушінің ЖСН-і (БСН)

Алушының ЖСН-і (БСН)

Алушының мекенжайы

ІЖҚ-ы растау/қайтару күні

Өткен күндердің саны

Мәртебесі

Іс-қимылдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрсетілетін жолдардың саны: ____ барлығы ____

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК